Білім беру бағдарламасы бойынша студенттерге арналған «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар»



Pdf көрінісі
бет59/123
Дата04.04.2024
өлшемі3.3 Mb.
#497627
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   123
dq7As3HU6Ry4qwd6jMwI5cm4rMOXzSwTobGFoeXw

Бақылау сұрақтары: 
1. Қауіптер түрлері? 
2. Аутентификация жəне идентификация мəні неде? 
3. Зиянды бағдарламаларға қысқаша түсінік? 
 
Əдебиеттер: 
1. Т.Б. Нурпеисов, И.Н. Кайдаш “Қазіргі сандық əлемдегі информатика”, Оқу құралы, 412 бб 
Алматы 2021ж. 
2. D.Shynybekov, R.Uskenbayeva., V.Serbin, N.Duzbayev, A.Moldagulova, K.Duysebekova, 
R.Satybaldieva, G.Hasanova, B.Urmashev “Information and communication technologies”, 
Textbook in 2 parts Part 1, Almaty, IITU, Pages: 643, 2017 . 
3. Джусупбекова Г.Т., Бесбаев Г.А., Ахметова С.Т., Рахымбек Н.Ж., ТурганбековаМ.М., 
Белесова Д.Т. «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар» оқулық, М. Əуезов атындағы 
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, 176б, 2020 
4. Шевчук 
Е.В., 
Шпак 
А.В., 
Кольева 
Н. 
С. 
ИНФОРМАЦИОННЫЕ 
КОММУНИКАЦИОННЫЕ ТЕХНОЛОГИИ учебно-методическое пособие. Алматы: Эверо, 
2020.- 108 с. https://elib.kz/ru/search/read_book/1729/ 
5. June J. Parsons and Dan Oja, New Perspectives on Computer Concepts 16th Edition – 
Comprehensive, Thomson Course Technology, a division of Thomson Learning, Inc Cambridge, 
MA, COPYRIGHT © 2014. 
6. Lorenzo Cantoni (University of Lugano, Switzerland) James A. Danowski (University of Illinois 
at Chicago, IL, USA) Communication and Technology, 576 pages, Nurpeisova T. Kaidash ICT, 
Almaty, Bastay 2017 
Дəріс 16. Киберқауіпсіздік. 
Мақсаты: студенттерге Электрондық цифрлық қолтаңба ашу, шифрлау əдістерін үйрету. 
Жоспар: 
1. Қазақстан Республикасының ақпараттық қауіпсіздік саласындағы реттеуші 
құқықтық қатынастар заңнамасы. Электрондық цифрлық қолтаңба. 
2. Шифрлау. 
Қазіргі кезде ақпараттық технологиялар түрлі елдер мен континенттердің адамдарына 
қызықтырушы мəселелерді нақты уақыт режимінде талқылауға мүмкіндік береді. Заманауи 
ақпараттық технологиялар тікелей оқиғалар орнынан немесе қатысқан адамдардан ақпаратты 
алуға көмектеседі. Бірақ осы ерекшеліктердің арқасында ақпараттық технологиялар заңсыз 
контенттің таралуы, SPAM хабарла маларды жіберуді қоса алғанда, қарама-қайшы 
əрекеттерді жасау үшін ақпараттық жүйелердің осалдығын қолдану сияқты əр түрлі теріс 
құбылыстарды дамыту үшін бірегей орта болып табылады.
Қазіргі кезде интернеттегі киберқауіпсіздік жағдайы үлкен қауіп туғызуда.
Əр түрлі экстремистік топтар мен террористік ұйымдардың интернет ресурстарын 
қолдануын да атап өткен жөн. Өкінішке орай, əр түрлі пиғылдағы секталар да заманауи 
технологияларды елемейді емес. Бұл түрдегі киберқылмыскерлер ақпараттарды жəне 
əлеуметтік желілердің сервистерін жаңа ізбасарлар мен орындаушыларды тарту үшіг 
қолданады.
Қазіргі кезде киберқауіпсіздіктің келесі мəселелерін бөліп қарастырған жөн:
1) 
Оnline-коммуникациялар кезінде балаларды қорғау.
2) 
Экстремизмді тануға, ұлтаралық өшпенділікті тұтандыруғақарсы тұру.
3) 
Авторлық құқықтарды қорғау.


70 
4) 
Электрондық төлемдер мен сауда келісімдерінің қауіпсіздігінқамтамасыз ету.
5) 
Спамды жіберуге қарсы тұру.
6) 
Заманауи желілік технологияларды қолдану арқылы ұрлықжасауға қарсы тұру.
7) 
Желілік өзара əрекет етуде жеке өмір құпияларын сақтаудықамтамасыз ету.
Интернет жаһандық ауқымдағы көпшілік ресурсқа айналды, жəне оны қолдануды басқару 
ақпараттық қоғамның күн тəртібіндегі негізгі мəселелердің бірі болып табылуда.
Интернетті қолдануды басқару халықаралық деңгейде мемлекеттік басқару органдарының, 
жеке сектордың, азаматтық қоғам мен халықаралық ұйымдардың толық қатысуымен 
көптарапты, айқын жəне демократиялық негізде жүзеге
асырылады. Бұл басқару ресурстарды əділ бөлуді қамтамасыз етеді, барлығына кіруге ықпал 
етеді, көптілдікті еске отырып интернетті тұрақты жəне қорғаулы қызмет етуіне кепілдік 
береді. Интернетті қолдануды басқару техникалық мəселелерді, сондай-ақ мемлекеттік 
саясаттың мəселелерін де қамтиды.
Интернетті басқаруға қатысты мəселелрді жақсы түсіну үшін жəне қызығушы тараптар 
арасындағы ашық жəне транпарентті диалогқа жəрдемдесу үшін БҰҰ бас хатшысы щақырған 
интернетті басқару мəселелері бойынша Форумды құруға шешім қабылдады. Форумның 
негізгі қызметі – дамушы жəне дамыған елдерде интернеттің тұрақтылығы мен дамуын
сенімділігін, қауіпсіздігін, тұрақты сипатын қамтамасыз етуге көмектесу мақсатында
Тунистік 
бағдарламада 
аталған, 
интернетті 
басқарудың 
кілттік элементтеріне 
қатысты,мемлекеттік саясат мəселелерін талқылаудан тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   123




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет