Зерттеудің теориялық маңыздылығы. Биологиялық есептерді шешу кезінде негізгі оқу компетенциясын дамыту мен қалыптастыруға негізделген биология бойынша базалық білімді тұрақтандырып тереңдетеді. Жалпы білім беру бағдарламасында қолданбалы бағыттағы логикалық есептер шығару арқылы білімді қалыптастырудың ғылыми-педагогикалық негізін оқыту - оқу материалдарын түсінікті меңгеріп, жеке тұлғаның қалыптасуына оң әсерін тигізеді. Логикалық есептер шығару көбінесе бекіту, қайталау сабақтарында қолданылады. Жеке тұлғаның өзіндік әрекетінің нәтижесінде өз бетінше ойлау біліктері мен ізденімпаздығы, оқуға деген қабілетінің артуы, өз ойының дербестігі қалыптасады.
Зерттеудің тәжірибелік (практикалық) маңыздылығы. Биологиядан логикалық есептерді шешу – тіршіліктің ұйымдасуының барлық деңгейінде биологиялық жүйелердің құрылысы мен қызметтенуін тану сияқты фундаментальді жалпы биологиялық түсініктерді меңгеруге мүмкіндік береді. Биологияны оқытуда оқушылардың негізгі түсініктерді қабылдауда мектеп бағдарламасында қолданбалы бағыттағы логикалық есептер шығару арқылы білім берудің ықпалы зор. Cондықтан да, биологияның негізгі терминдерін түсіндіруде логикалық есептерді қолдану оқушылардың қызығушылықтарын арттырып, дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастырады.
Күтілетін нәтижелер:
1. Әдістемелік, психологиялық және педагогикалық әдебиеттерден мектеп бағдарламасында логикалық есептер шығару арқылы қолданбалы биологиялық білімді қалыптастырудың ғылыми-педагогикалық негізін қолданудың жағдайлары туралы ақпарат жинақталды.
2. Мектепте қолданбалы бағыттағы биологияның жекеленген бөлімдерін оқытуда логикалық есептерді шығару арқылы оқушылардың білім деңгейлерін көтеретіндігі анықталып, нақтыланды.
3. Оқытудың инновациялық әдістерінің көмегімен логикалық есептер шығару арқылы қолданбалы биологиялық білімді қалыптастыру тәжірибесінің нәтижесінде оқу үлгерімдерін жақсартатындығы айқындалды.
4. Жалпы білім беру бағдарламасында «Жасуша биологиясы», «Өсімдіктану», «Жануартану», «Адам анатомиясы мен физиологиясы», «Генетика және селекция негіздері, «Молекулалық биология және биохимия», «Эволюция», «Экология негіздері», «Биотехнология, биомедицина» бөлімдері бойынша логикалық есептердің жаңа түрлері құрастырылды.
Достарыңызбен бөлісу: |