Білім беру бағдарламасы бойынша студенттерге арналған «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар»


Ақпарат қорғанысының негізгі қауіптеріне жəне ақпараттық жүйенің қарапайым



Pdf көрінісі
бет56/123
Дата04.04.2024
өлшемі3.3 Mb.
#497627
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   123
dq7As3HU6Ry4qwd6jMwI5cm4rMOXzSwTobGFoeXw

Ақпарат қорғанысының негізгі қауіптеріне жəне ақпараттық жүйенің қарапайым 
функциялануына келесілер жатады: 
• 
құпия ақпараттың ағып кетуі; 
• 
ақпаратты компрометациялау; 
• 
ақпараттық ресурстарды бекітілмеген жолмен қолдану; 
• 
ақпараттық ресурстарды қателесіп қолдану; 
• 
абоненттердің арасында бекітілмеген ақпарат алмасу; 
• 
ақпараттан бас тарту; 
Идентификация 
Идентификация – қатынасатын субъектке арнайы идентификатор (қайталанбайтын) 
тағайындау жəне оны мүмкін болатын идентификатор тізімімен салыстыру операциясы. 
Аутентификация 
Аутентификация – қатынасатын субъект пен оның идентификаторының сəйкестігін 
тексеру əрі растау операциясы. Аутентификацияның əдістерін үлкен 4 топқа бөлуге болады: 
1. Белгілі бір құпия ақпаратты білуге негізделген əдістер. Бұл əдістің бəрімізге таныс 
мысалы – парольдік қорғаныс. Қолданушы жүйеге кірер кезде пароль, яғни 
таңбалардың құпия тізбегін, енгізу керек болады. Аутентификацияның бұл əдісі ең 
кең таралған болып табылады. 
2. Қайталанбайтын зат (нəрсе) қолдануға негізделген əдістер. Қайталанбайтын зат 
ретінде түрлі смарт карталар, токен, электрондық кілттерді айтуға болады. 
3. Адамның биометриялық белгісіне негізделген əдістер. Іс жүзінде биометриялық 
белгілердің келесідей түрлері қолданылады: Саусақтың ізі, Көздің торлы қабықшасы 
не мөлдір қабықшасының суреті, Қолдың жылулық суреті, Беттің фотосуреті не 
жылулық суреті, Жазу (қолтаңба), Дауыс 
4. Қолданушымен байланысты ақпаратқа негізделген əдістер. Мұндай əдістердің 
мысалы ретінде қолданушының GPS арқылы алынған координаттарын айтуға 
болады. 
Аутентификацияның парольдік жүйелерінің ерекшеліктері: 
• 
Жүзеге асырудың салыстырмалы түрдегі жеңілдігі. Шынымен-ақ, парольдік 
қорғаныс механизмін ұйымдастыруға, көп жағдайда, ешқандай артық аппараттық 
құралдар керек емес. 
• 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   123




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет