Билет билет билет


билет Ә. Қасымұлының әдістемелік- математикалық қызметі



бет11/36
Дата04.01.2023
өлшемі3.04 Mb.
#468109
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   36
Билеты МОӘТ-2

17 билет

  1. Ә. Қасымұлының әдістемелік- математикалық қызметі

Бастауыш сыныптарда математика әдістемесін ғылым ретінде қалыптастыру бірінші кезекте бастауыш білім беру мазмұнын әзірлеумен байланысты. Осы міндеттерді шешуге М.Дулатұлы, К.Жәленұлы, Ә.Қасымұлы, Қ.Сәтпаев, Е.Омарұлы және басқалары өз үлестерін қосты. Математикадан қазақ мектебіне арналған төл оқулықтарды жазу бағытында М.Дулатұлының «Есеп құралы» жарыққа шығуынан бастау алатын игі істі жалғастырушы және дамытушылардың бірі Әлмағамбет Қасымұлы (1889-1937жж.) болды.
Қасымұлының қазақ бастауыш мектебінің 3-інші және 4-інші сыныптары үшін тұңғыш математика оқулықтарын жазып сол кезең үшін аса күрделі мәселені шешуі, сондай-ақ педагогикалық қызметі және мерзімді басылымдарда математиканы оқытуға байланысты әдістемелік мақалаларының жиі жариялануы оның математиканы окытудың ғылыми-әдістемелік мәселелерімен жан-жақты айналысқанын айғақтай түседі.
Ә.Қасымұлының қазақ бастауыш мектебінің 3-ші, 4-ші сыныптарына арналған «Есеп құралында» қарастырылатын материалдарды былай топтастыруға болады:

  1. Арифметикалық материал;

  2. Геометриялық материал;

  3. Шамалар және оларды өлшеу;

  4. Алгебра элементтері;

  5. Есептер

A)Арифметикалық материал «Есеп құралы» мазмұнының негізгі өзегі болып табылады. Басқа материалдардың барлығы оның орналастырылу ретіне қарай ыңғайластырылған. Мұнда көп таңбалы сандардың арифметикасын оқытып-үйрету келесі тақырыптар бойынша жаттығуларды орындау арқылы жүзеге асырылады.


I. 1000 көлеміндегі сандар арифметикасын қайталау.
II. Сандардың нумерациясы (разрядтың өсу тәртібі бойынша алдымен төрт таңбалы, одан кейін бес таңбалы, алты таңбалы сандар және т.с.с.).
III. Көп таңбалы сандарды қосу және азайтуды оқыту мынадай тәртіппен жүргізіледі:
IV. Көп таңбалы сандарды көбейту және бөлуді оқыту мыналарды қамтиды: а) разрядтық сандарды бір таңбалы санға ауызша көбейту және бөлудің сәйкес жағдайлары; ә) көп таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту; б) үштаңбалы санды екі таңбалы санға көбейту; в) көп таңбалы санды бір таңбалы санға бөлу; г) екі таңбалы үш санды және төрт санды көбейту; ғ) көп таңбалы санды көптаңбалы санға көбейту; д) көп таңбалы санды екі таңбалы санға бөлу; е)көп таңбалы сандарды көбейту мен бөлу араласып келетін жағдайлар; ж) нөлмен аяқталатын сандарға көбейту және бөлудің сәйкес жағдайлары; з) көбейту мен бөлуге берілген есептер.
V. Құрамында бірнеше амал және жақша болатын өрнектердің мәнін табу.

«Шексіз бөлшектер» тақырыбында нәтиже әуелі шектеулі, сонан соң шектеусіз ондық бөлшек болып шығатын жағдайдағы ондық бөлшекті ондық бөлшекке бөлу мен бірнеше амалдардан тұратын жақшасы бар санды өрнектердің мәнін табуға көңіл бөлінген. Соңында ондық бөлшектермен есептеулер жүргізуді қорытындылау мақсатымен «Төрт амал» тақырыбына есептер ұсынылған.



Ә) Геометриялық материал «Есеп құралында» біршама тереңірек қамтылған. 1-кітапта оқудың алғашқы екі жылында қалыптастырылған геометриялық түсініктерді дамыта түсу және оның көлемін ұлғайту мақсаты көзделеді. «Ашық далаға барып істеңдер» тақырыбында оқушыларда геометриялық білімнің пайда болуының негізгі көзі – бақылау мен тәжірибе болатындығына сүйене отырып, тәжірибелік сипаттағы жұмыстарды орындауға көңіл бөлінген.
«Пішіндеме есептері» тақырыбының мазмұнын кесінді және оның ұзындығы; шеңберді 4-ке, 8-ге, 360-қа бөлу; бұрыш және оның түрлері; бұрышты өлшеу; бұрыштарды салу материалдары құрайды. 2-кітапта геометриялық материал бірте-бірте кеңейтіліп, терендетіле түседі және ол «Шеңбер мен дөңгелек», «Жер өлшеу жөнінде» деп аталатын екі үлкен тақырыпта қарастырылған.
«Шеңбер мен дөңгелек» тақырыбында бұрыштың өлшем бірліктері және олардың арасындағы қатынас; шеңберге сырттай және іштей сызылған көпбұрыш; шеңбер және оның ұзындығы; шеңберге іштей сызылған тең кабырғалы оны мырыш, шаршы, дұрыс алтыбұрыш және дұрыс сегізбұрыш қамтылған. Мұнда шеңбер ұзындығының диаметрге қатынасының тұрақты сан болатындығы тәжірибелік тұрғыда анықталады және диаметрдің, радиустың белгіленулері енгізіледі.
Б) Алгебралық материал. 1-кітаптың «Сызық салу, диағрам салу» тақырыбында кейбір табиғат құбылыстарында байқалатын тәуелділік мәселесі қарастырылады.
Алгебралық материалдар 2-кітапқа қарастырылған. Онда амал компоненттері мен нәтижесі арасындағы байланыс; бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер; сандарды дәрежелеу; теңдеу құру арқылы есептер шығару және т.б. материалдар бар. Мұнда М.Дулатұлының «Есеп құралында» дайындық тұрғысынан енгізілген алгебралық түсініктер одан әрі дамытылады. Сонымен қатар, алгебра элементтері кейбір басқа да тақырыптарды оқытуда кездеседі.
B) Шамалар және оларды өлшеу. «Есеп құралында» арифметикалық материалмен байланыста әртүрлі шамаларды (ұзындық, масса, сыйымдылық, аудан, көлем, баға, уақыт және т.б.) оқып-үйрену жүзеге асады. Шамаларға және оларды өлшеуге «Метр өлшеулері», «Деректі сандар», «Көп деп сандар», «Шаршы өлшеуіштері», «Текше өлшеуіштері» тақырыптарында, сондай-ақ, есептер шығару мен геометриялық материалдарда да мән беріліп отырады. Мәселен, «Уақыт жайынан есептер» тақырыбында тәрбиелік мәні бар есепте берілген. Мұнда қазіргі математика оқулықтарында кездесе бермейтін ұлттық сипаттағы есептер қамтылған. Есептерде қазақ тарихына қатысты мәліметтер (қазақтың орысқа бағынуы, Абылайхан, Есімхан, Сырым батыр туралы және т.б.), қазақ баласының танымдық қабілетін кеңейтуге әсері мол материалдар (А.С. Пушкин, В.И. Ленин, Н. Коперник, Г. Галилей туралы және т.б.) кеңінен пайдаланылған.
Г) Есептер. Оқу құралдарының басынан аяғына дейін есептер көбірек берілген. Әрбір тақырып есеп шығарумен қорытындыланып отырады және есептер тақырып бойынша біртіндеп күрделене әдістемелік ретпен орналастырылған. Комплекстік бағдарламаға сәйкес есептер мынадай тақырыптармен жүйеленген: «Мал шаруасы», «Егін шаруасы», «Еңбекті тұрмыс», «Мектеп жайынан», «Аймақ тану», «СССР мен бөтен мемлекеттер», «Үй, мектеп, зауыт салу ретіндегі есептер».





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет