Білім беру бағдарламасы: «7М015-Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау»


Диссертация жұмысының талқылануы мен жариялануы



бет5/23
Дата14.06.2023
өлшемі121.05 Kb.
#475022
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
автореферат

Диссертация жұмысының талқылануы мен жариялануы. Жұмыстың негізгі жағдайлары: Астана медициналық журналында (2020); Наука, образование, инновации: Актуальные вопросы и современные аспекты сборник статей IV междунар. научно-практ. конф. Пенза: Пенза МЦНС «Наука и просвещение» (2020); Қазақстанның ғылымы мен өмірі халықаралық ғылыми журналы" Педагогика сериясы. (2020); Достижения вузовской науки 2021. XVII Междунар. научно-исслед. конкурс, Пенза: Пенза МЦНС «Наука и просвещение». (2021); ҚазҰУ хабаршысы. Педагогика сериясы. Алматы (2021), «Заманауи ғылыми зерттеулер: Өзекті мәселелер, жетістіктер мен инновация» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференциясының материалдары. Түркістан (2021) баяндалды.
Диссертация тақырыбы бойынша 6 жұмыс жарияланды.
Ендіру дәрежесі: Зерттеу жұмысының нәтижелері «Түркістан қаласы білім бөлімінің Мағжан Жұмабаев атындағы №15 мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде "Биология пәні бойынша логикалық есептер" элективті курсы (01.02.2021 ж) және «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КЕАҚ, "Биология ғылымдары" кафедрасындағы «Жасуша биологиясы және молекулалық биологиядан логикалық есептер» «Клеткалық және молекулалық биология» пәніне (02.04.2021) енгізілді .


НЕГІЗГІ БӨЛІМ

  1. Зерттеу бағыттарын негіздеу. Қазіргі таңда адамдар және қоршаған ортамен байланысты болып жатқан әлемдегі өзекті мәселелердің шешімін табу биолог ғалымдарға тіреліп, ғылыми-зерттеу жұмыстарының тыңғылықты жүргізілуін талап етуде.

Заманауи технологияның дамуына байланысты орасан зор материалдық жəне зияткерлік қорлардың қосылуы биология ғылымының қарқынды дамуына зор үлесін қосуда. Сондықтан да, оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту мақсатында биологиясдан логикалық есептерді шығару арқылы қолданбалы биологиялық білімді қалыптастыруда жаңа тəсілдерді қолдану қажеттігі туындап отыр.
2 Зерттеу материалдары мен әдістері. Ғылыми жұмыс зерттелетін мәселенің педагогикалық бағытына негізделді. жұмыста қолданылған зерттеу әдістері мен материалдары:
1. Теориялық. Отандық және шетелдік ғылыми-әдістемелік көздерінен логикалық ойлау және математикалық биология бойынша психологиялық-педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерге шолу жасалды).
2. Эмпирикалық (бақылау, логикалық есептер шығару, сұхбат және т.б.). Биология саласындағы ғалымдардың еңбектері (Ленинджер А., 1985; Уилсон Дж., Хант Т., 1994; Северин Е.С., 2005; Соколовская Б.Х., 1991; Антипов Е.В., 2012 және т.б.) негізінде құрастырылған қиындық дәрежелері әр түрлі, бірнеше есептердің шығару жолдарымен берілді.
3. Статистикалық (математикалық тәсілмен алынған нәтижелер өңделіп, графиктер мен диаграмма жасалып, есептеулер жүргізілді). биология пәнінен логикалық есептердің оқушылардың білім деңгейіне қалай әсер ететіндігі анықталды.
Оқытудың инновациялық технологиясы көмегімен интеграциялық оқыту үрдісінде оқушылардың «Жасуша биологиясы», «Өсімдіктану», «Жануартану», «Адам анатомиясы мен физиологиясы», «Генетика және селекция негіздері, «Молекулалық биология және биохимия» тараулары бойынша негізгі ұғымдарды меңгеру дәрежесіне талдау жасалынды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет