«білім берудегі 4к моделі: теория мен әдістеме» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік



Pdf көрінісі
бет20/138
Дата08.10.2023
өлшемі2.86 Mb.
#480116
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   138
Bilim-berudegi-4K-zhina-y

Қисынсыз қолданыстар 
Түсіндірмесі
үкілі қыз байқауын 
Ал шынында үкілі қыз сөзі “үкі тағылған, құда түсушілер үкітағар 
ырымын жасаған” деген мәдени семантиканы білдіреді. Байқау 
конкурсты өткізушілердің үкілі қыз сөзінің мәдени семантикасынан 
бейхабарлығын көрсетеді.
қартаймаңыз! 
Қазақ мәдени қоғамдастығы «қартаймаңыз» деген тілекті 
қабылдай қоймайды, мұндай тілек «кәрілік жасқа жетпеңіз» дегендей 
сезіледі. «Адам қартаймайтын шайтан емес қой» деп қайсыбір кісілер 
мұндай тілекті қош алмайды. 
көбісі 
көбі 
турасында 
туралы 
Халық тілінде кездесетін, этномәдени танымның мифологиялық санамен байланысын 
көрсететін фразеологизмдер мен паремиологизмдердің өзі сақталғанмен, прототиптері, 
архетиптері көмескіленіп, жоғала бастады. Мәселенің қиындайтыны да осы арада. 
Сөзқолданыста қате-кемшіліктердің жиі кездесетін, сөз мәдениетіндегі қауіпті аймақтың бірі 
осы тұста деуге болады. Өйткені этномәдени лексиканың мән-мағынасын жете 


43 
түсінбегендіктен, мәдени семантикаға қайшы келетін сөз қолданыстар жиі кездесе бастағаны 
байқалады.
Сонымен, тілдік тұлғаның коммуникативтік сәтсіздікке ұшырау қаупі жиі кездесетін 
аймақтың бірі негізінен мазмұн межесі этномәдени семантикаға ие тұрақты сөз орамдарымен, 
яғни фразеологизмдер мен паремиологизмдердің мәдени-ұлттық семантикасымен байланысты 
деуге болады. 
Сөз мәдениетінің антропоөзектілік сипаты адамның сөз қолданыс этикасынан 
байқалады. Ұлттық этикалық ұстанымдар мен жалпыадамзаттық этикалық құндылықтарды 
сақтай білген адамның тілді қолдану мәдегниеті жоғары болады. Этикалық нормалар – қарым-
қатынастың әртүрлі жағдаятына (ситуациясына) тән тілдесу ережелерінің жиынтығы. «Сөз 
этикасы – дүниетанымдық компоненттерден, этикеттік компоненттерден және эстетикалық 
элементтерден тұратын күрделі құрылым».
Жоғарыдағы айтылғандарды түйіндей келгенде, ұлттың дәстүрлі сөз саптау мәдениетінде 
этикалық, эстетикалық құндылықтардың мәні айрықша болады. Мейірімділік, ізеттілік
адамгершілік, жауапкершілік, дегдарлық, парыз т.б. эстетика-этикалық категориялар адамдар 
арасындағы тілдік қатынаста үйлестіріп-үндестіріп отырады. Сондай-ақ тілдік қарым-
қатынаста дауыс көтеру, айқайлау, шәңкілдеу қарым-қатынас психологиясына кері әсер 
ететін, эстетикалық принципке қайшы сөз әрекеттері болып саналады. Мысалы, қазіргі кездегі 
сөз саптауда, тілдік қарым-қатынаста адамдардың өз дегеніне жетуді, өзіне тиімді жағын 
көздеуді өзара түсіністік, өзара ықпалдастықтан гөрі өзінің жеке басының мақсат-мүддесін 
алға тартуы, бейпіл сөздерді жария түрде қолдану қоғамдық сананы БАҚ арқылы дегеніне 
қарай бұрмалап отыру; БАҚ арқылы өштескен адамы жөнінде жағымсыз пікір тарату; домалақ 
арыз жазу тәрізділер сөз этикетіне тән норманың бұзылуына саятын жағымсыз әрекеттерге 
жатады.
Сөйтіп, халықтың мәдени-ұлттық дәстүріндегі этикалық қатегориялар, эстетикалық, 
риторикалық принциптер тілдік ұжымның ішіндегі үндесім-үйлесім қызметін атқарады.
Тілдік бірліктерді орнын тауып, дұрыс қолдану, адресат пен адресанттың бірімен-бірі 
толыққанды, екіжақты коммуникация орнатуына сөз мәдениетінің лингвоэкологиялық 
аспектілері көмекке келеді. Себебі тілдік орта лингвоэкологиялық зерттеудің түпқазығы 
болып саналатын қоғам мүшелерінің тілдік санасының қалыптасуына ықпал ететін, тілдік 
Сөз этикасының 
дүниетанымдық бөлігі 
Сөз этикасының этикеттік 
бөлігі
Қазақтың ұлттық сөз саптау 
дәстүріндегі эстетикалвқ 
компоненттер 


44 
жүйенің жай-күйі мен сол тілді қолданудың қоғамдық-тілдік тәжірибесі, тілдің қоғамдағы 
болмысына, оның дамуы мен қызмет етуіне әсер ететін экономикалық, идеологиялық, мәдени, 
әлеуметтік-психологиялық, этнопсихологиялық факторлардың жиынтығы. 
Тіл – адамның тіршілік ортасы, белгілі бір қоғамдастықтың, ұлттық ұжымның рухани 
тіршілік ортасы. Адамдардың да рухани дамуы ана тілі деп аталатын тілдік ортаның сау-
саламаттылығына тікелей тәуелді. Тілдің толып жатқан мәселесін экологиялық тұрғыдан 
қарастырудың мәні айрықша. Тілді тұтынушының, яғни тілдік тұлғаның, тілдік субъектінің 
ана тіліне деген сүйіспеншілік сезімін, тілдің өткендегісі, бүгінгісі, болашағына деген 
жауапкершілік сезімін тәрбиелеуде де лингвоэкологияның міндетіне жатады. 
Сөз мәдениетінің экологиялық аспектісінде адамгершілік, ізгілік элементтері қоса жүреді. 
Тілдік қарым-қатынас, коммуникацияда тілдесушілердің адамгершілік сезімі тапталмауға
қоғамдық, моральдық-этикалық принциптер бұзылмауға тиіс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   138




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет