2.Ресейдегі Қазан төңкерісі жəне Қазақстандағы саяси өмір.Кеңес
өкіметінің орнауы.
Қазан төңкерісі—1917жылдың 25қазан7 қараша Санкт-Петербургта болған ірі
əлеуметтік
саяси,
тарихи
оқиға
басқарғанбольшевиктер
партиясының
жетекшілігімен Ресей уақытша үкіметіне қарсы жүзеге асырылды.Оған
Санкт-Петербург жұмысшылары, қала гарнизонының солдаттары мен Балтық
флоты матросарының өкілдері қатынасты. Көтеріліс жеңіске жеткен күні
кешкісін Петроградта ашылған Кеңестердің Бүкілресейлік 2 съезі Уақытша
үкіметтің құлатылғандығын жəне бүкіл елдегі өкімет билігі Кеңестердің қолына
көшкендігін жариялап, Владимир Ленин дайындаған Бітім жəне Жер туралы
декреттерді қабылдады. Алғашқысында 1914 ж. басталған 1 дүниежүзілік
соғысқақатысушы елдердің үкіметтері мен халықтарына аннексиясыз жəне
контрибутциясыз демократиялық бітім жасау ұсынылса, Жер туралы декретте
жерге жеке меншік жойылып, ол жалпы халықтық мемлекеттік меншік болып
жарияланды. Съезе Ленин басқарған жəне жұмысшы-шаруа үкіметі аталған
Ресей ХКК құрылды. Сонымен қатар Кеңестердің Бүкілресейлік ОАК-нің
(БОАК) жаңа, большевиктендірілген құрамы сайланды. Съез Лениннің
жұмысшыларға, солдаттар мен шаруаларға арналған үндеуін қабылдап, ол
арқылы халықты барлық жерде жаппай Кеңес өкіметін орнатуға шақырды. Кеңес
үкіметікөп ұлтты Ресей еңбекшілерін өз жағына тартуда айтарлықтай
насихатшылдық рөл атқарған екі саяси құжат жариялады. Біріншісі 2 қарашада
жарияланған Ресей халықтары құқықтарыныңдекларациясын, екіншісі 20
қарашадағы Ресей мен Шығыстың барлық мұсылман еңбекшілеріне деген үндеу
болды. Бұл құжаттарда Ресейді мекендеген халықтардың теңдігі, олардың
өздерінің мемлекеттік құрылысын өздері шешуге құқылы екендігі айтылып,
ұлттық жəне этностық топтардың еркін дамуына, бұрынғы езілген ұлттардың
өздерінөздері билейтіндігіне кепілдік беріледі делінді. Мұның үстіне Кеңес
өкіметі
мен
большевиктер
партиясы
"зауыттар
мен
фабрикаларға
жұмысшыларға!", "Жер шаруаларға!", "Теңдік бұрынғы езілген ұлттарға!" деген
ұрандарды үзбей қайталаумен болды. Осы уəделер мен ұрандарға əуел баста
бұқараның айтарлықтай бөлігі, ең алдымен, қоғамның жаппай кедейленген
мүшелері сенді, сондықтан олардың өкілдері Кеңес өкіметін орнату үшін
күреске қатысты. Санкт-Петербургтан кейін 1917 ж. қарашаның басында Кеңес
өкіметі Мəскеуде елдің өнеркəсіпті орталығы аудандарында жеңіске жетті, көп
кешікпей бұл жағдай мемлекеттің ұлт аймақтарын, оның ішінде Қазақстанды да
қамтыды. Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы ұзаққа созылды. Бұл кезде Кеңес
өкіметі негізінен алғанда қалалар мен өлкенің басқа да ірі елді мекендерінде
орнады. Ал ауылдар менселолардың басым көпшілігінде Кеңес өкіметінің
орнауы азамат соғысы басталғанға дейін, тіпті одан кейінгі жылдарға дейін
жалғасты.Бұл өлкенің əлеуметтік-экономикалыңартта қалуынан, жергілікті
жұмысшы табы мен большевиктік ұйымдардың сан жағынан аз əрі əлсіз
болуынан, ұлтаралық қатынастардың күрделілігінен шиеленісіне түсті. Мұның
үстіне ұлттық-демоктартия Алаш қозғалысының жетекшілері Қазан төңкерісі
мен Кеңес өкіметінің идеяларын қабылдамады. Ал Қазақстанда орналасқан
Орал, Жетісу, Батыс Сібір жəне Орынбор қазақ əскерлерінің əскери үкіметтері
Кеңес өкіметінің орнауына қарулы қарсылық көрсетті. Кеңес өкіметінің
Қазақстанда жеңіске жетуіне негізінен славян текті халықтардың ең алдымен,
орыстар мен украиндер өкілдерін біріктірген жергілікті гарнизонның солдаттары
мен жұмысшы-солдат жəне шарауалар кеңестеріне топтасқан қоғамның
кедейленген мүшелерінің өкілдері барынша ат салысты.Қазақстанда Кеңес
өкіметін орнату ісіне Əліби Жангелді, Сəкен Сейфуллин, Яков Ушанов,
Аманкелді Иманов, Самуил Цвиллинг, Тұрар Рысқұлов, Тоқаш Бокин, Павел
Виноградов, Лукиан Емелев, Тəшен Өтепов, Абдолла Розыбакиев, т.б. неғұрлым
белсене қатысты.Қазан төңкерісі кеңестік тариханамада, Кеңес Одағы
Коммунистік партиясының құжаттарында күллі адамзат тарихына түбірлі
өзгеріс енгізген, жаңа заманды капитализмнен социализмге өту дəуірін ашқан 20
ғ-дың басты оқиғасы деп дəріптеліп келді. Шын мəнінде Қазан төңкерісі көп
ұлтты Ресейдің, оның құрамына енген көптеген елдер мен халықтардың табиғи,
эволюцияның даму жолын күштеп революцияшыл қайта өзгерістер үрдісіне
түсірді. 74 жыл өмір сүрген Кеңес Одағында ел өмірінің барлық салалары
сталиндік нұсқада, əміршілдік мəндегі тəжірибелер жасау алаңына айналды.
Олардың барлығы да қазан төкерісі, социализм идеяларын жүзеге асыру үшін
жүзеге асырылды деп түсіндірілді. Түбегейлі өзгерістер жасау тəжірибесінің
зиянды салдарлары аз болмады. Олардың қатарына ауыл шаруашылығын
күштеп ұжымдастыру мен көшпенділердің зорлап отырықшыландырылуы
нəтижесінде елді жайлаған ашаршылық салдарынан сан мыңдаған адамдардың
қырылуы мен басқа елдерге ауа көшуін, көптегенмемлекет, қоғам, мəдениет,
ғылым қайраткерлерінің əміршілдік жүйе ұйымдастырған саяси қуғын-сүргіннің
құрбандарына айналуын, демогрфиялықсаясат пен мəденирухани салада орын
алған келеңсіздіктерді жатқызуға болады. Солай болса да, қазан төңкерісінен
кейінгі 74 жыл Кеңес Одағы үшін, оның құрамдас бөлігі болған Қазақстан үшін,
тек қана бос кеткен кезең емес.Атап айтқанда, Республиканың материалдық
өндіріс жүйесі түбегейлі жаңарды, халықтың білім деңгейі күрт өсті, сапалы
ғылым
жүйесі
қалыптасты,
адамдар
арасындағы
қарым-қатынастар
жақсарды.1914 жылы басталған дүниежүзілік соғыстың салдарынан Ресей
империясы үлкен дағдарысқа ұшырады: бірінші – экономикалық , екінші – саяси
дағдарыс.Соғыстың салдарынан елдің шаруашылығы қирады, өндіріс орындары
тоқтады, теміржол қатынасы бұзылды, ауыл шаруашылығы күйреді. Бұл
дағдарыс жұмысшылар мен шаруалардың өкіметке деген үлкен наразылығын
туғызды.Патша өкіметі бұл дағдарыстан шығудың жолын таба алмады, сөйтіп
елді басқару қабілеті төмен болды. Осы аталған дағдарыс патша өкіметінің 1917
жылы ақпан айында құлауына себеп болды. Оны Ақпантөңкерісі деп атайды.
Осы төңкерістің нəтижесінде қос өкімет - жұмысшылар мен шаруалардың кеңесі
жəне буржуазиялық Уақытша өкімет құрылды.Патша өкіметі құлатылғаннан
кейін бүкіл Ресейдегі сияқты Қазақстанда да қос өкімет орнады. Бұрынғы патша
шенеуліктері, эсерлер, меньшевиктер жəне буржуазиялық ұлтшылдар басқарған
буржуазиялық Уақытша өкімет органдарымен қатар халықтық өкіметтің жаңа
органдары–жұмысшылар, шаруалар жəне солдат депутаттарынң кеңестері
құрылды.Жергілікті
жерлерде
Уақытша
өкіметті
органдары
құрыла
бастады.Қазақстанда қазақ интеллегенциясы басқарған қазақтардың ұлттық
облыстық жəне уездік комитеттері ұйымдастырлды. Оларға комиссарлар болып
ұлттық интеллигенцияның өкілдері, атап айтқанда Торғай облысында Əлихан
Бөкейханов Жетісу облысында Мұхамеджан Тынышпаев, Түркістанда Мұстафа
Шоқай тағайындалды.Патша өкіметінің құлатылуын Қазақстан еңбекшілері
саяси жəне ұлттық азат алудың бастамасы ретінде қабылдады. Бұлжеңіс өлкедегі
еңбекшілердің
саяси
белсенділігін
арттырды.
Қазақстанның
əртүрлі
қалаларында қазақ жастарының 20 шақты үйірмелері мен топтары пайда болды.
Олар халық арасында листовкалар, сол күндердің көкейтесті мəселелеріне
арналған тақпақ-өлеңдер таратты. Əулиеатада Тұрар Рысқұлов «Қазақ»
жастарының революцияшыл одағы деген ұйым құрды. Оның құрамына қазақ
халқының орташа жəне кедей топтарынан шыққан алдыңғы қатардағы жастар
енді Буржуазиялық уақытша өкіметке үміт артқан қазақ зиялылары өз халқын
еркіндікке жеткізуді, отарлаудан құтылуды арман етті. Осы мақсатқа жету үшін
олар қазақтың ұлттық саяси партиясын құру жолын іздеді. Олар Қазақ газеті
арқылы қазақ халқына арнайы үндеу жолдады. 1917 жылы 21-26 шілдеде
Орынборда болған «Бүкілқазақтық» съезде Алаш партиясы қалыптасып, басшы
органдарын сайлады. Оның құрамына Əлихан Бөкейханов, АхметБайтұрсынов,
Міржақып Дулатұлы, Мұстафа Шоқай т.б. кірді. Бұл партияның сол жылы 5-13
желтоқсанда Орынборда өткен екінші съезінде Қазақ автономиясы Алашорда
үкіметі – ұлт Кеңесі құрылды. «Алаш» партиясының бағдарламасы бекітілді. Ол
негізгі 10 бөліммнен тұрады.Жаңа құрылған үкіметтің құрамына 15 адам кірді,
оның төрағасы болып Əлихан Бөкейханов бекітілді. Азамат соғысы басталғанда
Алашорда үкіметі екіге бөлінді: оның Батыс Қазақстандағы бөлігін Халел,
Жанша Досмұхамедовтар, Шығыстағы бөлігін Əлихан Бөкейханов, Ахмет
Байтұрсынов т.б. басқарды. Бірақ Уақытша өкіметтің өмірі де ұзақ болмады.
1917жылы 27 қазанда Уақытша өкімет құлап, оның орнына большевиктер
басқарған Кеңес өкіметі орнады. Бұл жұмысшылар мен шаруалардың билігі
орнаған
өкіметі
еді.
Оның
мақсаты
–
пролетариат
диктатурасының
басшылығымен Ресейде жаңа қоғам – социализмді орнату.Бұл оқиға бүкіл
əлемді дүр сілкіндірді, себебі социализмге жол ашуды бірінші Ресей
бастады.Қазан төңкерісі елді экономикалық жəне саяси дағдарыстан шығуға жол
ашты.В.И.Ленин бастған большевиктер партиясы осы дағдарыстан шығудың
сара жолы – Ресейдің империалистік соғысты тоқтатып, бейбіт өмірге көшу деп
білді. Сондықтан Ресей ең бірінші болып бірінші дүниежүзілік соғыстан
шығады.Кеңес өкіметі əуелі орталықта Петроградта орнады да, одан əрі тез
арада Ресейдің шет аймақтарына дейін орнады.Ресейдің қол астында болып
келген орыс емес басқа халықтардың еңбекші бұқарасы Қазан төңкерісінен
кейін экономикалық-əлеуметтік күйзелістен шығумен бірге отаршылдықтың
бұғауынан
босанып,
тəуелсіздік
алатын
шығармыз
деп
үміттенді.
Большевиктербарлық ұлттар мен ұлыстардың, халықтардың теңдігі мен
бостандығын, азаттығын жариялай отырып, оларды төңкеріс туының астынан
кетпеуге шақырды.Кеңес өкіметі Қазақстанда да орнай бастады. 1917 жылы
қазаннан 1918 жылы наурызға дейін Қазақстанның көптеген аудандарында
Кеңес үкіметі орнады. Кеңес өкіметінің орнаған алғашқы жері Перовск
(Қызылорда) қаласы болды. Мұнда жұмысшылар мен солдаттар өкімет билігін
1917жылы 30 қазанда өз қолына алды.Перовскіде үлкен əскери гарнизон
орналасқан еді жəне темір жол станцясы болатын.1917 жылы қараша айының
орта кезінде Кеңес өкіметі Черняев қаласында жеңді. Қараша – желтоқсан
айларында Кеңес өкіметі Əулиеатада поселкесінде жəне Сырдария облысының
басқа да ірі елді мекендерінде қан төгізсіз бейбіт жолмен орнады. Петропавл
қаласында жаңа өкімет 10 қарашада орнады.1917 жылы желтоқсан – 1918 жылы
наурыз аралығында Кеңес өкіметі Торғай обылысының орталығы жəнеҚостанай
,Ақтөбе қалалары мен басқа да ірі елді мекендерде орнады. Семейде өкімет
билігі жергілікті Кеңестің қолына 1918жылы ақпанның орта кезінде көшті.
Жетісуда Кеңес өкіметін орнату жылындағы күрес 1918 жылы көктеміне дейін
соғылды. Себебі мұнда төңкеріс қарсыластары күштері басым болды. Верный
қаласыЖетісу қазақ-орыс əскерлерінің орталығы болды, ал қазақтар патшаның
тірегі болғаны белгілі. Сонымен Қазан төңкерісін қолдайтын күштер басым
болған жерлерде жергілікті билік кеңестер жағына түгелдей шықты. Мұндай
жағдай Қазақстанның СолтүстікШығыс облыстарының көптеген аудандарында,
Сырдария жəне Бөкей ордасын орын алды. Бірақ төңкеріс қарсыластарының
күштері көбірек шоғырланғыан Жетісу, Орал, Орынбор облыстарында өкімет
билігі жұмысшылар мен шаруалардың қолына қарсылық көрсеткендерді
талқандау арқылы көшті.Азамат соғысы жылдарында Кеңес өкіметі «соғыс
коммунизмі» саясатын жүзеге асырды. Оның негізгі мəні-кеңес елінің басқа да
аудандары сияқты Қазақстанда да азық-түлік салғырты жүргізіледі. Ол бойынша
шаруалардың
күн
көрісінен
артылған
азық-түлік
əскер
мен
өндіріс
орындарындағы жұмысшыларды асырау үшін ешбір өтеусіз алынды. Бұл жағдай
шаруалардың табиғи наразылығын туғызды. Əсіресе, ауқатты шаруалар қатты
наразы болды. Кеңес өкіметінің осы саясатына наразы шаруалар көтеріліске де
шығып, көпшілігі жаңа өкіметке қарсы ақтардың жағында соғысы. Азамат
соғысы аяқталғаннан кейін Қазақстанда экономиканы қалпына келтіру,
мемлекеттік құрылысты нығайту жұмыстары жүргізілді. Сол жылдары алғашқы
ауыл шаруашылық артельдері, коммуналар, совхоздар пайда болды. 1920 жылы
аяғында 999 колхоз, оның ішінде 132 коммуна, 778 артель, жерді бірлесіп
өңдейтін 28 серіктестік құрылды. 1919 жылы 10 шілдеде РКФСР Халық
Комиссарлар Кеңесі Қырғыз (Қазақ) өлкесін басқару жөніндегі төңкерістік
комитет туралы» декрет қабылданды. Онда болашақ Қазақ мемлекетінің жер
аумағы анықталды. 1920 жылы 30 сəуірде РК/б/П Орталық комитеті
Қырғыз(Қазақ) облыстық бюросы құрылғаннан кейін өлкеде Кеңес өкіметін,
мемлекеттік құрылысты одан əрі нығайту жұмысы жүргізіле бастады. Сол
жылғы 17 тамызда РКФСР Халық Комиссарлар Кеңесі Қырғыз республикасы
туралы Декрет жобасын мақұлдады. 26 тамызда БОАК пен РКФСР Халком
Кеңесі РКФСР құрамында Қырғыз (Қазақ) Автономиялық Кеңестік Социалистік
Республикасын құру туралы» жарлық қабылданды. Орынбор қаласы Қазақ
АКСР-нің алғашқы астанасы болды.
Достарыңызбен бөлісу: |