Билет билет билет


Есеп 18 билет



бет13/36
Дата04.01.2023
өлшемі3.04 Mb.
#468109
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   36
Билеты МОӘТ-2

Есеп




18 билет


19 билет

  1. Ғ.Бегәліұлының"Есеп құралы. Бірінші жылдық” атты кітабы.

Ғали Бегәліұлы (1888-1966жж.) – әдістемелік ғылымдар- дың қалыптасуы мен дамуына үлкен үлес қосқан ғалым- ұстаз, филология ғылымдарының кандидаты, доцент, 100- ден астам енбектердің авторы. Оның “Есеп құралы. Бірінші жылдық" оқулығы 1929 жылы Қызылордада жарық көрді. 1930 және 1931 жылдары екінші және үшінші рет басылып шығып, қазақ арасында көп таралған шағын жинақты мектептерде пайдалануға ұсынылды. Қазақ мектебінің 1-сыныбына арналған бұл оқулықтың көлемі 75 бет. Ол алғы сөзден және 4 бөлімнен тұрады.
Алғысөзде мұғалімдерге оқулықты пайдалану жөнінде нұсқаулар берілген. Оқулықтағы бөлімдердің атаулары мынадай:
"I бөлім. 10-ның ішіндегі сандар әрқайсысы жеке қаралып, ауызекі есептеуге, жазуға, оқуға үйретіледі.
II бөлім. 20-ға дейін сан.
ІІІ бөлім. 100 ішіндегі сандарды жазуға үйрету, дөңгелек ондықтар.
IV бөлім. 100 ішіндегі сандар, төрт амал есептері” [71]. Окулыкта оның басынан аяғына дейін мысалдар мен есептер шығару көбірек қарастырылған. Әрбір тақырып есеп шығарумен қорытындыланып, есептер тақырып ыңғайына қарай және біртіндеп күрделене түсетіндей әдістемелік ретпен орналастырылған. Оқулықтағы есептердің мынадай ерекшеліктерін атап көрсетуге болады:
- олар сол кездегі қазақ өмірі мен тұрмысынан алынуымен және мазмұнының мал және егін шаруашылығына байланысты болуымен ерекшеленеді;
есептер окушының күнделікті тұрмыс тіршілігінен алынған және көбіне оқу, мектеп жағдайына байланысты болып келеді;
1-сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне сәйкес, ойын-есептер көбірек енгізілген;
- есептердің оқу бағдарламасына сәйкес, жыл мезгілдеріне орай топтастырылып ұсынылған;
- сол кездегі заман талабына сай сауда-саттық мәселелері туралы есептер жиі кездеседі;
сол кездегі казақ арасына күштеп енгізіліп жатқан социалистік өмір салты көрініс тапқан есептерге баса мән берілген;
- есептердің мазмұнында сол кездегі саяси оқиғалармен байланыстар бар.
ХХ ғасырдың 30-жылдары бастауыш қазақ мектебіне арналып жазылып, оқу үдерісіне енгізілген келесі оқулықтар болды:




2011 жылдың 28-29 қараша күндері ҚР математика пәні мұғалімдерінің I съезінің ұсынымдарын іске асыру жоспарына сәйкес Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті А.Е.Әбілқасымованың жетекшілігімен Алматы қаласында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің базасында "Орта мектеп пен жоғары оқу орындарындағы математика курсы мазмұнының сабақтастығы мәселелері” атты республикалык семинары ұйымдастырылып өткізілді. Семинар жұмысына ҚР Білім және ғылым министрлігінің, жоғары оқу орындарының, республиканың ЖОО мен ғылыми- зерттеу институттарының ғалым әдіскерлері, жалпы орта білім беретін және арнайы мамандандырылған мектептердің басшылары мен математика пәнінің мұғалімдері, педагог кадрлардың біліктілігін арттыру институттарының әдіскер- лері, шетелдік ғалым-әдіскерлер және т.б. қатысты.
Семинарда талқыланған өзекті мәселелер:
- мектеп және жоғары оқу орындарындағы алгебра және анализ бастамалары мен геометрия курстары мазмұнының сабақтастығын оқу-әдістемелік қамтамасыз ету;
- мектеп пен жоғары оқу орындары деңгейлерінде қолдануға арналған қазақ тілінде бірыңғай математикалық терминологияны қалыптастыру;
жаңартылған білім беру мазмұнын, яғни ҚР МЖМБС 1.4002-2012 оқу процесіне енгізуге байланысты математика- лык білім беру мазмұнын қайта қарау, оқу бағдарламаларын талқылау;
мамандығы
- жоғары білім беру деңгейінің "Математика" бойынша типтік оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларына өзгертулер мен толықтырулар енгізу
жогары оку орындарында "Математика және инфор- матика", "Математика және физика" мектеп пәндерінің мазмұнын кіріктіру жағдайында мамандар даярлау;
- математиканы оқытудың тиімді әдістері мен техноло- гияларын қолдану аясын кеңейту және т.б. мәселелер.
-
Семинардың пленарлық мәжілісінде профессор А.Е.Әбілқасымова “Орта және жоғары мектептегі математика - жаңа әдістемелік бағыттар мен кәсіби бағдарлы міндеттер" тақырыбында баяндама жасап, математикалық білім беруді жаңғыртудың жолдары туралы да бірқатар мәселелерді көтерді. Сонымен қатар, Курск мемлекеттік университетінің "Математика және математикалық Модельдеу" кафедрасының меңгерушісі, ф.-м.ғ.д., профессор В.П.Добрица "Формирование мышления как фактор преемственности обучения математике в школе и вузе", Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының профессоры, ф.-м.ғ.д. М.Б.Мұратбеков "Математика курсын оқытудың жалпы мемлекеттік стандартын жасаy сабақтастықты қамтамасыз етудің негізгі жолы" және т.б. баяндамалар
жасады.
Семинарда аталған мәселелер бойынша келесідей секция- ларда талқылау жұмыстары жүргізілді.
1-секция. "Орта мектеп пен жоғары оқу орындарындағы Математикалық білім беру мазмұнының сабақтастығын оқу- нормативтік және әдістемелік қамтамасыз ету жолдары".
2-секция. "Орта мектеп пен жогары оқу орындарындағы алгеб- ра және анализ бастамалары курсының мазмұн сабақтастығы". 3-секция. "Орта мектеп пен жоғары оқу орындарындағы геометрия курсының мазмұн сабақтастығы”.
4-секция. "Қазақ тілінде бірыңғай математикалық терминологияны құрастыру мәселелері”.
Жалпы пленарлық және секциялық мәжілістер барысында 72 баяндама тыңдалып талқыланды және тиісті ұсыныстар енгізіледі:

орта және жоғары мектепте математиканы оқытуда сабақтастықты жүзеге асыру және білім мазмұнын кіріктіру мақсатында білім берудің сәйкес деңгейлеріндегі типтік оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларына тиісті өзгерістер енгізу;
кіріктірілген оқу бағдарламалары негізінде орта мектеп пен жоғары оқу орындарына арналған математика пәнінен оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерін дайындау үшін тәжірибелі мамандардан арнайы жұмыс тобын құру; орта және жоғары мектептегі математикадан кіріктірілген оқу бағдарламаларын оқыту үдерісіне енгізу максатында бірлескен кешенді іс-шаралар ұйымдастыру (арнайы курстар мен семинарлар өткізу, қашықтан оқыту және т.с.с.);





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет