Білім беру бағдарламасы: «7М015-Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау»


Зерттеу нәтижелері мен оны талқылау



бет6/23
Дата14.06.2023
өлшемі121.05 Kb.
#475022
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
автореферат

Зерттеу нәтижелері мен оны талқылау
2 ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІС-ТӘСІЛДЕР МЕН ЛОГИКАЛЫҚ ЕСЕПТЕР АРҚЫЛЫ САБАҚ САПАСЫН ЖАҚСАРТУДЫҢ ТӘЖІРИБЕЛІК НЕГІЗІ


2.4 Логикалық есептердің оқушылардың оқу үлгеріміне тигізетін әсерін анықтау

Қазіргі таңда заманауи технологияның дамуына байланысты ақпарат көздерінің көбеюі - жалпы білім беру бағдарламасында логикалық есептердің мектеп оқулығына көптеп қосу арқылы биологиялық терминдер мен түсініктерді қалыптастыру мен бекітудің мүмкіндігі зор.


Эксперименттік зерттеулер Түркістан қаласындағы М. Жұмабаев атындағы № 15 мектеп-лицейінің 7-11 сынып оқушыларымен бірге сабақтар жүргізілді. Жалпы зерттеу жұмыстарында бақылау тобына - 253, ал тәжірибелік топқа – 252 оқушы қатысты. Сыныптар кездейсоқ таңдалынып алынды.
Биологиядан оқушылардың бастапқы білім деңгейі бірдей болды. Бақылау тобында дәстүрлі сабақтар өткізілді, ал экспериментальді топтарда биологияны оқытудың инновациялық әдістерін (Фишбоун әдісі, ментальді карта, INSERT, Өрмекші, Сase-study, SWOT талдау және т.б.) пайдалана отырып, логикалық есептерді шешу арқылы сабақтар жүргізілді. Логикалық тапсырмалар негізінен кестелер мен диаграммалардан, танымдық қабілеттердің дамуынан, ауызша түрде оларды орындау тәсілдері қысқаша жазу, схемалық модельдерді қолдану, есептер шешімдерін талдау және синтездеу, салыстыру, жіктеу, абстракциялау және жалпылау, талдау арқылы орындалды, нәтижесінде қорытынды жасалды.
Осыған орай, биология сабағында оқушылардың қызығушылығын арттырудың түрлі әдістері бар. Соның бірі есептер шығару арқылы биологиялық ұғымдарды қалыптастыру жолы. Есептер шығару арқылы пәнаралық байланыстар қалыптасады, оқушылардың дүниетанымын кеңейтеді. Күрделілік деңгейі әр түрлі есептер, яғни ситуациялық, графикалық, зерттеу, шығармашылық есептерді шешуге ықпал ету оқушының кәсіби құзыреттерін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Оқу материалын терең және толық игеруге, алған білімді практикада қолдануға үйретіп, оқушының білімін тереңдетеді. Жалпы логикалық есептерді шешу жолдарын игеру оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады.
Зерттеуге 10 "А" сыныбы - бақылау сыныбы, оқушылар саны-38, 10 "Ә" сыныбы-эксперименттік сынып, оқушылар саны-37 бала қатысты. Оқушылардың оқу үлгерімдері 1-кестеде көрсетілген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет