513
Сөзжұмбақ шешу арқылы сабақтың тақырыбын анықтап,
мақсатын
айқындау.
Сөзжұмбақ шешейік
1. Қасиетті сан.
2. Қателігіңді түсінген кезде айтатын сөз.
3. Біз өткен тақырып « ............ мен сауап»
4. Үлкенге - ..........., кішіге – ізет. (құрмет)
5. Аптаның соңғы күні.
Әңгімелесу
Мұғалім сөзі: Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы – «Еңбек бәрін жеңбек».
Тақырып төңірегінде бірнеше сұрақтар қойылып, әңгімелесу жүргізіледі.
- Еңбек адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?
- Еңбекқор деп қандай адамды айтамыз?
- Өздерің қандай еңбекпен айналысқанды ұнатасыңдар?
- Адам бойында қандай қасиеттер болғанда жетістіктерге жетуге
болады?
Слайд арқылы «еңбектің пайдасы» деген сөзге топтастыру жасау
Еңбектің пайдасы – тәрбиелейді,
жігерлендіреді, күш береді, қуантады,
бақытты етеді, өмір сүруге үйретеді, үнемшіл болуға үйретеді, ширатады,
шынықтырады.
Балалардың жауаптары тыңдалып болған соң, мұғалім толықтырып,
адамның өмір сүруіне қажеттінің барлығы еңбекпен келетіні түсіндіріліп,
өзін - өзі тану пәнін мектеп бағдарламасына енгізуге ұсыныс жасап, осы
жайлы фотосуреттер және бейнефильм көрсетіледі.
Тәрбие сағаттың дәйексөзі
Оқушыларға бейнефильм
көрсетіліп болған соң, тақтаға итальяндық
ғалым, суретші Леонардо да Винчидің «Көп еңбек еткенге бақыт басын иеді»
деген сөздің анықтамасын, ұқсас түсініктерді, бақыт деген түсініктің
артықшылығын және кемшілігін анықтату
Достарыңызбен бөлісу: