Білім беру бағдарламасы 6В01505 Физика-информатика



бет6/73
Дата15.11.2023
өлшемі2.12 Mb.
#483370
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   73
Эл силлабус

6. Дәрістер кешені

1 дәріс


Тақырып: Кіріспе
Дәрістің мақсаты: Электр және магнетизм ілімінің маңызымен, даму тарихымен, курспен танысу.
Дәріс мазмұны:
1. Электр және магнетизм құбылыстарын зерттеу тарихы
2. Электромагнетизм ғылымының маңызы
1. Электр және магнетизм құбылыстарын зерттеу тарихы
Электр, магниттік құбылыстарды зерттеу ертеден басталды. ХVI ғасырда Гильберт ғылыми зерттеу негізін салды. ХVIII ғасыр аяғында Кулон, Гальвани, Вольт, Ампер, Ом, Фарадейдің тәжірибелік заңдары негізінде сол ғылымдардың түсініктері жинақталып, қалыптасты. Максвелл осы тәжірибелерді зерттей келіп, электрлік, магниттік және оптикалық құбылыстарды сипаттайтын жалпы теңдеулерді қорытып шығарды, электромагниттік толқындардың болатындығын, жарықтың электромагниттік толқынның бір түрі екендігін болжап айтты.
2. Электромагнетизм ғылымының маңызы.
Электромагнетизм ғылымының қазіргі өмірде: тұрмыста, өндірісте, ғылыми зерттеулерде алатын орны үлкен. Электр аспаптары, электр қозғалтқыштары, жарық көздері және тағы басқа қондырғылар кең қолданылады. Сол себепті электромагниттік құбылыстарды зерттеу, үйрену өте маңызды.
Өзін - өзі тексеру сұрақтары:
- Электр құбылыстарының зерттелу тарихы
- Токтардың өзара әсерлесуін зерттеу
- Электр және магнит құбылыстарының өзара байланысын зерттеу
- Электромагнетизмнің негізгі теңдеулері
- Электромагниттік толқындарды зерттеу тарихы
- Элементар зарядты анықтау тәжірибелері
- Гальванопластика және гальваностегия дегеніміз не?
- Электр вакуумдық аспаптар дегеніміз не?
- Шала өткізгіштер қалай зерттелді
Әдебиет[1-11]
2 дәріс
Тақырып: Зарядтардың өз ара әсері. Кулон заңы
Дәрістің мақсаты: Электростатика түсініктерімен ұғымдарына анықтама
Дәріс мазмұны:

  1. Электр зарядының сақталу заңы

  2. Кулон заңы





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет