8.2 Со2+ катионының реакциялары
8.2.1 NaOH, KOH, NH4OH әсері.
Реакцияның орындалуы
Сынауыққа 1 тамшы кобальт (ІІ) ерітіндісін құйып, осы ерітіндіге 2 тамшы 2н. Сілті қосып көкшіл тұнбының түзілгенін байкау. Пробирканы қыздырып, жасыл түсті тұнбаның түзілгенін көру. Осы тұнбаға аммиак ерітіндісін қосып, өзгерісті байқау.
8.2.2 (NH4)2S әсері.
Реакцияның орындалуы
Кобальт (ІІ) ерітіндісінің 1-2 тамшысына 1-2 тамшы (NH4)2S ерітіндісін қосып, түзілген тұнбаның қасиеттерін зерттеу.
8.2.3 Роданид-ионының әсері.
Реакцияның орындалуы
Сынауыққа 2-3 тамшыдан NH4СSN пен SnCl2 алып 8 тамшы ацетон немесе амил спиртін қосып сілкіп араластырады. Органикалық қабат көк түске боялады.
8.2.4 Нитрозо-R-тұзының әсері
Реакцияның орындалуы
Күлсіз фильтр қағазының тілігіне пипеткамен Со (ІІ) бейтарап немесе әлсіз қышқыл ерітіндісін тамызып, оған 1-нитроза-2-нафтолдың 1% ерітіндісінен (сірке қышқылында ерітілген 1:1) 1 тамшы қосып, қызыл таңбаның пайда болғанын байқайды.
8.2.5 Микрокристаллоскоптық реакция.
Реакцияның орындалуы
Сағат шынысына 1 тамшы Со2+ тұзын алып буландырады, оны суытып 1 тамшы Zn2+ және 1 тамшы реагент қосады. Біраз уақыттан кейін көк түсті кристалдар түзіледі.
Ерітіндіде Fe3+ бар комплекске айналдыру қажет. Осылай Fe3+ ерітіндіні бөлгеннен кейін Со2+ ионнының реагент қосады.
Достарыңызбен бөлісу: |