Белоктардыњ ќ±рылысы жєне ќызметі


Гистондар – құрамында аргинин және лизиннің жоғары мөлшері болатын кіші молекулалы протеиндер. Хроматиндердің құрамына кіреді. Проламиндер



бет18/19
Дата12.10.2023
өлшемі3.96 Mb.
#480570
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
L1БелокKZ

Гистондар – құрамында аргинин және лизиннің жоғары мөлшері болатын кіші молекулалы протеиндер. Хроматиндердің құрамына кіреді.
Проламиндер – бұл құрамында аргинин өте көп мөлшерде болатын протеиндер. ДНҚ-лар мен комплекс түзеді және реттеуші немесе репрессорлы протеиндер ретінде қызмет атқарады.
Склеропротеиндер (коллагендар) – фибриллалық протеиндер. Коллагеннің пептидтік тізбегінің құрамында 1000-ға жуық АҚ қалдықтар болады, олардың әрбір үшінші АҚ – глицин, 20%-ы пролин және гидросипролин, 10%-ы аланин, 40%-ы басқа АҚ. Негізгі қызметі – құрылымдық протеин.
Күрделі протеиндер:
1. Нуклеопротеидтер – простетикалық тобы – нуклеин қышқылдары. Нуклеопротеидтердің көптеген класының ішінде біршама жақсы зерттелгені РНҚ молекуласынан және рибосомалық протеиндердан тұратын рибосомалар мен ДНҚ-мен құрылым түзуші протеин – гистондардан тұратын эукориоттық торшалардың негізгі нуклеопротеидтері хромотин болып табылады;
2. Гемопротеид – бұл протеиндердің протеинсыз компоненті – гем, үш пирролдық сақинадан және онымен байланысқан екі валентті темір ионынан (азот атомы арқылы) құралған. Бұл протеиндерге гемоглобин, миоглобин, цитохромдар жатқызылады. Бұл кластағы протеиндерді хромопротеидтер деп те атайды, себебі, гем боялған қосылыс болғандықтан. Гемоглобиннің қызметі – оттекті қорға жинау. Цитохромдардың (ферменттер) қызметі – тотығып-тотықсыздану реакцияларының катализі және тыныс алу тізбегіндегі электрондарды тасымалдау;
3. Металлопротеидтер – простетикалық тобы металдардан тұрады. Мысалы, цитохром А құрамында мыс болады;
4. Липопротеидтер – құрамында липидтер болады (триацилглицерид, фосфолипид, холестерол);
5. Фосфопротеид – құрамында фосфор қышқылының қалдығы болады;
6. Гликопротеид – құрамында қанттар (бейтарап қанттар, аминоқанттар, моносахаридтердің қышқылдық туындылары);
Протеиндердің қызметтері.
1. Құрылымдық (пластикалық) қызмет – протеиндер арқылы жасушаның көптеген компоненттері түзіледі, ал липидтермен комплекс түрінде олар жасуша мембранасының құрамына кіреді. Құрылымдық проетиндер ұлпалар мен жасушалардың формасы мен тұрақтылығын ұамтамассыз етеді. Мысалы, коллаген молекуласы 1500000*300 нм өлшемі бойынша бір кітаптың 3 бетін алатын еді. Хроматинде ДНҚ ұйымын ықшамдауға қатысатын құрылымдық протеин гистондар болып табылады. Хроматинннің құрылымдық бірлігі нуклеосома гистондардың октамерлік комплексінен тұрады, оған ДНҚ молекулалары тығындалған.
2. Каталиттік қызмет – барлық биологиялық катализаторлардың қызметін атқарушылар – ферменттер - өздерінің химиялық табиғаты бойынша протеиндер болып табылады. Олардың ең аз молекулалық массасының өзі 10-15 КДа. Мысалы, алкогольдегидрогеназаның М.м – 100-200 КДа. Глутаминсинтетазаның М.м. – 500 КДа. Кейбір РНҚ-дың да каталиттік активтілігі анықталды. Оларды РНҚ-зималар немесе рибозималар деп атайды;
3. Тасымалдаушылық қызмет – гемоглобин протеині оттекті тасымалдайды, преальбумин – тироксин мен трийодтиронинді, басқа протеиндер липидтерді, билирубинді, май қышқылдарын тасымалдайды. Трансферрин темірді тасымалдайды. Иондық канал протеиндері және интегралдық протеиндер биомембраналар арқылы иондар мен метаболиттерді тасымалдайды.
4. Механохимиялық (немесе жиырылдырушылық) қызмет – бұлшықет жұмысы және басқа да ағзадағы қозғалушылық қызметі макроэнергиялық байланыстарды пайдаланатын жиырылдырушы протеиндердің тікелей қатысуымен өтеді (мысалы, актин, миозин);
5. Реттеушілік қызмет. Жасуша деңгейінде: протеин-репрессорлар және протеин-транскрипцияның активаторлары. Кейбір протеиндер рецепторлық қызметі бойынша реттеушілік қызметке қатысады. Ағзалық деңгейлерде: кейбір протеин – гормондар. Мысалы, инсулин – ұйқы безінің гормоны, самототропин - өсу гормоны;
6. Қорғаныстық қызмет – ағзаны жұқпалы аурулардан иммундық жүйе протеиндері – иммуноглобулиндер – қорғайды. Қорғаныстық қызметті атқарады: - интерферондар, иммуноглобулиндер, фибриндер;
7. Тіректік қызмет – сіңірлер, сүйектердің бетінің буындарының құрамына негізгі бөлігі протеиндердан құралған, мысалы, коллаген, эластин;
8. Энергетикалық қызмет – протеиндердің АҚ-дары ағзаны энергиямен қамтамасыз ететін гликолиз жолына түсе алады;
9. Рецепторлық қызмет – көптеген протеиндер таңдап білу процесіне (рецепсия) қатысады;
10. Энергияны трансформациялау қызметі. Көз торшасының родопсині және ретинені жарық энергиясын электрлік энергияға трансформациялайды;




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет