Білім алушыларды тәрбиелеуде қҰндылықҚа бағытталған тәсілді жүзеге асыру бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет83/250
Дата14.09.2023
өлшемі5.22 Mb.
#477514
түріБағдарламасы
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   250
құндылыққа негізделген 1 бөлім

Оқылған шығарманы қорытындылау кезеңіндегі іс-әрекет түрлері 

Әдеби шығарманың мәтіні бойынша құрастырылған тест жұмысын орындау 

Әдеби шығарманы оқу, сюжеттің жалғасын немесе кіріспесін ойлап табу 

Көркем шығарма негізінде өз мәтінін құру (ұқсастық бойынша мәтін) 

Әдеби шығарманың басты оқиғасы болған жерден репортаж жасау 

Оқылған әдеби шығарма негізінде сөзжұмбақ, викторина құрастыру 

Кластер құрастыру. Парақтың ортасына шеңберге тақырып жазылады, одан сәулелер 
кетеді – мағыналық ірі бірліктер, яғни тақырыптың мазмұнына сәйкес терминдер мен 
ұғымдар жазылады
Сонымен, білім алушы мектептегі алғашқы жылдардың өзінде-ақ оқылған 
мәтіннің мағынасын түсінуі және оны саналы қабылдай алуы; мәтіннің 
құрылымын, ондағы оқиғалар тізбегін айыра білуі; мәтінді мазмұндық 
бөліктерге бөлуі; мәтіннің схемалық немесе суреттік жоспарын құрастыра 
алуы; кейіпкерлерге сипаттама бере білуі; қойылған сұраққа жауап таба алуы; 
мазмұнды әрі қарай өрбіте, болжай алуы тиіс. 
 
Әр сабақ сайын бес минуттық оқу. Бұл әдіс Моңғолия 
мектептерінде орыс тіліне оқыту барысында қолданылған және тәжірибе 
жүргізген мұғалімдер тобы моңғол балалары орыс тілін жақсы меңгергенін 
айтады. Мұнда айрықша әдіс жоқ, әр баланың алдында кітап жатады. Әр 
сабақтағы бес минуттық оқу кез келген сабақта – әдебиеттік оқу, қазақ тілі
математика, биология, география көркем еңбек т.б. пәндерде балалар бес минут 
оқиды. Сабақ қосымша кітапты немесе арнайы дайындалған кестелерді 
ызыңдап оқу режимінде бес минут оқудан басталады, сосын сабақ ары қарай өз 
қалпымен жүргізіледі [10]. Мысалы, әр сабақта бес минут, әр күні 4 сабақ, 
аптасына 5 күн бар. Бір апталық жаттығу 100 минут көлемінде болады. 
Дәстүрлі әдістермен 2-3 минутты салыңыз. Жаттығу уақытының бірнеше есеге 
артқаны көрінеді. Мұның бәрі де әдістемелік айласыз жүзеге асады. 
 
Оқудың түрлері: 
- ақпаратты іздеу – белгілі бір ақпаратты немесе фактіні іздеуге 
бағытталған мағыналық оқу түрі. Мағыналық оқудың бұл түрі «Қазақ тілі», 
«Ана тілі» пәндерімен қатар «Математика» оқу пәнінің тапсырмаларын 
орындау барысында қажет;


191 
таныстырылымдық оқу – мәтіннен негізгі мағынаны, негізгі ақпаратты 
анықтауға бағытталған мағыналық оқу түрі;
зерттеуші – мақсатқа байланысты толық және нақты ақпаратты іздейтін 
және оны әрі қарай түсіндіретін мағыналық оқу түрі. Мәтіннің ең басты 
мағынасы белгіленеді; 
- рефлексивті – мазмұнына ден қойып, мұқият оқу. Мұндай процесс 
кезінде оқырман тақырыпты оқу немесе мәтінді оқу барысында болашақ 
оқиғаларды болжайды [14]. 
Оқудың тағы бір түрі – мәтінге түсініктеме беру, талқылау және болжау 
түрінде жүргізілетін түсіндіріп оқу. 
Түсіндіріп оқыту негізінен мәтінді қайта оқу кезінде пайдаланылады. Бұл 
«автормен сұхбат» қалай болатынын, оқырманды «ойға қалдыруға» кепілдік 
беру үшін болуы мүмкін. Сөйлем немесе фрагменттің соңына дейін оқымай 
мәтіннен қажетті жерін ғана түсіндіру. Сондықтан, кез келген уақытта баланың 
оқуын тоқтатуға болады.
Оқудың келесі түрі – таңдап оқу. Таңдап оқу барысында білім алушы 
кейбір нақты ақпаратты (мысалы, статистикалық деректерді, кейбір оқиғаның 
сипаттамасын және т.б.) немесе жаңадан берілген мәліметті іздейді. Бұл 
жағдайда білім алушы мәтіндегі жаңа, маңызды және пайдалы мәліметтерді 
түсінуі жеткілікті. Айта кету керек, бұл ресми іс-қағаз, публицистикалық
көркемдік, ғылыми стильді мәтіндер болуы мүмкін. Білім алушылар өзіне 
қажетті аспектілерге ғана назар аударады. 
Зерделеп оқу мұғалімнің жетелеуімен білім алушының: 
- Мен терең әрі мағыналы оқығаннан кейін, жұмысымның неге сәтті 
болғанын түсінуге тырыстым ба? 
- Оқу барысында мәселелер туындады ма? 
- Бұл мәселелердің сипаты қандай? 
- Мен оларды түзете аламын ба, әлде оқуға беріліп ұмытып кетемін бе? 
тәрізді өзіне-өзі қойған сұрағынан басталады [10]. 
Мағыналық оқу дағдыларын қалыптастыру барысында ақпаратты оқу 
және өңдеу жұмыстарының әдістері мен тәсілдерін қиындата отырып жүйелі 
жүргізу қажет. Сонымен қатар оқу шапшаңдығы, түсініп және дауыс ырғағын 
келтіріп оқу тәрізді оқу дағдыларының сапасын да ескеру керек.
Оқу дағдыларын қалыптастырудың кезеңдері тұжырымдамалық, 
синтетикалық, автоматтандырылған деп бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   250




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет