Зерттеу нысаны: биология пәнінен логикалық есептерді шығару арқылы оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру.
Зерттеу пәні: биология пәні бойынша оқытуда логикалық есептердің көмегімен логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Зерттеудің мақсаты. Мектеп бағдарламасында логикалық есептер шығару арқылы қолданбалы биологиялық білімді қалыптастырудың ғылыми-педагогикалық негізін айқындау.
Мақсатқа сәйкес келесідей негізгі міндеттер қойылды:
Психологиялық-педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерден мектеп бағдарламасында логикалық есептер шығару арқылы қолданбалы биологиялық білімді қалыптастырудың негізін қолданудың жағдайларын зерделеу.
Жалпы білім беру мектептерінде қолданбалы бағыттағы биология курстарының оқу бағдарламасында логикалық есептерді шығару арқылы білімді қалыптастырудың ғылыми-педагогикалық негізін зерттеу.
Оқу үрдісінде логикалық есептер шығару арқылы қолданбалы биологиялық білімді қалыптастыру тәжірибесінің оқушылардың оқу үлгеріміне тигізетін оң әсерін көрсету.
Зерттеу базасы: «Түркістан қаласы білім бөлімінің мағжан жұмабаев атындағы №15 мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Зерттеу кезеңдері. Зерттеу 2019-2021жж. аралығында үш кезеңде жүргізілді.
1-кезеңде (01.10.2019-31.08.2019 жж.) биология, педагогика, психология әдістемесі саласындағы теориялық дереккөздерге ғылыми талдау жүргізіліп, зерттеу кезінде өзекті бағыттарын, зерттеудің мақсатын, гипотезасын және міндеттерін анықтауға мүмкіндік берді.
2-кезеңде (01.09.2020-30.12.2020 жж.) биология сабақтарында оқыту әдістерінің құрамында логикалық ойлау әрекетінің тәсілдерін қалыптастыру әдістемесі негізделді. Анықтау экспериментін талдау негізінде биологияның жекеленген тарауларына арналған логикалық есептер құрастырылып, оқытудың инновациялық әдістерінің көмегімен әр сабаққа әдістемелік ұсыныстар дайындалды, оларды эксперименттік топтарда сыналды.
3-кезеңде (05.01.2021-20.04.2021 жж.) эксперименттік әдістемені тексеру бойынша нәтижелерді өңдеу және түзету; теориялық және эмпирикалық зерттеулердің нәтижелерін қорыту; қорытындыларды қалыптастыру; диссертацияны рәсімдеу болды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Биологияны оқытуда логикалық есептерді шешу жаратылыстану-ғылыми бағыты болып табылады, қолданбалы биология аумағында оқушының өздігінен жұмыс істеу және ойлау қабілеті мен жеке тұлғаны дамытуға жағдай жасайды. Мектеп бағдарламасында оқытудың инновациялық әдістерін қолдана отырып, қолданбалы бағыттағы логикалық есептер шығару арқылы оқушылардың ой-өрісін, логикалық ойлау дәрежесін кеңейту, шығармашылық қабілетін арттырып, саналы тұлғаны қалыптастыру мүмкіндіктері мол.
Достарыңызбен бөлісу: |