«білім берудегі 4к моделі: теория мен әдістеме» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік



Pdf көрінісі
бет18/138
Дата08.10.2023
өлшемі2.86 Mb.
#480116
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   138
Bilim-berudegi-4K-zhina-y

Пайдаланылған әдебиеттер: 
1. 
Балақаев М.,Томанов М.,Жанпейісов Е.,Манасбаев Б Қазақ тілінің стилистикасы. – Алматы: Мектеп, 
1974.-192. 
2. 
Стриженко А.А. Роль языка в системе средств пропоганды. Томск: Изд-во Том. ун-та, 1980. С. 210. 
3. 
Жақып Б. М.Әуезов – публицист. Филол.ғыл.канд... авторефераты. Алматы, 1994. 31 б. 
4. 
Сыздықова Р. Әдебиет – тілмен әдебиет // Қазақ әдебиеті. 1987. 25 қыркүйек. 
5. 
Омашев Н. Әуезовтің бітпей қалған очеркі // Жас Алаш. 1997. 4 қазан. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


38 
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТІЛДЕСІМНІҢ 4К МОДЕЛІН
ІСКЕ АСЫРУДАҒЫ РӨЛІ 
 
Р.С. Рахметова 
 
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ассоциативті профессоры, п.ғ.д.  
 
Н. Наби
Алматы қаласы И.В.Панфилов атындағы №54 мамандандырылған 
Қазақстан-Ресей мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс 
сапасын арттыру» атты жолдауында «Білім беру ісінде 4К моделіне: креативтілікті, сыни 
ойлауды, коммуникативтілікті дамытуға және командада жұмыс істей білуге басты назар 
аударылуда», ‒ деп атап көрсеткен болатын [1]. Білім беру саласында 4К моделін көптеген 
мемлекеттер қолдануға басымдылық беріп отыр. Көрші Ресей елінде аталған моделді білім 
беру жүйесіне енгізбес бұрын эксперименттер жасалып жатқаны мәлім. Қазіргі таңда ҚР-да да 
білім беру жүйесінде оқушылардың сыни және креативті ойлауын дамытуға, адамдармен тіл 
табыса алу дағдысын жетілдіруге, топпен, ұжыммен жұмыс істей алу қабілетін 
қалыптастыруға баса мән беріліп отыр.
4К моделіне кіретін дағдының бірі ‒ коммуникация. Оқушылардың адамдармен тіл табыса 
білу, кез келген жағдайдан шыға алу, басқа адамның пікірін тыңдай білу, оның пікірімен 
санаса отырып, өз пікіріңді дәлелдеп, дәйектеп жеткізе алу дағдыларын қалыптастыру ‒ өзекті 
мәселе. Осы мәселені шешуде көмекке келетін құрал ‒ педагогикалық тілдесім. Себебі педагог 
тілі – балалардың сөйлеу тілін дамытудың негізгі көзі. Білім алушылар өз мұғалімдерімен 
сабақ үрдісінде де, сабақтан тыс уақытта да қатынас жасайды. Педагог оқу үрдісін 
ұйымдастырады, бағдарламада көрсетілген білім мазмұнын игертеді, яғни бүкіл сабақ үдерісі 
сөйлеу арқылы іске асады. Демек, білім беру мекемелерінде тілді дамыту түгелімен педагог 
сөзінің сапасына байланысты. Педагогтың тілдесім мәдениеті – бұл оның кәсіби даярлығының 
көрсеткіші. Сондықтан өзінің сөйлеу тілін жетілдіру – әрбір мұғалімнің адамгершілік және 
қоғамдық парызы. Кәсіби тіл мәдениетін игерту педагог кадрларды даярлау ісінің ажырамас 
бөлігі болып табылады. Мұғалімнің тіл мәдениеті оқу-тәрбие үрдісіне белгілі дәрежеде әсерін 
тигізеді. Өйткені тіл адамдық сапаның көрсеткіші болғандықтан, тіл мәдениеті мәселесі 
алдымен, адами қасиеттерді қалыптастыруымен шектесіп жатады. 
Әбу Насыр әл-Фараби өз еңбегінде адамдар арасында сөздің айрықша қызмет атқаратына 
тоқталған. Ғалым практикалық ізгіліктер мен практикалық өнерлер адамның өзіне тән әрекет 
дағдысы арқылы қалыптасатынын сөз ете келіп, «бұған екі түрлі әдіспен» жететінін айтып, 
оны «бірінші, иландырғыш нақыл сөз, сезімге әсер еткіш нақыл сөз және басқа нақыл сөздер 
әдісі» деп үшке бөледі. «Бұл әрекеттер мен қасиеттердің көңілге толық ұялайтыны соншалық, 
адамдарды осы қасиеттерге байланысты әрекеттерді өз еркімен жасауға жігерлендіреді, ал 
бұлардың көңілге ұялауы шешендік өнерін пайдалану қабілеті мен дағдысына байланысты; 
екінші, өз еркімен, өз қалауы бойынша жөнге келмейтін және сөзге құлақ аспайтын бүлікшіл, 
көнімсіз қала тұрғындары мен халықтарға қолданылатын күштеу әдісі арқылы жетеді; 
сонымен бұл әдіс өздері үйрене бастаған теориялық білімдерді ұғынуға қарсылық білдіруші 
адамдарға да қолданылады» деп қорытады. Адамға бұл нақыл сөздер әсер ету үшін иландыру 
әдісін қолдану қажеттігін айтып, оны былайша дәйектейді: «Бұл ретте нақты мәселеге орайлас 
нақыл сөздер де, сезімге әсер ететін этикалық нақыл сөздер де пайдаланылады, бұлар қала 
тұрғындарының жан-жүйесін баурап, бағындырып алады, жөнге салып, жуасытады, ал 
бұларға қарама-қарсы реттерде сезімге әсер ететін этикалық нақыл сөздер пайдаланылады, 
бұлар қала тұрғындарының жан-жүйесін нығайтып, күшейтеді, қатайтып, қайраттандырады». 
Ғалым қайырымды қала тұрғындары, яғни «өзіне қарама-қарсы әкім жөнінде де, өзі 
пайдаланатын адамдары мен көмекшілері жөнінде де, қайырымды адамдар мен оларға қарама-


39 
қарсы адамдар» да осы нақыл сөздерді қолданатынын, «керек жерінде ол адамның жан-
жүйесін баурап алып, бағындыратын нақыл сөздерді» пайдаланатынын, «ал бұған қарама-
қарсы жағдайда адамның жан дүниесін нығайтып, қатайтып, қайраттандыратын нақыл 
сөздерді», сонымен қатар «әлгілердің көзқарастары мен әрекеттерін масқаралайтын, 
сұмпайылығы мен бейбастығын әшкерелейтін нақыл сөздерді» қолданатынын дәлелдеп, адам 
бұл жағдайда екі түрлі сөзді пайдаланатынын көрсетеді: 1) белгілі бір күндерде, белгілі бір 
мезгілдерде, оқта-текте есте сақтамай-ақ және қағаз бетіне түсірмей-ақ қолдануға болатын 
сөздер. 2) Есте сақтап, қағаз бетіне түсіруге болатын түрі [2]. Ғалымның пайымдауынша, адам 
кез келген ортада адаммен қарым-қатынас жасауда өзіне қажетті сөздерді іріктеп пайдалана 
алуы шарт. Сонда ғана ол өзінің алдына қойған мақсатына жетіп, адамды иландыра алады.
Мағжан Жұмабаев баланы тәрбиелеуде сөздің алатын рөлін жоғары бағалаған. Педагог 
баланың есту сезімі сөз арқылы дамитынын айтып, «ана баланың жанында ешбір уақыт 
үндемей отырмау керек. ...Баланың есту сезіміне аса көп әсер беретін ‒ бесік жыры. Баланы 
қолына алған, баланың бесігі жанына келген ана аузына тас салғандай үндемей отырмасын. 
Жырлай берсін. Бала сөзінен ұқпаса да, күйінен әсерленеді», ‒ дейді [3,41]. Ол «Тіл ‒ адам 
жанының тілмашы, тілсіз жүрек түбіндегі бағасыз сезімдер, жан түкпіріндегі асыл сөздер 
жарық көрмей, қор болып қалар еді. Адам тілі арқасында жан сырын сыртқа шығарып, 
басқалардың жан сырын ұға алады. Ойлаған ойын сыртқа шығарып, басқаларға ұқтыра алса, 
адамның не арманы бар!» деп толғанады. Мағжан Жұмабаев «баланың тілін дұрыс жолға 
салатын, дұрыстайтын, байытатын ‒ мектеп» деп, бала тілін дамытудағы мектептің рөлін 
жоғары қойған [3, 73]. Педагог баламен сөйлесу кезінде тілді бұзып сөйлемеу; балаға таныс 
емес жат сөздерді үйретпеу; баланы өзімен жасты балалармен ойнату; баланы ешуақытта 
сөзден тыймау деген қағидаларды сақтауға шақырып, бала мен мұғалім арасында мықты 
байланыс болуына назар аудартады. М.Жұмабаевтың пікірінше, бала мен ұстаз арасындағы 
өзара түсінушілік пен сенім баланы ешуақытта өтірік айтпауға тәрбиелеп, өз ойын, сырын 
жасырмай айтуға итермелейді.
Жалпы тіл, сөз өнері жайлы зерттеушілердің барлығы да тілдесімді жүзеге асыруда мектеп 
пен мұғалімнің рөлін асыра бағалайды. Бұдан бала өмірінде педагогикалық тілдесімнің 
маңызға ие екенін байқаймыз. Орыс ғалымы Д.А.Белухин тілдесімнің екі түрін көрсетеді: 1) 
әлеуметтік-бағдарлы тілдесім. Тілдесімнің бұл түрі арқылы әлеуметтік мәселелер шешіледі, 
қоғамдық қарым-қатынас іске асады, әлеуметтік өзара түсінушілікке жол ашылады. 2) 
тұлғалық-бағдарлы тілдесім. Тілдесімнің бұл түрі іскери қарым-қатынасқа құрылып, бірлесе 
атқарылатын жұмыстарға бағытталады [4]. Ғалымның ойынша, тұлғалық-бағдарлы тілдесімде 
алдыға мақсат айқын қойылуы тиіс. Яғни мұғалім оқушымен тілдесу барысында одан нені 
қажет ететінін өзі айқын біліп тұруы шарт.
Д. Б. Эльконин адамның әрбір жас кезеңінде оның дамуына белгілі бір әрекеттер әсер 
ететінін дәйектеп, «для каждого периода возрастного развития человека характерен ведущий 
вид деятельности, в зависимости от которого складывается определенный тип общения» деген 
пікір айтады [5]. Ғалымның түйіндеуінше, нәрестелік кезеңде тілдесім негізгі әрекет болып 
саналады. Өйткені үлкен адам баламен эмоциясымен бөліседі, оны айналадағы әлеммен 
таныстырады. Сәбилік кезеңде заттарды қолдануды үйретеді, баланың сөйлеу тілінің 
қалыптасуына әсер етеді. Мектепке дейінгі естияр кезеңде тұлғаралық қарым-қатынас 
қалыптаса бастайды. Мектеп жасындағы ересек кезеңде оқушы оқу үдерісіне толықтай енеді. 
Осы бағытта түрлі тілдесімге түсе бастайды. Жасөспірім кезеңде тұлғалық-бағдарлы қарым-
қатынасқа көп көңіл бөлінеді. Оқушы жеке тұлға ретінде жан-жақты қалыптасып, дами 
бастайды. Яғни ғалым тілдесімді адамның жас кезеңдерімен сабақтастықта қарастырып, әрбір 
кезеңге байланысты тілдесімнің де өзгеріп, дамып отыратынына тоқталады [5]. 
Жалпы педагогикалық үдерісте білім берудің мәнін ғалымдар үш қырынан қарастырады. 
1) әлеуметтік жағынан қарастыру. Білім алушыға табиғат, қоғам, ойлау, іс-әрекет туралы білім 
мазмұнын игерту; 2) педагогикалық қырынан қарастыру. Білім алушыға интеллектуалдық 
және тәжірибелік білік пен дағдыларды меңгерту; 3) психологиялық. Білім алушыға басқа 


40 
адамдарға, адамзаттың шығармашылық қызметі нәтижесінде пайда болған тәжірибелерге 
деген эмоциналдық-еріктік қарым-қатынасты меңгерту. Яғни педагогикалық тілдесім көп 
сатылы үдеріс болып табылады. Оның үш құрылымдық компаненті бар: коммуникативтік 
(ақпарат алмасу); интеракция (бірлесе жұмыс атқару барысындағы әрекет); перцепция (басқа 
адамның тілдесімді қабылдауы).
Психология-педагогикалық зерттеулерде тілдесімнің атқаратын қызметін бірнеше түрге 
жіктеу кездеседі. 1) ақпараттық-коммуникативтік қызмет кез келген индивидттер арасындағы 
ақпараттық алмасу арқылы айқындалады. Бұл тілдесімге қатысушының бірі белсенді тұлға 
болуы мүмкін. Қабылдаушы тілдесімде өз ойын, пікірін, эмоциясын білдіреді. Осының 
нәтижесі тілдесімнің ары қарай өрбуіне әсер етеді. 2) Прагматикалық қызмет. Адамдардың 
бір-бірімен бірлесіп қызмет етуі арқасында іске асады. Тілдесімнің прагматикалық қызметі 
бірлесіп атқарған әрекетте өзара түсінісуі арқылы көрінеді. 3) Тілдесімнің қалыптастырушы 
қызметі адамның дамуы мен қалыптасуында байқалады. Мәселен, үлкен адам мен баланың 
тілдесімі бұл жай ғана ақпарат алмасу емес. Бала үлкен адаммен тілдесу арқылы одан өзіне 
қажетті білім, білік, дағдыны үйренеді, оны өз әрекетінде қолдануды игереді. 4) 
коммуникативті-әсер ету қызметі тілдесім кезіндегі адамдардың эмоциясы, тіпті олардың 
өзіне тән психологиясы арқылы көрінеді. Өмірде бір-бірімен тіл табыса алмайтын, тілдесім 
үнемі іске аспайтын жағдайлар да кездеседі. Сондықтан тілдесімнің бұл қызметінің мәні 
айрықша. 5) Тілдесімнің бекіту қызметі тілдесім процесінде адамның өз ойын дәйектеуі
пікірін тыңдата алуы, басқаларға ойын дәлелдете алуы арқылы байқалады. 6) Тұлғаралық 
тілдесімді ұйымдастыру және іске асыру қызметі жеке тұлғалық қарым-қатынас пен іскерлік 
қарым-қатынасты қамтиды. Тілдесімнің бұл қызметінде адамдардың бір-біріне деген қарым-
қатынасы маңызға ие. Адамның жақтыру, жақтырмау тәрізді қасиеттері алға шығады.
«Оқытушы ‒ студент» арасындағы тілдесімді қарастырған В.В. Спивакова педагогикалық 
тілдесімнің төмендегі түрлерін көрсетеді: 
1. 
Байланыс бойынша; 
2. 
Серіктестер арасындағы тепе-теңдік бойынша; 
3. 
Ақпарат алмасу деңгейі бойынша; 
4. 
Уақыт бойынша [6] 
Әдіскер бұларды ары қарай таратып, байланыс бойынша тілдесімді тікелей, жанама, 
жалпы, рөлдік, жеке; серіктестер арасындағы тілдесімді диалогтік, монологтік; ақпарат алмасу 
деңгейі бойынша іске асатын тілдесімді вербалді, бейвербалді; уақыт бойынша іске асатын 
тілдесімді қысқа және ұзақ деп бөледі.
Тікелей тілдесімде баяншы мен қабылдаушы қатар тұрып, бір-бірімен мимика, жест 
арқылы тілдесімге түседі. Тілдесімнің бұл түрі толыққанды болып есептеледі. Өйткені 
тілдесімге түсушілер бір-бірін көріп, нақты әрекет үстінде тілдесімге түседі. Жанама 
тілдесімде жағдаят түрліше болуы мүмкін. Баяншы мен қабылдаушы бір-бірінен алыста 
болғандықтан тілдесім толыққанды іске аспайды. Жалпы тілдесімде коммуникацияға түсетін 
адам саны көп. Оларды баяншы жақсы танымағандықтан тілдесім жоғары дәрежеде іске 
аспауы мүмкін. Тілдесімнің бұл түрі үлкен дәрісханаларда, түрлі жиналыс пен минингілерде 
іске асады. Рөлдік тілдесім адамның статусы мен өмірдегі қызметіне байланысты түрліше 
болады. Ол адамдар арасындағы байланыс пен жақындыққа байланысты өзгеріп отырады. 
Диалогтік тілдесімде баяншы мен қабылдаушы арасындағы тілдесім тең дәрежеде іске асса, 
монологтік тілдесім субъект-объектілік қарым-қатынасқа негізделеді. Ғалымдар монологтік 
тілдесімнің императивті және манипулятивті негізде іске асатынын айтады. Императивті 
монологтік тілдесімде баяншы өзінің пікірін, ойын қабылдаушыға бұйрық бере отырып, 
орындатқызуға басымдық береді. Ал манипулятивті тілдесімде баяншы өзінің пікірін жария 
етпей, жасырын қалыпта іске асыруға тырысады. Вербалді тілдесім сөйлеу арқылы іске асса, 
бейвербалді тілдесім паралингвистикалық амалдар арқылы орындалады 
Білім беру жүйесінің жаңа кезеңінде мұғалімнің қызметіне деген көзқарас өзгерді. 
Мұғалімге қойылатын талап күннен күнге күшейіп келеді. Қазіргі таңда мұғалім тек ақпарат 


41 
жеткізуші тұлға емес. Өйткені білім алушы түрлі дереккөздерден өзіне қажетті ақпаратты 
мұғалімсіз де ала алатын мүмкіндігі бар. Бірақ оқу-тәрбие жұмысы мұғалімнен білім 
алушының іс-әрекетін, оның өзін-өзі дамытуын ұйымдастыруды талап етеді. Ал бұл жұмыс 
мұғалімнің коммуникативтік құзіреттілігінің жоғары болуын қажет етеді. Қатысымдық немесе 
коммуникативтік құзіреттілік оның педагогикалық тілдесім мәдениетін игеруінің деңгейінен 
көрінеді. Сондықтан педагогикалық тілдесім кәсіби категория болып есептеледі.
Қорыта келгенде, педагогикалық тілдесім әр уақытта білім алушыны оқытуға, 
тәрбиелеуге, дамытуға көмектеседі. Ол барлық уақытта тілдесімдегі тұлғаларды, олардың 
арасындағы қарым-қатынасты дамытуға бағытталады. Педагогикалық тілдесім ‒ үнемі білім 
алушының жас кезеңін ескере отырып, үздіксіз дамып отыратын үдеріс. Өйткені білім 
алушының жасына байланысты тілдесімде қолданылатын әдістер мен тәсілдер үнемі өзгеріп, 
жаңарып отырады. Сондықтан педагогикалық тілдесім оқу-тәрбие міндеттерін шешуде 
қолданылатын ең басты құрал болып табылады. Ғалымдардың көпшілігі педагогикалық 
тілдесімнің көп сатылы үдеріс болып табылатынын мысалдар арқылы дәйектейді. 
Педагогикалық тілдесім білім алу мен беруде маңызға ие. Өйткені ол тек қарым-қатынасты 
іске асырып қана қоймайды, сонымен бірге білім алушыны дамытады, оның білім, білік, 
дағдысын жетілдіруге ықпал етеді. Педагогикалық тілдесімді кейбір зерттеушілер тек мұғалім 
мен оқушы арасында ғана болатын қарым-қатынас деп қарастырса, көпшілігі оның тек оқу 
үдерісінде ғана емес, күнделікті ортада маңызды екенін айтады. Себебі білім алушының жеке 
тұлға болып қалыптасуы, оның басқа адамдармен кез келген ортада, кез келген жағдайда 
тілдесімге түсе алуы оған күнделікті сабақ беретін мұғалімнің педагогикалық тілдесім 
мәдениетіне тәуелді. Сондықтан педагогикалық тілдесім «мұғалім ‒ оқушы» қарым-
қатынасында ғана іске асырылмайды, «мұғалім ‒ ата-ана», «мұғалім ‒ мұғалім», «мұғалім ‒ 
басшы» және т.б. формаларда жүзеге асырылып, тек ақпарат берумен шектелмей, білім, білік, 
дағдыны да игертуге ықпал етеді. Педагогикалық тілдесім оқу-тәрбие үдерісінің негізін құрап, 
түрлі жағдаяттарда құрал ретінде қолданылады. Өйткені қазіргі жаһандану заманында 
адамдардың бір-бірімен тікелей тілдесімге түсуі қоғамдық мәселеге айналып отыр. Педагог 
мамандардың педагогикалық тілдесім мәдениетін қарастырған ғалымдардың барлығы да осы 
мәселені айналып өте алмайды. Білім алушыны қазіргі заман талап етіп отырған тұлға ретінде 
тәрбиелеу үшін оған білім беретін мұғалімнің педагогикалық тілдесім мәдениетін дамыту 
қажет деген ұстанымды осы мәселені зерттеген, қарастырған ғалымдардың барлығы да 
ұстанған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   138




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет