Глобулалық протеиндердің төртінші реттік құрылымы
Көптеген протеиндердің құрамында бірнеше полипептидтік тізбектер болады. Бұл протеиндерді олигомерлік протеиндер, ал олардың жеке тізбектерін протомерлер деп атайды. Олигомерлік протеиндердегі протомерлер бір-бірімен көптеген әлсіз, ковалентсіз байланыстармен (гидрофобтық, иондық, сутектік) байланысады. Протомердің өзара әсерлесуі олардың жанасушы беттерінің комплементарлылығы бойынша атқарылады. Протеиндегі протомердің саны әртүрлі: аспартаттранскарбомилаза ферментінің құрамында 12 протомер, темекі мозайкасының вирусында ковалентті байланысқан 2120 протомер болады.
Гемоглобин – эритроциттердің құрамында болатын күрделі олигомерлік протеин. Гемоглобиннің құрамында ковалентсіз байланысқан 4 протомер болады. Гемоглобин протеиніндегі әрбір протомер протеинсіз бөлік гем және 3 басқа протомермен байланысады. Сондықтан төртінші реттік құрылымдағы протеиндер өте үлкен молекулалық массада болады.
Протеиндегі құрылымдық ұйымдасулар
Төртінші реттік құрылым.
Протеиндердегі протомерлердің саны мен байланыстарының реті төртінші реттік құрылым деп аталады. Олигомерлік протеиндердің құрамында протомерлердің саны әртүрлі болады (мысалы, димерлер, тетрамерлер, гексамерлер). Олигомерлік протеиндердің құрамына бірдей және әртүрлі протомерлер кіреді, мысалы, гомодимерлер – 2 бірдей протомерлерден тұратын протеиндер, гетеродимерлер – 2 әртүрлі протомерлерден тұратын протеиндер. Құрылымы бойынша, әртүрлі протомерлер әртүрлі лигандалармен байланыса алады. Бір протомердің спецификалық лигандамен әсерлесуі протеиннің бүкіл олигомерінің конформациясының өзгерісін өткізеді және басқа да протомерлердің лигандаға туыстығын өзгертеді. Бұл құбылыс протомерлердің конформациясының кооперативті өзгерісі деп аталады. Олигомерлік протеиндерда бір тізбекті протеиндермен салыстырғанда, жаңа қасиеті олардың қызметін аллостерлік реттеуге қабілеттілігі пайда болады.
Протеиндердің үш өлшемді құрылымының қалыптасуы, олигомерлік протеиндердің құрастырылуы протеиндік жиын шаперондардың қатысуымен атқарылады. Шаперондар мұнан басқа келесі іргелі процестерге қатысады:
Денатурланған протеиндердің жартылай ренативтенуі;
Денатурланған протеиндерді танып білуге және оларды лизосомаға тасымалдауға;
Протеин синтезіне;
Мембрана арқылы протеиндер тасымалдануына;
Протеиндік комплекстердің қызметіне;
Достарыңызбен бөлісу: |