Бесінші аналитикалыќ топќа сілтімен т±нбаѓа т‰сетін Mg2+, Mn2+, Fe2+, FeJ+ катиондары ќ±райды



бет13/64
Дата01.02.2022
өлшемі2.18 Mb.
#455019
түріҚұрамы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   64
Аналитикалық химия методичка

4.2. 1 HC1, NaCl әсері


Реакцияның орындалуы

Күміс нитраты ерітіндісінің 2-3 тамшысына 2-3 тамшы тұз қышқылы ерітіндісін қосып, ақ тұнба түзілгенін байқау қажет. Түзілген тұнбаға 5-6 тамшы аммиак ерітіндісін қосып, шыны таяқшамен араластыру керек. Тұнба ериді. Ерітіндіге бірнеше тамшы HNО3 (қышқылдық орта) қосу қажет. Күміс хлориді тұнбасының түзілгенін байқауға болады.


4.2.2 NaOH, KOH әсері

Реакцияның орындалуы

Күміс нитраты ерітіндісінің 1-2 тамшысына 1-2 тамшы натрий гидроксиді ерітіндісін қосып, тұнба түзілгенін байқау.
4.2.3 NH4OH әcepi.

Реакцияның орыңдалуы

Күміс нитратының 1-2 тамшысына 1 тамшы сұйытылған аммиак ерітіндісін қосып, қара түсті тұнба түзілгенін байқау. Аммиак ерітіндісін артық мөлшерін қосып, тұнбаны ерітіп көру.
4.2.4 KJ, КВг әсері.

Реакцияның орындалуы

Кұміс нитраты ерітіндісінің 1 тамшысына 1 тамшы КВr немесе KJ ерітіндісін қосып, тұнба түзілгенін байқап көру.
4.2.5 Na2HP04 әсері.

Реакцияның орындалуы

AgNО3 ерітіндісінің 1 тамшысына 1 тамшы Na2HPО4 ерітіндісін қосып, тұнба түзілгенін байқау. Оның қасиеттерін NH4OH және HNО3 ерітінділерін қосып зерттеу. Нәтижесін дәптерге жазу.
4.2.6 К2СrО4 әсері.

Реакцияның орындалуы

Күміс нитраты ерітіндісінің 1 тамшысына сондай мөлшерде калий хроматы ерітіндісін қосып, тұнба түзілгенін байқау.
4.2.7 Мn2+ иоидарымен тотыксыздандыру

Реакциянын орындалуы

Сүзгіш қағазға 1 тамшы HC1 ерітіндісін тамызып, оған 1 тамшы AgNО3 қосып, сүзгіш қағазын капилляр көмегімен дистилденген сумен жуып, түзілген тұнбаға 1 тамшы Mn(NО3)2 және 1 тамшы NH4OH ерітінділерін қосу керек. Қағазда қара дақ пайда болғанын байқауға болады.

4.3 Рb2+ катионының реакциялары

4.3.1 HC1 әсері.

Реакцияның орындалуы

Қорғасын (II) тұзы ерітіндісінің 2-3 тамшысына 2-3 тамшы HC1 ерітіндісін қосып, тұнба түзілуін байқайды. Түзілген тұнбаны ыстық суда ерітіп көріп, ерітіндіні салқындатып, қайтадан тұнбаға түсіру.


4.3.2 H24 әсері.

Реакциянын орындалуы

Қорғасын (II) тұзы ерітіндісінің 2-3 тамшысына 3-4 тамшы күкірт қышқылының ерітіндісін қосып, түзілген тұнбаның қасиетін зерттеп, нәтижелерін дәптерге түсіру қажет.
4.3.3 NaOH, KOH әсері

Реакцияның орындалуы

Қорғасын (II) тұзы ерітіндісінің 3-4 тамшысына 1-2 тамшы натрий гидроксидінің немесе калий гидроксидінің ерітіндісін қосып, тұнба түзілгенін байқау. Түзілген тұнбаны екі пробирканы бөліп, бір пробиркаға азот қышқылын ерітіндісін, екіншісіне натрий гидроксидін ерітіндісін қосып, тұнбаның еруін байқап, дәптерге нәтижелерін жазу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   64




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет