Белгілер мен қысқартулар Анықтамалар


Қарағанды облысы ландшафттарын пайдаланудың аумақтық құрылымын талдау



бет10/21
Дата14.03.2024
өлшемі0.69 Mb.
#495611
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21
Караганда Ландшафт

Қарағанды облысы ландшафттарын пайдаланудың аумақтық құрылымын талдау



3.1 Ландшафттарды табиғатты пайдаланудағы қазіргі құрылымын талдау


3.1.1 Фондық табиғатты пайдалану

Орталық Қазақстанда климаттық зоналылыққа байланысты белгілі табиғи зоналар жүйесі қалыптасқан (Чупахин [23], 1968, Гвоздецкий, Николаев, 1971, Калменова [18], 2000). Ландшафттық зоналардың қалыптасуына сонымен қатар бір уақытта тікелей территорияның геологиялық-геоморфологиялық, топырақ-өсімдік жағдайлары әсер етеді. Өлке территориясы барлығы үш зонаны қамтиды:



  1. Дала ландшафттық зонасы;

  2. Шөлейт ландшафт зонасы;

  3. Шөл ландшафт зонасы.

Аласа таулы өлкесінде кейбір биіктіктік немесе вертикальды ландшафт зонасы кездеседі [18].
Қарағанды облысының орташа масштабты ландшафтық картасы мыналарды қамтиды: класс (таулы және жазықтық); типтер (дала, шөлейт, шөл); тегі (денудациялық және аккумулятивтік). Зоналық және биіктік белдеулік ландшафттарын ескере отырып, Қарағанды облысының ландшафттық картасын жасауда Г.В. Гельдыева, Л.К. Веселова [24] бойынша құрастырылған Қазақстанның ландшафттық картасын генерализациялау арқылы 49 ландшафт (1-сурет) анықталды. Шартты белгілері 2-кестеде белгіленген.


Ескерту – Автор құрастырған
Сур. 1 – Антропогендік жүктеменің қарқындылығы бойынша Қарағанды облысының ландшафтарын зоналау
Кесте 2


Антропогендік жүктеменің қарқындылығы бойынша Қарағанды облысының ландшафтарын зоналау шартты белгіліері





Жазықтық ландшафттар

Дала зонасы
Солтүстік дала
Тектоникалық-денудациялық

  1. – Күңгірт қызыл-қоңыр, сортаң топырақта бетеге-селеу, арасында бұта, шалғын өскен тізбекті төбе

  2. - Күңгірт қызыл-қоңыр, сортаң топырақта өскен бұталы-галофитті шалғын, қамыс, арасында қараған, жусан, тырсты-сұлылы тізбекті төбе Денудациялық

  3. – Күңгірт қызыл-қоңыр, сортаң топырақта петрофитті-шөптесін, арасында шалғын-қамыс, сұлы, қызыл селеу, қайың өскен қойтасты төбе Аккумуляциялық

  4. – Күңгірт қызыл-қоңыр топырақта бетеге-селеу, арасында қылқан өскен делювиальді-пролювиальді жазық

Оңтүстік дала
Тектоникалық-денудациялық

  1. - Күңгірт қызыл-қоңыр, сортаң топырақта бетеге-селеу, арасында егістікті өскен тізбекті төбе

  2. – Аз дамыған күңгірт қызыл-қоңыр топырақта петрофитті-шөпті, қылқан, бетеге, арасында селеу, сұлы өскен жонды төбе

  3. – Аз дамыған кәдімгі қызыл-қоңыр топырақта қараған, суық жусан, қылқан өскен күмбез тәріздес төбе

Денудациялық

  1. – Аз дамыған кәдімгі қызыл-қоңыр топырақта петрофитті-шөптесін, қылқан-бетеге өскен жонды төбе

  2. Кәдімгі қызыл-қоңыр, сортаң топырақта петрофитті-шөптесін, қызыл селеу, сұлы өскен күмбез тәріздес төбе

  3. – Күңгірт қызыл-қоңыр топырақта шөпті-қызыл селеу, тырс өскен қатпарлы негіздегі цокольді жазық

  4. – Қызыл-қоңыр топырақта кальцефитті-шөптесін, жіңішке жусан- қылқан-қараған өскен қатпарлы негіздегі 20-50 м толқынды жазық Аккумулятивтік

  5. – Қызыл-қоңыр топырақта ксерофитті-шөптесін, бетеге, селеу өскен көлдік-аллювиальді жазық

  6. – Аз гумусты кәдімгі қызыл-қоңыр топырақта шымды-дән, кешенді қара жусан өскен аллювиальді жазық

  7. Қызыл-қоңыр топырақта қараған, суық жусан, қылқан өскен аллювиальді-пролювиальді жазық

  8. – Аз дамыған, ұсақ ашық қызыл-қоңыр топырақта жусан-шымды-дәнді, арасында көкпек, қара жусан өскен делювиальді-пролювиальді жазық

Кесте 2 жалғасы




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет