Белоктардыњ ќ±рылысы жєне ќызметі


Коллаген Сүтқоректілер ағзасында – коллаген



бет11/19
Дата12.10.2023
өлшемі3.96 Mb.
#480570
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19
L1БелокKZ

Коллаген
Сүтқоректілер ағзасында – коллаген –сандық мөлшері бойынша басым протеин. Ол жалпы протеиндердің 25%-н құрайды. Коллаген әртүрлі формада, негізінен, дәнекер ұлпасында болады. Бұл протеиннің аминоқышқылдық құрамы ерекшеленеді: 1/3 глицин,10% пролин,сонымен бірге, гидроксипролин, гидроксилизиннен тұрады. Соңғы екі аминоқышқылдар коллагеннің синтезінен кейін посттрансляциялық түрлену жолында түзіледі. Коллагеннің құрылымында тұрақты түрде триплет Gli-X-Y қайталанады, X жағдайында жиі түрде пролин, ал Y жиі түрде гидроксилизин болады. Коллаген барлық кезде оң бағытты үштік спираль түрінде кездеседі. Ол бірінші ретті солға оралған спиральден өріледі. Үштік спиральде әрбір үшінші қалдық тек глициннен тұратын ортада орналасқан болады. Коллагеннің барлық молекуласы 300 нм жуық ұзындықта болады.

Тропоколлаген молекуласы басы

Көлденең қабаттар

Тропоколлаген молекуласының аймағы

Сурет 8. Коллаген молекуласының құрылысы
Жібек фиброині
Жібекті Тұт ағашының жібекиіруші (Воmbух mori) құрттың қуыршағынан (кокон) және оның туыстық түрлерінен алады. Жібектің негізгі протеині – фиброин – антипаралельді жазық беткейлі құрылымда болады. Жазық беткей жапырақтар бір бірімен паралельді орналасып көпқабатты пласт түзеді. қыртытсты құрылымда АҚ қалдықтарының бүйірлік тізбектері вертикальді түрде жоғары немесе төмен бағытталған. Жеке қабаттардың аралығында тек компактілі топтамалар ғана орналаса алады. Фиброиннің құрамы 80% глицин, аланин, сериннен немесе бүйір тізбектері кіші өлшемді АҚ-лардан тұрады. Фиброин молекуласы қайталанатын типтік фрагменттен (Gly-Ala-GIy-AIa-GIy-Ser)n тұрады. Фиброиндегі қабаттар арасындағы өлшем 0,35 және 0,57 нм құрайды. Біріншісінде аралық қа глицин бағытталған (R=Н), ал екінші өлшем серин мен аланиннің бүйір тізбектерінің өзара итеріп аластатуынан пайда болады.


Глобулалық протеиндер
Ерімейтін протеин фибриллалықтармен салыстырғанда ерігіш протеиндер глобулалық (сфералық) формада кездеседі. Глобулалық протеиндерге жоғары реттелген кеңістіктік құрылым (конформация) тән, ол спецификалық биологиялық қызметтері атқарылуын қамтамассыз етеді. Глобулалық протеин инсулиннің құрылысының ерекшеліктері.
Қызметті активті инсулин молекуласы бір бірімен дисульфидтік байланыспен қосылған екі полипептидтік тізбектен (А- және В-тізбектен) тұрады. Инсулин молекуласында α-спиральдік аймақ 57%, ал β-құрылымға 6% келеді. 10% β-бүктеуді және қалған 27% ретсіз аймақты құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет