Билет №18 Аңырақай шайқасы


ҚР мемлекеттік рəміздері: Туы, Елтаңбасы, Əнұранының бекітілуі (1992 ж.)



Pdf көрінісі
бет28/49
Дата26.12.2023
өлшемі0.78 Mb.
#487979
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   49
Билет 18-35

3.ҚР мемлекеттік рəміздері: Туы, Елтаңбасы, Əнұранының бекітілуі (1992 ж.).
Тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев 1992 жылы 4 маусымда
"Қазақстан
Республикасының
Мемлекеттік
туы
туралы",
"Қазақстан
Республикасының Елтаңбасы туралы" жəне "Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік əнұранының музыкалық редакциясы туралы" Заңға қол қойылды.
Сол күні Президент резиденциясы мен Қазақстан Республикасы Жоғары
Кеңесінің алдына Мемлекеттік ту тігіліп, елтаңба ілінді. Ал 1992 жылдың 11-ші


желтоқсанында Мемлекеттік Əнұранның мəтіні бекітілді. Соңынан мемлекеттік
рəміздері туралы 1996 жылғы 24 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының
мемлекеттік рəміздері туралы" арнайы конституциялық заң күші бар Қазақстан
Республикасы Президентінің Жарлығымен айқындалды. Қазақстанымыздың
мемлекеттік Туы - Қазақстан Республикасының мемлекеттік негізгі рəміздердің
бірі болып саналады. Ал сол Туымыздың авторы - суретші Шəкен Ниязбеков.
Тудағы бірыңғай көк-көгілдір түсіміз төбедегі бұлтсыз ашық аспанның биік
күмбезін елестетеді жəне Қазақстан халқының бірлік, ынтымақ жолына деген
адалдығын аңғартады. Бұлтсыз көк аспан барлық халықтарда əрқашанда
бейбітшіліктің, тыныштық пен жақсылықтың нышаны болған деп есептелінеді.
Ал Қазақстанымыздың Елтаңбасын айтар болсам, ол рəміздік тұрғыдан
Қазақстан
Республикасының
мемлекеттік
гербінің
негізішаңырақ.
Ол-
елтаңбамыздың жүрегі. Шаңырақ мемлекеттің түп негізі - отбасының бейнесі.
Шаңырақ - киіз үйдің күмбезі, көшпелі түркілер үшін үйдің, ошақтың,
отбасының бейнесі. Ал тұлпар - ер-азаматтың сəйгүлігі, дала дүлділі, желдей
ескен жүйрік аты ретінде суреттеледі. Осы Елтаңбамыздың авторлары-
Жандарбек
Мəлібеков
пен
Шотаман
Уəлиханов.
Келесі
кезекте
Республикамыздың мемлекеттік негізгі рəміздерінің бірі- əнұран, мемлекеттік ту
мен мемлекеттік елтаңбаның поэтикалық музыкалық баламасы. Əнұранымыз
салтанатты рəсімдерде, мемлекеттік органдарда өткізетін өзге де шараларға
байланысты орындалады. Сол əнұранымыздың əнін жазған Қазақстанымыздың
аса көрнекті сазгері, əн жанрының əйгілі майталманы Шəмші Қалдаяқов атамыз.
2006 жылдың 6 қаңтарында Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісі мен
Сенатының бірлескен отырысында жаңа əнұран қабылдау туралы айтылды. Заң
жобасына талқылау барысында бірқатар депутаттар жаңа əнұранның авторлар
құрамына Н.Ə.Назарбаевты ресми түрде қосу туралы ұсыныстарын білдіреді.
Парламент
депутаттары
жаңа
əнұран
мəтінінің
авторлары
Жұмекен
Нəжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаевты бір ауыздан қолдады. Ал əні бұрынғы
қалпында
сақталды.
Қорытындылай
келе,
мемлекеттік
рəміздеріміз
халқымыздың рухын, ұлттық санасы, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа
деген үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер екенін
ұмытпауымыз керек деп айта аламын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет