Толық рационды құрама жем -негізінен құс, доңыз, жылқы, ірі қара және жас малға арналған. Мұндай мұндай құрама жем мал мен құс организмін керекті тағамдық заттармен толық қамтамасыз етіп, жемнің басқа түрлерін қосуды қажет етпейді. Ал жылқыға арналған толық рационды құрама жемге пішен шөп қосқан тиімді болады.
Құрама жем концентраты - мал мен құстың ірі және құнарлы жем азықтарына қосуға арналған, оның құрамында протеин, минералды заттарға, микроэлементтерге және антибиотиктерге бай.
Нәруызды-витаминді қосымшалар - әдетте ұсатылған дән қоспаларын байыту үшін қолданады. Олардың құрамында нәруызға, витаминдерге, минералды заттарға, микроэлементтерге және антибиотиктерге бай шикізаттар болады.
Премикстердің құрамында белсеңді биологиялық заттар көп. Сондықтан құрама жем мен нәруызды-витаминді қосымшаларды керекті биологиялық заттармен байыту үшін қолданады.
Жем қоспасы - үш немесе төрт компоненттерден немесе дән өңдеу өндірістерінің жанама өнімдерінен дайындалады. Оны ірі қара мен қойлардың азығы ретінде қолданады.
Байытқыш қоспа дегеніміз - құрама жем кәсіпорындарының арнаулы жем рецептісі бойынша жасалынған біркелкі ұсатылған нәруызды, минералды және микроқосымшалармен толықтырылған заттар.
Карбамидті концентрат дегеніміз - ұсатылған дән, карбамид және бентониттен бекітілген рецепт бойынша жасалынған біркелкі ұсатылған жем азығы.
топқа дәнді-дақылдар: бидай, қара бидай, арпа, сұлы, тары т.б. Басқа дәнді- дақылдарға қарағанда жүгеріде жем бірлігі мөлшері көп, ал шикі клетчаткасы аз болады. Төрт түлік малға, құстарға арпа азық-түлік түрінде беріледі. Оның қабығы ядромен беттесе өседі. Сондықтан 9,6% құрайтын қабықты ажырату қиын. Құрама жемге қосылатын қара бидайдан крахмалы мал асқазанында қатты ісініп, ас қорыту жүйесінің өзгеруіне әкеліп соғады. Сондықтан жемге қосатын қара бидайдың мөлшерін шектеу қажет. Сұлының азықтық құндылығы аса жоғары, оның дәні 30% құрайтын оңай ажырайтын қабықпен қапталған. Жас малмен құсқа сұлыны қабықсыз берген дұрыс.
топ Диірмен және жарма өндіретін жанама өнімдер. Оған: ұн және жарма алу кезінде түзілген жем, ұншық және жемдік ұнтақпен, кебек жатады.
топ арпа мен сұлының жемдік құны.
топ май өндіретін зауыттардың жанама өнімдері. Оған: күнжара мен шұлық (шрот).
топ қант кәсіпорнының қалдықтары, кептірілген қызылша жоны және жемдік сірне жатады.
Қантын бөліп алып, кептірген қызылша жаңқаларын жом деп атайды. Қызылша жомы мен сірнесі қант кәсіпорындарының негізгі қалдықтары.
Жем патокасы - құрамында 50% -ға дейін қанты бар қалыпты температурада сұйық зат. Жом мен сірне дән шикізатын алмастыра алады.
топ Крахмал кәсіпорындарының жем өнімдері: экстракциялы және экстракциясыз жүгері мен бидай езінді жемдері, гидрол.
топ ашыту (арақ, шарап, сыра, т.б) кәсіпорындарының жем өнімдері: жемдік ашытқы, кептірілген сыра бытыршақтары.
топ Гидролиз кәсіпорындарының жем өнімдері: жемдік ашытқы.
топ жануар тектес жем ұндары: ет-сүйек, қан-жын, гидролизденген қауырсын ұндары, балық, теңіз сүт қоректілері мен шаян тәріздес жәндіктердің жемдік ұны. Жануар тектес жем ұндарының құндылығы жоғары. Өйткені, олардың құрамында тиімді амин қышқылды нәруыз көп (50-60%). Ет - сүйек, сүйек ұндары кальций мен фосфорға аса бай.
топ шөп және көк бұтақшалардың витаминді ұны.
Шөп ұнын орылған шөпті кептіргіште кептіріп, оны балғалы ұсатқыштарда ұнтақтау арқылы алады. Құрамындағы протеинді дәнді-дақылдар мен шамалас және каротин А провитаминге бай шөп ұнын шашпа және гранулденген түрде шығарады.
топ минерал тектес шикізаттар: бор, әк, ас тұзы, бетонитті ұнтақ, жемдік фосфат, фосфат декальциі т.б. минерал тектес шикізаттар құрама жемнің дәмін жақсарту, сондай-ақ кальций мен фосфор, натрий мен кальцийдің қажетті қатынастарын түзетуге арналған.
топ Химия микробиология (медицина) кәсіпорындарының өнімдері: карбамид және басқа синтетикалық азотты заттар, микроэлемент тұздары, витаминдер, антибиотиктер, амин қышқылдары және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |