Білім алушыларды тәрбиелеуде қҰндылықҚа бағытталған тәсілді жүзеге асыру бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет225/250
Дата14.09.2023
өлшемі5.22 Mb.
#477514
түріБағдарламасы
1   ...   221   222   223   224   225   226   227   228   ...   250
құндылыққа негізделген 1 бөлім

Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров туралы ролик [31]. 
Мұғалім: -«Ынталы» және «ұқыпты» деген сөздерді қалай түсінесің? 
Балалар сөздердің лексикалық мағынасын іздейді. 
Егер біз С.И. Ожегов сөздігіне үңілсек, түсініктеме табамыз: ұқыпты - бір 
нәрсені жақсы әрі адал орындау; ынталы - жұмысқа, оқудағы 
ыждағаттылығымен ерекшеленеді. 
- Ынталы, ұқыпты адамды қалай елестетесің? Сипатта. 
- Көбіне мұғалімдер оқушыға өтініш айтады: көріңіз. Бұл нені білдіреді? 
Сендер оқушылар сол тапсырманы нәтиже жоғары бағаланатын және бәріне 
қуаныш сыйлайтындай етіп орындау керек. 
- Балалар, кез-келген жұмысты орындау кезінде қандай ережелерді сақтау 
керек деп ойлайсыңдар? 
7. Жұмыс істейтін адамның ережелері:
 
Осы ережелерге назар аударып, оқы. Сен атаған және атамаған ережелер 
бар. Оларды тағы да қарап, есіңде сақта. 
- «Ұлдар» әңгімесін оқып, талқылау. 
 «Ұлдар» әңгімесі 
Екі әйел құдықтан су алады. Үшіншісі оларға жақындайды. Оларға бір 
қарт адам таянып, тастың үстіне келіп демалып, қосылады. Бірінші әйел екінші 
әйелге: 
- Менің балам ақылды, әрі мықты - оған ешкімнің күші келмейді, - дейді. 
- Ал, менікі бұлбұлдай сайрайды. Ешкімде ондай дауыс жоқ, - дейді 
екіншісі. Ал үшінші әйл үнсіз тұрады. 
- Ұлың туралы не айтпайсыз? - деп көршілерісұрайды.
- Мен не айта аламын?,- дейді әйел. - Онда ерекше ештеңе жоқ. 
Әйелдер суға толы шелектерді алып, жолға шықты. Ал олардың артынан 
қария келе жатты. Әйелдер қолдары ауырып, сулары шашырап, арқалары 
ауырғасын дем алуға тоқтайды.
Кенет олардың алдынан үш бала жүгіріп шығады. Біреуі жаттығулар 
жасап, секіріп түсіп, дөңгелектеп жүреді. Әйелдер оған тәнті болады. Екіншісі 
ән айтып, бұлбұл болады – оны әйелдер ұйып, тыңдайды. Үшіншісі анасына 
жүгіріп келіп, ауыр шелектерді алып, көтеріп кетеді. Әйелдер қариядан: 
- Қалай? Біздің ұлдар қандай? 
Өз жұмыс орныңда жұмыс істе. 
Жұмыс алдында ойлан: қандай құралдар, материалдар және әдебиет керек.
Саған кедергі жасайтын құралдарды алып таста немесе өшір.
Жұмыс уақытында тәртіпті сақта.
Жұмыс жоспарын жаса. 
Көмекті қабылда, адаммен бірігіп, жұмыс істеп үйрен.
Бірге жұмыс істеңдер 


502 
- Олар қайда? - деп жауап береді қарт. - Мен бір ғана ұлды көрдім. (В. 
Осеева). 
Мұғалім: Неге қарт адам әйелдерге осылай жауап берді? 
- Еңбекқор адам өзінің де, өзгенің де уақытын үнемдейді. Оның 
өміріндегі барлық нәрсе нақты жоспарланып, бөлінген. Мұндай адамдар өз 
істерін бір күнге, аптаға жоспарлайды. Адам өмірде белгілі бір режимді 
ұстанған кезде, демалуға әрдайым жеткілікті уақыт болады. 
Шағын топтарға арналған практикалық тапсырма. 
Енді мен сендерді 3 командаға бөлемін және әрқайсысына тапсырмасы 
бар парақ таратамын. Мақал-мәтелдердің басы мен соңын табу керек. 
Аяқтағаннан кейін әр команда осы мақал-мәтелдерді қалай түсінетіндіктерін 
айтады. 
Оқушылар тапсырманы орындап, оқып, өз пікірлерін айтады.
«Пантомима» ойыны 
Мұғалім: Балалар, енді біз сендермен аздап ойнаймыз. Ойын 
«Пантомима» деп аталады. 
Мен сендерге мамандықтың атын атаймын. Сендер мамандықты сөздің 
көмегінсіз, мимика арылы көрсетулерің керек. 
Мамандықтардың атауы: ДӘРІГЕР, МҰҒАЛІМ, САТУШЫ, АВТОБУС 
ЖҮРГІЗУШІ, ПОШТА ТАСУШЫ.
Балалар мамандықтардың пантомима арқылы көрсетеді. 
3. Әңгімелесу нәтижелерін талқылау. 
Рефлексия «Аяқталмаған сөйлем әдісі». 
Балалар, ұсынылған сөздердің ішінен бір сөйлемді таңдап, аяқта: 
Сынып сағатында мен түсіндім... 
Мен ұсынамын ... 
Мен шыдамды және еңбекқор боламын, өйткені ... 
3. «Менің мамандығым - менің болашағым» сынып сағаты 
Мақсаттары: оқушылардың мамандықтар туралы білімдерін жаңарту 
және мамандық таңдаудағы шығармашылық әлеуетін дамыту. 
Тапсырмалар: 
- мамандықтың адам өміріндегі рөлі туралы түсінік қалыптастыру; 
- қалаған мамандықты игеруге қажетті жеке қасиеттер туралы 
түсініктерін кеңейту; 
- пікірталас жүргізу, ой қозғау қабілетін қалыптастыру және басқа 
пікірлерге төзімділікті тәрбиелеу; 
- мамандық әлемінде бағдар деңгейін арттыру
- мамандықтардың ерекшеліктерін білу; 
- ақпарат ағынынан қажетті материалды таңдауға машықтану. 
Сабақтың формасы: ойын жаттығуы, сауалнама 
Өтетін орны: сынып / мектеп алаңы, саябақ, орман алқабы 
Жабдықтар мен көрнекіліктер: 
Флипчарт түрлі-түсті маркерлер, түрлі-түсті көрсеткіштер, журналистерге 
арналған дәптерлер мен қаламдар, альбом парақтары мен түрлі-түсті 
қарындаштар, сауалнама 


503 
Сабақтың барысы: 
«Бұл кім?» жаттығуы 
Ойын жаттығуларының мәні - оқушылардың бір-біріне деген біліміне 
сүйене отырып, қатысушылардың өз бейнесін әртүрлі мамандықтармен 
байланыстыруға мүмкіндік беруі. Ойын шеңберде ойналады, бірақ оны 
сыныпта өткізуге болады. Ойынға 6-8-ден 12-15 адамға дейін қатысуға болады. 
Бірінші ойынның уақыты - 5-7 минут. 
1. Нұсқаулық: «Мен мамандықтарды атаймын, әрқайсысын бірнеше 
секунд ішінде жолдастарына қарап, бұл мамандық кімге көбірек сәйкес 
келетінін анықтау керек. Содан кейін мен шапалақ ұрамын және бәрі бұйрық 
бойынша бір уақытта қолдарымен (немесе түрлі-түсті сілтегішпен) таңдалған 
адамға (аталған мамандыққа қолайлы) бағыттау керек». 
Ойын басталмас бұрын жүргізуші топ мүшелерінен олар үшін қандай 
мамандықтар қызықтыратындығын сұрай алады және тақтаға осы 
мамандықтарды (шамамен 10-15) жазып, кейін осы тізімдегі мамандықтарды 
атай алады. Бұл мамандықтың ешкімді қызықтырмай, тіпті жағымсыз 
болатындай жағдайларды тудырмайды. 
Егер ойыншылар аз болса (6-8 адам), онда оларды бір қолмен емес, екі 
қолмен көрсетуге болады (бір қолды - бір адамға, екіншісін - екінші қолыға). 
Қатысушылардың көп саны үшін мұның бәрін бір қолмен жасаған дұрыс, 
әйтпесе шатасулар болады. 
2. Жолдасын қолымен көрсетіп, әрқайсысы біраз уақытт қатып қалуы 
керек, ал жүргізуші кезекпен әр адамға қанша қол сілтегенін санап шығады, 
яғни көптеген ойыншылардың пікірі бойынша мамандық сол адамның 
бейнесіне неғұрлым сәйкес келеді деп саналады. Әрине, ойыншылардың өздері 
оларға қанша қолды көрсетіп тұрғанын есептей алады, бірақ ойын тәжірибесі 
көрсеткендей көп жағадайда жүргізушінің көмегінсіз көбісі шатысады. 
«Журналист» жаттығуы 
Балалар 
жұптарға 
бөлінеді. 
Жұптасып, 
жасөспірімдердің 
бірі 
«журналист», екіншісі - «жұлдыз» рөлін ойнайды (екінші кезеңде қатысушылар 
рөлдерін өзгертеді). «Журналист» «жұлдыздан» келесі жоспар бойынша сұхбат 
алады: 
- Мамандығыңбойынша қандай болғың келеді? 
- 20-30 жылдан кейін қандай жұмыс істеймін деп ойлайсың? 
- Кәсіби мақсатыңаа жетуге не кедергі болуы мүмкін? 
«Жұлдыздардың» жауаптарын «журналистер» жазады. Жұмыстың 
соңында «журналистер» өздерінің «жұлдыздарын» ұсынып, көрсетеді. 
«Менің 10 жылдан кейінгі күнім» жаттығуы 
Көзіңді жауып, 10 жылдан кейінгі күніңді елестетз. Сонымен, сен 25 
жаста боласың (24, 26). Сен таңертең тұрасың ба? Қазір сағат неше? Сен 
қайдасың? Кіммен? Әрі қарай не істейсің? Осы күннің барлық оқиғаларын 
егжей-тегжейлі және нақты түрде көруге тырыс. Айнаға жақында. Ол жерде не 
көресің? Қандай дыбыстар шығып жатқанын сезінесің бе? Сенің тактильді 
сезімің қандай? Саған болашақ имиджің көбірек ұнайды. Ол сен үшін барған 


504 
сайын жағымды болады. Ол ссағанөте ұнайды. Сен көзіңді ашып, болашақта 
өзіңмен кездесуден осындай жағымды сезімдерді алып, есте сақтауға тырыс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   221   222   223   224   225   226   227   228   ...   250




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет