Билет билет билет


билет 20 – билет Ғ. Бегалыұлының «Есеп сабағы» атты оқулығы



бет14/36
Дата04.01.2023
өлшемі3.04 Mb.
#468109
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   36
Билеты МОӘТ-2

20 билет

20 – билет

  1. Ғ. Бегалыұлының «Есеп сабағы» атты оқулығы

Қызылорда 1932.
Ғ.Бегәліұлының "Есеп сабағы" оқулығының көлемі 144 беттен тұрады. Алғы сөзiнде оның "ересектер мектебінің 2-оқу жылына, кешкi колхоз жастары мектебiнiң төменгi бөлiмдерiне арналғандығы" және "бастауыш мектептің 4-жылдарында да пайдалануға болады деп ұйғарылғандығы" атап көрсетілген. Оқулық 9 бөлімге бөлiнген 65 тақырыптан тұрады. Мазмұны бойынша оның сол кезеңдегі математиканы оқытуды өмірмен, күнделікті тұрмыспен жанастыру талабына негiзделiп жазылған.
Алғашқы тақырыптар натурал сандар арифметикасын қайталауға және пысықтауға арналған. Сонымен қатар онда бөлшек сандар арифметикасы материалдарына, процентке, диаграммалар салуға, геометриялық материалға, шамаларға және оларды өлшеу мәселелерi қарастырылған. Соңында стереометриялық материал (призма, параллелепипед, шар және т.б.) бар. Әр тақырыптан кейiн комплекс тақырыптары бойынша жаттығулар ұсынылып отыр.
Бұл оқулықтың негізгі ерекшелiгi, ол математиканы оқытуды өмiрмен, күнделікті тұрмыспен жанастыру талаптарын жан-жақты ескеріп, комплекс оқу бағдарламасына сәйкестендiрiлiп жазылған. Онда математикалық материалдар комплекс тақырыптарының ішінде кездесіп отырады және социалистік тұрмыс-салтқа сәйкес, колхоз – совхоздардағы ауыль шаруашылық жұмыстарына, өнеркәсіпке байланысты есептерді шығаруға оқытып-үйретуге ерекше көңіл бөлінген.

  1. А. Е. Әбілқасымованың «Математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі: дидактикалық-әдістемелік негіздері» атты оқу құралы

2014 жылы Білім және ғылым министрлігі бекіткен, болашақ математика мұғалімінің әдістемелік дайындығын жетілдіруге бағытталған және педагогикалық жоғары оқу орындары мен университет студенттерiне, математиканы оқыту әдістемесін жүргiзетiн және арнайы кафедралардың оқытушыларына, мектеп мұғалімдері мен мұғалімдердің бiлiктiлiгiн жетілдіру институттарының қызметкерлерiне арнап профессор А.Е.Әбілқасымованың "Математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі: дидактикалық- әдiстемелiк негiздерi" (қазақ, орыс және ағылшын тiлдерiнде) оқу құралы (Алматы: "Мектеп" баспасы, 2014. - 2246.) шықты. Жалпы бұл оқу құралдары жоғарыда аталған Ә.Собалақовтың, А.Көбесовтің, Ә.Бидосовтың осы аттас еңбектерінде карастырылған мәселелерді жүйелi заман талабына сай лайықтап, болашақ мұғалiмдердi математиканы оқыту әдiстерi мен теориялық тұрғыдан дайындап қана коймай, олардың педагогикалық ой-өрісін кеңейтуге, әдістемелік шеберлiгiн қалыптастыруға, қазiргi жағдайдағы математикалық бiлiмнiң рөлі мен маңыздылығын санасына енгiзумен қатар оқу процесін ұйымдастырудың жалпы принциптерін, формалары мен әдістерін бойына сіңіруге мүмкіндік береді. Оның құрылымы төмендегідей жүйеленген:
І-тарау. Математикалық білім беру.
ІІ-тарау. Математиканы оқытудың әдістемесі.
ІІІ-тарау. Математиканы оқытудың дидактикалық қағидалары мен әдістері.
IV-тарау. Математикалық ұғымдар және оларды оқыту тәсiлдерi.
V-тарау. Математикалық пайымдар мен теоремалар, олардың дәлелдеулері. Дәлелдеуге үйрету әдістемелері.
VI-тарау. Математикалық есептер.
VII-тарау. Мектепте математиканы оқытуды ұйымдастыру.
Жалпы айтқанда, елiмiздiң орта мектептерінде математиканы оқытуды жетiлдiруге бағытталған іс шаралар қазақ математика әдіскерлерi тарапынан күн тәртібінде тұрған мәселелердің бірі болып отыр.

  1. 1927/28 жылы мемлекеттік буджет бойынша Өзбекістан өндіріс орындарына 5,004 милійен сом жұмсалды. 1931 жылы одан 3,479 есе артық жұмсалды. 1931 жылы Өзбекістан өндірісіне қанша сом жұмсалды?

Шешуі: 5 004 000 * 3,479 = 17 408 916 сом
Жауабы: 17 408 916 сом



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет