Билет билет билет


Абай атындағы ҚазҰПУ «математиканы оқыту әдістемесі» кафедрасының 1942-1990 жж. Қызметі



бет12/36
Дата04.01.2023
өлшемі3.04 Mb.
#468109
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   36
Билеты МОӘТ-2

Абай атындағы ҚазҰПУ «математиканы оқыту әдістемесі» кафедрасының 1942-1990 жж. Қызметі

1942 жылы ҚазПИ-дің физика-математика факультетінің құрамында “Математиканы оқыту әдістемесі” кафедрасы құрылды. Бірқатар жылдар бойы кафедраны доценттер А.Т.Калмыков, М.К.Сәтбаев, Б.С.Жаңбырбаев, М.Ө.Ысқақов, А.А.Бидосов, У.З.Зикрин, Н.Н.Забежанская, профессорлар- А.Е.Әбілқасымова, Е.Б.Шалбаев, М.Ж.Бекпатшаев, С.Алдашев басқарды. Әр жылдары кафедрада А.А.Собалақов, Б.Б.Баймұханов, Х.Курманалин, С.Елубаев, М.Ахметов, К.Тулеева, К.Шаяхметова, Т.А.Цхай және тағы басқадай танымал ғалым-әдіскерлер жұмыс істеді. 1941 жылы математиканы оқыту әдістемесінің кейбір мәселелері қарастырылған қазақ тіліндегі “Методикалық материалдар. Математика. Физика” атты алғашқы әдістемелік жинак басылып шықты. Бұл бағыттағы жұмыстар соғыстан кейінгі жылдары жүйелі қолға алына бастады. 1949 жылы Алматы қаласында "Математикадан үлгермеушіліктің алдын алу" тақырыбында математика мұғалімдерінің алғашқы ғылыми-практикалық конференциясы өткізілді. Онда мұғалімдер математикадан білім сапасын арттыру туралы өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісуге мүмкіндік алды.
Конференция материалдары жинак турiнде басылып шыкты. 1950 жылы "Математика сабактарында практикалык дағдыларды калыптастыру" тақырыбымен екiншi гылыми практикалык конференция, 1953 жылы "Математика пәні мұғалімдерінің іс-тәжірибелерiнен" деген атпен педагогикалык окулары уйымдастырылып өткізілді.
ХХ ғасырдың 50-шы жылдары кенес мектебі окушылардын политехникалык дайындығының тиімді жолдарын іздестіру бағытындагы жумыстарды жүзеге асыруға кірісті. Осыған байланысты математиканы оқыту үдерiсiнде политехникалык окытудын мiндеттерiн жүзеге асыруга катысты зерттеулер жүргізіле бастады. Бул багыттагы аткарылган жумыстардын нәтижесі 1954 жылы "Мектепте математиканы политехникалык оку мiндеттерi тургысынан окыту" атты жинакта басылып шыкты [86]. 50- шы жылдардын сонына карай математикадан казак тiлiндегi оку-әдістемелiкәдебиеттін саны артып, сапасы жоғары денгейге көтеріле бастады. Е.С.Березанскаянын әдістемелік куралы "Арифметика методикасы" деген атпен казак тiлiне аударылып, 1959 жылы басылып шыкты. Аудармадағы бір ерекшелік, онда аудармашы тарапынан кейбiр мәтiндiк өзгерістер енгiзiлдi, оку бағдарламасына сәйкес келмейтiн бiрқатар ескiрiп калған материалдар алынып тасталды, кол жеткізілді, сонымен қатар, нумерациялық мәселелерді баяндауда сан атауларынын казак тіліндегі ерекшеліктері ескерілді [87].
1960-1990 жылдары математиканы оқытудың әдістерін, куралдарын және оны ұйымдастырудын формаларын жетiлдiруде айтарлықтай табыстарға қол же математиканы оқытудың әдiстемелiк мәселелері бойынша қазақ тіліндегі әдебиет коры жинактала тустi. Осы кезенде математиканын окыту мәселелеріне арналған бірқатар кітаптар, яғни Ш.Омашевтің "Мектептің геометрия курсындагы салу есептері" (1963ж.), "Мектепте функциялык тәуелдiлiктi окыту жайында" (1973ж.), "Алгебраның практикамен байланысы" (1973ж.), Ө.Жумабаевтын "Орта мектепте тендеулер мен графиктердi окыту мәселелері" (1966ж.), А.Оразалиевтін "Математикалык сейлемдер" (1966ж.), С.Отарбаевтың "Математика курсындағы кейбiр мәселелер" (1974ж.), Б.Баймухановтын "Сегiзжылдык мектепте математиканы оқытудың кейбір мәселелері" (1975ж.) кітаптары жарыққа шықты.
Математикадан өткiзiлетiн әдістемелік мәселелеріне арналған 6 тыс жұмыстарда пайдалануға “Орта мектепте математика өткізу” (1967ж.), жарык көрдi. Бул орайдан К.Бектаевтың арналған кештерін ұйымдастыру және С.Елубаевтын “Математикалык кеш" (1971ж.) және С.Қаниевтың "Республикалык математика олимпиадалары есептерінің жинағы” (1982ж.) атты кітаптары басылып шықты. Сонымен бірге, математиканы окытудын кабинеттік жүйесін ұйымдастыруға арналған А.Собалаковтың "Педагогикалык училищедегі математика кабинетi" (1950ж.), Х.Балтабаевтың "Мектептегі математика кабинеті" (1965ж.) кітаптары жарык көрдi. артуы Карастырылып отырған кезенде математикадан аудар- ма окулыктардын сапасынын көтерiлуi, сондай-ақ, казак тiлiндегi оку-әдістемелік әдебиеттін санынын математикалык тiлдiн дамуы мен қазақ тіліндегі математикалық терминологиянын жүйеге түсуіне игілікті ыкпал жасады. Қазақ тiлiндегi математика терминдерін реттеуде Ә.Ермековтың "Қазақ тілінің математика терминдері" (1936ж.) еңбегінің манызы айрыкша болды. 1948-1950 жылдары орысша-қазақша екі томдык "Терминология сөздiгi" басылып шыкты. Оның 1-томына Р.Бөкейханов ретке келтірген 1068 математика - терминдерi ендi. 1959 жылы жарык көрген "Орысша- казакша терминологиялык сөздiктiн" 2-томында төрт мынга жуык математика терминдерi келтiрiлдi. Казак тiлiндегi математикалык терминологияны жүйеге түсіруде 80-жылдары айтарлықтай табыстарға қол жеткізіліп, К.Бектаевтың "Орысша-қазақша математикалык сездiк" (1986ж.) және "Орысша-қазақша математикалык сез тіркестері" (1989ж.) кітаптары басылып шықты.
ХХ ғасырдың 50-шы жылдарынан бастап, елiмiзде әдістемелік маңызы бар такырыптар бойынша ғылыми- зерттеу жумыстарын жүргiзу колға алынды. Абай атындагы КазПИ-дің ғылыми кеңесінің 1975 жылдың маусымына дейiн математиканы оқыту әдістемесі бойынша диссертация коргату кукыгы болды. Осы кенесте математиканы оқыту әдістемесі бойынша Қазақстаннын, сондай-ақ, баска да республикалардың жоғары оку орындарының көптеген окытушылары кандидаттык диссертация қорғап, ғалым атанды.
70-шы жылдары ғылыми-әдістемелік кадрларды аспирантура аркылы дайындау және әдістемелік- математикалык тақырыптарға арналған диссертациялык еңбектердi қорғауды ұйымдастыру бағытында бiрқатар нәтижелерге кол жеткiзiлдi. Осы кезенде математика әдістемесi бойынша да кандидаттык диссертациялар корғалды.
Абай атындағы ҚазПИ "Математиканы окыту әдістемесі" кафедрасы елiмiздегi әдiстемелiк-математикалык рылымнын орталығы болды. 1971 жылдын 3-6 наурызында кафедранын уйымдастыруымен Қазақстаннын педагогика институттарында математикалық пәндерді оқыту мәселелері туралы I республикалық ғылыми-әдістемелік конференция өтті. Конференцияның ҚазПИ-де етуі және онда жасалған баяндамалардың 19-ының ҚазПИ окытушыларынын еншiсiне тиюінін өзі-ак республикалык деңгейдегi өзектi әдiстемелiк-математикалык мәселелерді шешуде ҚазПИ-дін үлес салмагынын кандай болғандығын байкатады. Сонымен катар, "Мектеп математика курсынын Қазіргі заманғы негiздерi" тақырыбындағы педагогика институттарынын математика пәндерi окытушыларынын Букілодақтық ғылыми-тәжiрибелiк конференциясы 1977 жылдың қараша айында кафедранын базасында Ұйымдастырылып откiзiлдi. Оған Кеңес Одағынын В.А.Гусев, И.Я.Виленкин, К.Д.Дуничев, А.А.Столяр сиякты көрнекті әдіскер-математиктерi қатысып, баяндамалар жасады. Конференцияда КСРО-дағы педагогика институттарының оку жоспарына "Мектеп математика курсынын казiргi заманғы негiздерi" атты оку пәнi енгiзiлуi керек деген шешім қабылданды. Осы шешiмнiн негiзiнде аталмыш пеннiн оку багдарламасы жасалып, ол "Математика в школе" журналынын 1978 жылғы №3 санында жарияланды.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет