Бекітемін: Мектеп директоры Б. Х. Жангельдин жыл Саға жббом 2022-2023 оқу жылы бойынша «Ұмай» аналар мектебінің жылдық жұмыс жоспары



бет16/18
Дата09.03.2023
өлшемі55.62 Kb.
#470560
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
аналар мектебі 22-23

бейнеролик көрсету. №2
-әйел құқығына тоқталатын болсақ,
Еліміз тәуелсіздігін алғаннан бері әйелдердің заңды мүдделері мен құқықтарын қорғауда және отбасындағы тұрмыстық қылмыстардың алдын алу саласында белгілі бір нәтижеге қол жеткізді деп айта аламыз. Бұл Конституциямыздың және «Тұрмыстық зорлықтың алдын алу» туралы заңының іске асырыла бастауына да байланысты десек, артық айтқандық емес. Тек бұл ғана емес, сонымен қатар, еліміз 1997 жылдан бастап әйелдердің ар-намысын қорғаушы әрі құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беретін, конституциялық қағидаларды біртұтас жүзеге асыруды көздейтін, яғни әйелдердің жағдайларын жақсарту туралы мемлекеттік саяси тұжырымдаманы іске асыруда, 1998 жылы 29 мау­сымда егеменді еліміз Біріккен Ұлттар Ұйымының «Әйелдерге қатысты кемсітудің барлық нысандарын жою туралы» конвенциясына қосылды. Сөйтіп, Қазақстандағы әйелдерді кемсітудің барлық түрінен қорғауға міндеттеме алды. Біздің еліміз әйелдерді қорғау туралы аталған конвенцияға қосыла отырып, өзіне үлкен жауапкершілік жүктегені белгілі. Бұған қоса 1998 жылы 22 желтоқсанда Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия құрылды. Ұлттық комиссия қызметінің негізгі бағыттарында: әйелдердің саяси, экономикалық және мәдени тұрғыдан алға басуы, әйелдердің және олардың отбасының денсаулығын жақсарту, сондай-ақ, әйелдерге қатысты кемітушіліктің барлық түрін жою атап көрсетілді. Осыған сәйкес, Президентіміздің тікелей нұсқауымен 1999 жылы 19 ақпанда Ішкі істер министрлігінде әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі бөлім құрылды. Олардың қызметі – әйелдердің конституциялық құқықтары мен бостандықтарын, заңды мүдделерін құқыққа қайшы әрекеттерден қорғауды қамтамасыз ету, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты ескерту және жолдарын кесу болып табылды. –Ата Заңымыздан бастап, еліміздің барлық заңдарында, ең алдымен, адамның құқығы басты назарда тұрады. Осыған орай кез келген адам зорлықты, азапты, ар-намысына кір келтіретін ешқандай жазаны шекпеуі қажет дейміз. Конституциямызда адам құқын және оның абыройын қорғау қағидасы бар. Соған орай 17- бапта былай жазылған: «Ешкім зорлықты, азапты, адамның абыройына кір келтіретін басқа да қатаң қарым-қатынасты немесе жазаны шекпеуі тиіс». Әрине, тек біздің елімізде ғана емес, көптеген мемлекеттерде тұрмыстық зорлық-зомбылықты болдырмауда бірқатар заңдар бар. 2009 жылы желтоқсанда тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу амалдардан әрі қарай жетілдіру мақсатында дайындалған «Тұрмыстық зорлықтың алдын алу туралы» заңы да күшіне енді. Қазіргі кезде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың барлық түрлерінен зардап шеккен әйелдердің мәселесіне аса көңіл бөлінуде Мәселен, Алматы қаласында заң қабылданғаннан кейін 30-дан астам қылмыстар, яғни тұрмыстық қылмыс екі есе төмендеді. Бұған қоса, айтылатын тағы бір жайт, отбасындағы зорлық-зомбылық барлық әлеуметтік топтар мен ұлысқа, әртүрлі жас деңгейіне, қала мен ауылға бірдей дәрежеде қатысты. Ол әйел мен ер адамның отбасын құрғаннан кейін уақыт өте пайда болады. Отбасындағы жанжалдар ұрыс-керістен, қызғаныштан туған теріс қарым-қатынастан, психикалық аурудың асқынуынан, сонымен қатар ішімдікке құмарлықтан пайда болады. Президент Н. Назарбаев өзінің Жолдауында әлеуметтік саясаттың негізгі құрамдық бөлігі ана мен баланы қорғау дей келе: «Мені қобалжытатын жағдай жанұядағы ана мен балаға қатысты тұрмыстағы зорлықтың артуы. Және айтатыным, мұндай зорлықты бірден тоқтату керек», деді.
Нұрлан Өнербаевтың «Мен қазақ қыздарына қайран қалам» әнін тыңдайық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет