1925 жылы Әмірике жерінде 19 ½ миллион автомобиль болыпты. Бұл бүкіл жер жүзіндегі автомобильдің 87,2%-і болса, Әмірикеден басқа жерлерде қанша автомобиль болған болады?
19,5 мил_______87,2%
x мил_______12,8%
6 билет
Қазақ халқының ауызша есептері жүйесі
Жас балаларға математикалық білім берудегі халык шығармашылығының аса қызықты бір саласы – қазақ халкынын ауызша есептері. Қазақ халқының ауызша есептері өзінің білімдік және тәрбиелік сипатымен, қарапайымдылығы және логикалық, математиканың тәжірибелік мәнін түсінікті, әрі бейнелі тілмен ашып көрсетуi жағынан ерекшеленетін халық даналығынын өзгеше бір озық үлгісі болып табылады. Ауызша есептердің мазмұны қазақ халқының әр дәуірлердегі әлеуметтік-тұрмыстық жағдайымен, көбіне, мал және егін шаруашылығымен, ан аулаумен, сондай-ақ, кәсіпкерлік істермен байланысты болып келеді. Олардың тақырып аясы өте кен және сан алуан көптеген түрлері бар. Сонымен қатар, олар мазмун ерекшелігіне қарай да әртүрлі болып келеді . Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, осы күнге дейін келіп жеткен халқымыздың ауызша есептерінің жас балаларға математикалық білім берудің өзгеше бір әдістемелік құралы ретіндегі маңызы зор. Есептің шешуін іздеу барысында бала ойланады, ізденеді, сұрайды. Бұл оның дүниетанымын, логикалық ой-өрісін кеңейтіп, математикалық білім- түсінігін молайта түседі. Ауызша есептер бүгінгі заманда да керекті қасиетін және өз бағасын түсіре қойған жоқ. Мәселен, қазіргі мектепте оқушылардан есептерді көбіне жазбаша шығару талап етіледі. Бұл жағдайда оқушыларды дайын ережелер мен үйреншікті тәсілдерді жиі пайдалануға мәжбүр ететініміз белгілі, яғни олар есептерді көбінесе машықтанып алған жолмен шығаруға тырысады. Ал халық есептерінің мазмұны әрқилы болып келетіндіктен, мұнда баланың дағдылы, үйреншікті әдіс-тәсілдерді қолдануға мүмкіндігі бола бермейді. Бала әрбір жағдайда есепті шығарудын дұрыс, лайықты және ен колайлы жолын өздігінен iздеп табуға тырысады. Бұл тұрғыдан алғанда, қазақ халқының ауызша есептерінің қазіргі мектеп үшiн таза әдістемелік жағынан зор манызы бар екендігі анғарылады. Казак халкынын өзiндiк өлшем бірліктер жүйесі болған. Негiзiнен оларды былайша топтастыруға болады:
1) ұзындықтың өлшем бірліктері;
2) масса өлшеуіштері;
3) уақыт бірліктері;
4) аудан, келем және сыйымдылықтың өлшеуіштері.
ХХ ғасырдың 20-шы жылдары метрлік өлшеуіштер жүйесіне көшкенге дейiн күнделікті тұрмыста және т.б. салаларда, сондай-ақ, от iсiнде де осы елшем бірліктері кенiнен колданылған. Сонымен, ата-бабаларымыз ежелгі замандардан бастап- ак жас балаларға өнегелі тәрбие берумен қатар, олардын математикалық білім өрісін кеңейтуге де лайықты көңіл бөліп отырған. Математикалық білім беру қазақ отбасында санамақтар, жұмбақтар, жаңылтпаштар, мақал-мәтелдер, ауызша есептер және т.б. аркылы жүзеге асырылған. Олар жас балаға қарапайым математикалық білім берудің әдістемелік құралы, яғни бастауыш математиканың "Қағаз бетiне жазылмаған оқу құралдары" қызметін атқарған деуге болады. Халық педагогикасынын осы асыл үлгілерінде аса құнды әдістемелік идеялар көптеп кездеседі. Сондықтан оларды әдістемелік-математикалық тұрғыдан талдап танудың маңызы ерекше.
Достарыңызбен бөлісу: |