Бесінші аналитикалыќ топќа сілтімен т±нбаѓа т‰сетін Mg2+, Mn2+, Fe2+, FeJ+ катиондары ќ±райды


Магний (II) иондарының реакциялары



бет27/64
Дата01.02.2022
өлшемі2.18 Mb.
#455019
түріҚұрамы
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   64
Аналитикалық химия методичка

7.6 Магний (II) иондарының реакциялары
7.6.1NaOH, КОН әсері.

Реакцияның орындалуы

Магний тұзы ерітіндісінің 2-3 тамшысына осынша көлемде сілті ерітіндісін қосады. Магний (II) иондары сілтілермен әрекеттесіп тұнбаға түседі.Магний гидроксиді ақ түсті тұнба, қышқылдар мен аммоний тұздарында ериді. Аммоний тұздары қатысында Mg(OH)2 толық тұнбаға түспейді.
7.6.2 NH4 OH әсері.

Реакцияның орындалуы

Магний тұзы ерітіндісінің 2-3 тамшысына осынша тамшы аммиак ерітіндісін қосады. Аммиак ерітіндісінің әсерінен магний гидроксидінің ақ тұнбасы түзіледі. Реакция сандық жағынан аяғына дейін толық жүрмейді, себебі реакция нәтижесінде аммоний тұздары пайда болады.
7.6.3Na2CO3, K2CO3, (NH4)2CO3 әсері.

Реакцияның орындалуы

Зерттелетін ерітіндінің 2-3 тамшысына 2-3 тамшы Na2CO3 (K2CO3) ерітіндісін қосады.Суда еритін карбонаттардың әсерінен магнийдің негізідік карбонаты түзіледі. (MgOH)2CO3 қышқылдарда және аммоний тұздарында ериді, сондықтан (NH4)2CO3 әсерінен тұнба сандық жағынан толық түзілмейді.
7.6.4. Натрий гидрофосфатының Na2HPO4 әсері.

Реакцияның орындалуы

Магний тұзы ерітіндісінің 2-3 тамшысына осынша тамшы NH4OH қосып аралыстырады, түзілген тұнбаны NH4СІ ерітіндісінде ерітіп тамшылатып Na2HPO4 ерітіндісін қосады. Натрий гидрофосфаты NH4OH немесе NН4СІ қатысында магний ион дарымен ақ кристалдық тұнба түзеді. Магний аммоний фосфаты минералды және сірке қышқылдарында ериде.
7.7 Бақылау сұрақтары және типтік есептер
7.7.1 Fe+2 катионына қандай дербес реакцияларды білесіздер?

7.7.2 Fe+3 катионына қандай дербес реакцияларды білесіздер?

7.7.3 Bi+3 катионына қандай дербес реакцияларды білесіздер?

7.7.4 Mg+2 катионына қандай дербес реакцияларды білесіздер?

7.7.5 Аналитикалық талдау кезінде жиі қолданылатын тотықтырғыштар мен тотықсыздандырғыштарды атаңдар.

7.7.6 Тотығу-тотықсыздану реакциясы мен алмасу реакциясының қандай айырмашылығы бар? Реакциядағы тотықтырғыш пен тотықсыздандырғыш ролі қандай?

7.7.7 Тотығу-тотықсыздану поьенциалы деген не, ол нені сипаттайды?

7.7.8 Тотықтырғыштар ретінде қолданылатын қосылыстарды анықта:

Na2S2O3, HNO3, Na2S2O3, KJO3, PbO2, HJ, K2Cr2O7, H2O2, HNO3

7.7.9 Тотығу-тотықсыздану реакциясының электроқозғаушы күшін қалай есептеуге болады?

7.7.10 Концентрациясы 1 молярлы өз тұздарының ерітінділеріне батырылған мырыш пен күміс және мырыш-мыс пластинкаларынан тұратын гальвани элементтерінің қайсысының электр қозғаушы күші көп?

8 ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ

АЛТЫНШЫ АНАЛИТИКАЛЫҚ ТОП КАТИОНДАРЫ
8.1 Жалпы сипаттамасы
VI аналитикалық топ катиондарын Cu2+, Ni2+, Co2+ құрайды. Топтық реагентті аммиак ерітіндісі.

Сu- сыртқы қабатында s1 электроны бар, бірақ сілтілік металдардан да күміс пен алтыннан да өзгеше. Сu- ауыспалы тотығу дәреже көрсетеді, екі түрлі оксид түзеді СuО- қызыл-қоңыр түсті және СuО-қара түсті. Оларың гидроксидтері СuОH және Сu(ОH)2- cуда ерімейді; қышқылдармен әрекеттесіп тұз түзеді Сu(І) тұздары тұрақсыз, Сu(ІІ) тұздары ауысады. Ео(Сu 2+/ Сu) = +0,34 В, демек Сu тұз қышқылында ерімейді, азот қышқылында ериді: Сu+ комплекс түзу қабілеті жоғары. Сu+- координаталық саны 2, Сu2+ координаталық саны 4. Мыс (ІІ) органикалық қосылыстармен де комплексті қосылыстар түзеді.

Аммиактың эквивалентті мөлшерімен әсер еткенде ашық көк-(CuOH)2SO4 түзіледі.

Кобальт периодтық жүйенің үлкен периодының элементі, сыртқы электродтық қабатында 2 электроны бар, ал 3d деңгейшелері толық толтырылмаған, сол себепті Со ауыспалы тотығу дәреже көрсетеді: СоО-жасыл сұр, Со2О3-қоңыр, Со3О4-қара түсті оксидтер түзеді: СоО-қышқылдарда еріп тұздар түзеді; оған сәйкес келетін гидроксид Со(ОН)2-ашық қызыл түсті болады, ауада тотығып Со(ОН)3 айналады. Со2О3 қышқылдармен тұрақсыз қосылыстар түзеді. Гидроксид Со(ОН)3 қара-қоңыр түсті, қышқылда ериді, бірақ түзілген тұздар тұрақсыз болып келеді, олар Со2+ дейін тотықсызданады. Со2+ хлориттері, нитраттары, сульфат, ацетаттары суда жақсы ериді. Нашар еритін CoS, CoSO3, CoCO3, Co3(PO4)2 және оксалаттар. Ео(Co2+/Co) қышқыл ортада-0,29 В, Ео(Co3+/Co2+)=+1.87 В. Демек Со3+ тотықтырғыш, Со2+-тотықсыздандырғыш, Со2+ мен Со2+ - комплекс түзу қабілеті жоғары.

Аммиактың эквивалентті мөлшерімен әсер еткенде көк түсті-CoOHCl тұнба түзіледі:,

Аммиактың артық мөлшерінде тұнбалар еріп комплексті иондар түзеді: көк [Co(NH3)4]2+ , көк түсті [Co(NH3)6]2+, сары [Co(NH3)6]2+. Сары түсті [Co(NH3)6]Cl2 ауадағы оттек әрекетінен біртіндеп қою түсті [Co(NH3)5Cl]2+ комплекске айналады. Бұл реакциялар H2O2 қатысында өте жоғары жылдамдықпен жүреді: NaOH қатысында VI топ катиондары, гидроксид түрінде тұнбаға түседі: Co(II)-COOHCl негіздік тұз түрінде тұнба болады. Гидроксидтердің артық мөлшерінде бұл тұнбалар ерімейді.

Ni-NiO жасыл сұр түсті негіздік оксид түзеді, оның гидроксиді Ni(OH)2; NiO, Ni(OH)2 суда, сілтілерде ерімейді, бірақ қышқылдарда жақсы ериді.

Ni2O3- де алынбаған, бірақ оның гидроксидін Ni(OH)3 алуға болады, ол үшін Ni(OH)2 әрі қарай тотықтырады.

Никелдің хлорид, сульфат, нитрат, ацетат тұздары суда жақсы ериді.

Аммиактың эквивалентті мөлшерімен әсер еткенде жасыл Ni(OH)2- тұнбалар түзіледі. Ni3+ тұздары түзілмейді: Ео(Ni 2+/Ni) = -0,22 В, Ео(Ni 3+/Ni 2+) = +1,75 В. Ni2+ комплекс түзу қабілеті жоғары.


Алтыншы аналитикалық топ катиондарының анализденудің сызбанұсқасы


Зерттелінетін ерітінді:[Cu(NH3)4]2+,[Co(NH3)6]2+, +,[Ni(NH3)6]2+ + 2H H2SO4, t0C

Ерітінді:Cu2+, Co2+, Ni2+ + 2H H2SO4 + Na2S2O3

1-тұнба Cu2S, S

1-ерітінді Co2+, Ni2+

8 ЗЕРТХАНАЛЫҚ БӨЛІМ




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   64




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет