Белоктардыњ ќ±рылысы жєне ќызметі



бет10/19
Дата12.10.2023
өлшемі3.96 Mb.
#480570
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19
L1БелокKZ

Глобулалық протеиндерде (лат. Globula – шар) – олардың молекуласы шар немесе эллипс формасында болады. Оның құрамында құрылымдық конформацияның барлық типі: - α-спираль, β-қатпарлы құрылым, ретсіз шумақтар кездеседі. Бұл бүйір тізбектеріндегі АҚ радикалдары арасындағы әсерлесу жүреді. Сондықтан, оралған полипептидтік тізбектің қосымша ықшамдалуы компактілі құрылымды қалыптастырады.



Үшінші реттік құрылымды тұрақтандыруға қатысатын байланыстар:
1. Қарама-қарсы зарядталған ионогендік топтары бар радикалдар арасындағы тартылыс күштерінен туындайтын байланыстар (иондық байланыс);
2. Полярлы (гидрофильдік) радикалдар топтары арасындағы сутектік байланыстар (R-топтары арасындағы әсерлесу);
3. Полярсыз (гидрофобты) радикалдар топтары арасындағы гидрофобтық байланыс (R- топтары арасындағы әсерлесу), көптеген протеиндерде гидрофобтық ядроны қалыптастырады;
4. Екі цистеин молекуласы арасындағы пайда болатын дисульфидтік ковалентті байланыс. Дисульфидтік байланыс үшінші реттік құрылым тұрақтылығын жоғарылатады, бірақ молекуланың дұрыс ықшамдалуы үшін міндетті түрде қажет емес. Кейбір протеиндерде ол мүлде болмауы мүмкін.



Сурет 6. Үшінші реттік құрылымдағы байланыстар


Фибриллалық протеиндердің мысалы.
Басым түрде α-спиральдік конформациядан тұратын құрылымдық протеин – α-кератин. Жануарлардың жүндері, шаш, қауырсындар, инелер, тырнақтар, тұяқтар негізінен кератиннен құралады. Кератин (цитокератин) цитоқағқаның негізгі құрам бөлігі болып табылады. Кератиндегі пептидтік тізбектің басым бөлігі оң бағытты α-спираьге оралған. Екі пептидтік тізбек солға оратылған бірегей суперспиральді (димерді) құрастырады. Кератиннің димері тетрамерге жинақталады, олар диаметрі 3 нм протофибриллаға агрегатталады. Соңында 8 протофибрилла диаметрі 10 нм микрофибрилланы түзеді.
Шаштар да осындай фибриллалардан құрастырылған. Мысалы, жүннің жекеленген талшықтарында диаметрі 20 мкм миллиондаған фибрилла өрілген болады. Кератиннің жекеленген тізбектері көптеген көлденең дисульфидтік байланыстармен бекітіледі, бұл оның құрылысына қосымша мықтылықты береді.

Шаш кератині-құрылымы
құрылымы

Жеке шаш - құрылымы

Сурет 7. Шаш құрамындағы кератин протеині


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет