«білім берудегі 4к моделі: теория мен әдістеме» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік



Pdf көрінісі
бет16/138
Дата08.10.2023
өлшемі2.86 Mb.
#480116
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   138
Bilim-berudegi-4K-zhina-y

Пайдаланылған әдебиеттер: 
1. Ogbu C. Strategies for effective teaching of essay writing in junior secondary schools // Arts and Social Science 
Education. -2009. -1(1), p.86-91. 
2. 
Оспан Е. Академиялық жазылым негіздері: Оқу құралы. – Алматы: «Білік» баспасы, 2020. -340 бет. 
3. Fidelia O.A. Material Teaching Aids: Enhancement Tool for Teaching Essay Writing in Secondary Schools // 
World Journal of Education. -2015. -5(5), p.110-116. 
4. Omar Y.Z. Teaching Pedagogical Grammar in Context to Enrich English Language Learners’ Academic 
Writing // International Journal of Linguistics, Literature and Translation (IJLLT). -2019. -2(3), p.213-225. 
5. Obah TY. Report Writing //In H. Chukwuma, and E. Olagbunagu (eds.), English for academic purposes. Onitsha: 
A.F.P. Ltd, -2005.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


34 
ОЧЕРК ЖАНРЫНЫҢ ТІЛДІК-СТИЛЬДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
Қ.Ө. Есенова 
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың
филология ғылымдарының докторы, профессор 
 
Қазақ әдеби тілінің дамуы оның функционалдық стильдерінің дамуы болып табылады. 
Тілдің функционалдық стильдері ішінде публицистикалық стиль өз мақсаты мен қоғамдағы 
қызметі және содан туындайтын тілдік ерекшелігі жағынан басқа стиль түрлерінен 
өзгешеленеді. Қазақ тіл білімінде публицистикаға тән белгілер баспасөз тілін зерттеу 
барысында анықталып отырады.
Әдеби шығармашылықтың туындысы ретінде очерктің ерекше белгілерінің бірі – оның 
деректілігі болып табылады. Өмірдегі нақты деректерге сүйеніп, оқиға мен кейіпкерлердің 
шынайылығын сақтай отырып, публицист көрген-білген, туйгенін жалаң сипаттама түрде 
беріп қана қоймай, адресатты қызықтыратын, оны ойландыруға себеп болатын жағын да іздеп 
табуы керек. Очеркте көркем шығармадағыдай автордың айтпақшы болған ойы тұспалдап 
берілмейді. Бұнда автор «мені» насихатшы, үгітші кейпінде әр нәрсе жөнінде өз 
қорытындысын беріп отырады. Очерк оқиғаның бүкіл хронологиясын, даму тарихын тізбелеп 
отырмайды. Ол оқиғаның, адамның бір сәттік кезін беру арқылы терең пікірлер 
қалыптастырады. Бұл М.Әуезовтің очерктерінде кездесетін белгілердің бірі. Очерк қысқалық 
пен нақтылықты қажет етеді. Очеркке тән белгілердің бірі- еркін баяндау. Бұнда құбылысты 
детальді түрде сипаттау, әрекетті бейнелі жеткізу жағы көркем әдебиетке қарағанда аздау 
болады. Сөйлемдер қысқа, байланыссыз, «үзді-жұлды» сипатта болуы мүмкін. Очерктің 
негізгі міндеттерінің бірі – негізгі оқиғаны, адам портретін бөліп көрсету, айқындау. Очеркті 
қарындашпен сызылған экскиздерге ұқсатуға болады. Бірақ бұл талантсыздық, форманың 
жоқтығы емес. Бұл – жанр ерекшелігі. Ол – оның еркіндігі. Бұнда автор әдеби шарттардан 
алысырақ болып, өзін көрсетуде, өз ойларын жеткізуде еркіндік алады. Күтпеген ауысулар, 
стильдің ерекше эмоционалды сипаты, жол-жөнекей берілетін ойлар, еркертпелер, 
бақылаулар, еске алулар, публицистиканың ашықтығы – очеркке тән белгілер. 
Очерктің ерекше белгілерінің бірі оқиғалар мен құбылыстарды өзара байланыстырудан 
көрінеді. Бұндай салыстырулар негізгі ойды бөліп көрсетуге, айқындауға мүмкіндік береді. 
Очерктің өзіндік ерекшеліні – очеркте автор өз тыңдаушысымен, оқырманымен тікелей 
қарым-қатынас жасауы. Ол өзінің сезімдері мен ойларын, жасаған түйіндерін өзі таңдаған 
бағытта бастап, өрбітіп, өзінің пікірлесін үнеміескере отырып баяндауға тырысады. Автор әр 
түрлі сипатта көрінеді. Ол лирик те болуы, азаматтық тұлға кейпін таңдауы да мүмкін. Бұл 
очеркистің талғампаздығы және көтерген өмірлік мәселесінің мазмұнымен тікелей 
байланысты. 
Публицистиканың басқа жанрларында да автор бейнесінің орны маңызды. Мәселен, 
репортаж да – автордың қабылдауына, түсінуіне тікелей байланысты дүниеге келетін 
шығарма. Оқушы фактіні репортер қалай жеткізсе, солай қабылдайды. 
Публицистикалық стильде тілдің эмоционалды элементтері және сөзді образды қолдану 
сияқты әдеби стильге тән құбылыстар да кездеседі. Бұл оның әдеби стильге жақындығын 
көрсетеді. ал оның фактіні толық және логикалық жүйелі баяндау тәсілі жағынан ғылыми 
стильге жақын екені байқалады [1, 29]. 
Публицистикалық стильдің басқа функционалдық стиль түрлерінен айырмашылығы 
туралы А.А.Стриженко былай деп көрсетеді: «Публицистический функциональный стиль 
характеризуется действием определенной целевой установки, специфичностью самой сферы 
общения и отбора языковых средств. В отличие от других функциональных стилей он в 
большой степени характеризуется направленностью на массовую аудиторию» [2, 38]. 
Очерк – публицистиканың нағыз субъективті жанры. Очерк автор ойының күштілігін, 
тереңдігін, шынайылығын және соларды жеткізуде стильдік қолданыстарды (сипаттаманы, 


35 
пікірлесуді, пікірталасты, әр түрлі үзінділерді) ұтымды пайдалануды қажет етеді. Очерк 
арқылы автор адам ретінде өзін танытады. Оның нені бағалап, нені ұнатпайтыны, өмірлік 
позициясы көрінеді. Очерктегі автор бейнесі оның сюжеттік-композициялық құрылымынан 
ғана емес, оқырманға жақындығынан көрінеді. Ол ой-пікірі, жан дүниесі жағынан оқырманға 
жақын дос, оның сұрақтарына дұрыс жауап беретін жанашыры болуы керек. 
Очерктің басты ерекшеліктерінің бірі – автордың оқушысымен «оңаша» сөйлесуі, оны 
өзімен бірге ойлануға, сезінуге жетелеуі болып табылады. Автор оқырманды пікір алысушы 
адам орнына қояды. Онымен бірге сезініп, онымен бірге қиналып отырғанын жеткізетін 
амалдар: қаратпаларды пайдалануы, оқырманға қатысты бұйыру түрінде келетін тұлғаларды 
қолдануы, оқиғаны жеткізуші немесе оған қатысушы адам ретінде І жақтық көрсеткіштерді 
пайдалануы жиі кездеседі. Олар очеркте синтаксистік құрылымдар, морфологиялық 
көрсеткіштер, ауызекі сөйлеу элементтері арқылы көрініс табады. 
Очеркте автордың эмоциясы басым түрде беріледі. Очерк – автордың өзінің ішкі дүниесін 
ашуы, оқырман алдындағы ағынан жарылуы десе де болғандай. Очеркке тән негізгі белгілерді 
анықтауда М.Әуезовтың публицистикалық шығармаларын арқау еттік. 
Шындық өмірдің барлық құбылыстары мен оқиғаларын жіті бақылай отырып, 
шаруашылық жағдайы, ауыл өмірі, оқу-білімнің дамуы, адам санасындағы өзгерістер
ғылымның дамуы туралы М.Әуезов – публицист өз ойын қоғам талқысына ұсынады. Бірақ, 
әрине, М.Әуезов публицистиканы кәсіп еткен жоқ. Дегенмен ол өмірде болып жатқан 
өзгерістерге өз пікірін білдіріп отыруға үн қосуға тырысты. 
М.Әуезовтің публицистикалық шыармаларын әдеби тіліміздің функционалдық 
стильдерінің бірі – публицистиканың қалыптасу, даму, жетілу тарихынан бөліп алып 
қарастыруға болмайтыны түсінікті. Өйткені ол – бүтіннің бөлшегі, құрамдас бөлігі, дамудың 
белгілі бір кезеңінің көрінісі сияқты. 
Жазушылық қызметімен қатар ұлы қаламгер публицистикамен қолы бос кезде, өз 
талантының шексіздігін көрсету үшін емес, жүрек қалауы, уақыт талабына қарай айналысты. 
Бұны М.Әуезов мақалалары мен очерктерінің тақырыптары мен мазмұны дәлелдейді. Бұнда 
жалған ұран мен үстем идеологияның жетегінде кету жоқ. Бұл қасиет шынайы талантқа ғана 
тән. 
М.Әуезов публицистикасында көтерілген тақырыптар, публицист Әуезовтің қоғамдық 
көзқарасының қалыптасу көздері, публицистикалық шығармашылығының күрделі 
эволюциясы, публицистік шеберлігінің шыңдалуы мен кезеңдері Б.Жақыповтың «М.Әуезов – 
публицист» тақырыбындағы кандидаттық диссертациясында қарастырылады [3]. 
Зерттеуші М.Әуезов публицистикасын алғаш рет арнайы зерттеді. Бұл авторефератта да 
айтылады: «Қаламгер шығармашылығының жеткілікті дәрежеде зерттелмей, назардан тыс 
қалып келе жатқан бір қыры – оның бай публицистикалық мұрасы» [3, 3]. 
Б.Жақыпов М.Әуезов публицистикалық шығармашылығын 4 кезеңге бөліп қарастырады: 
І кезең 1917 – 1932
ІІ кезең 1932 – 1941 
ІІІ кезең 1941 – 1945
ІV кезең 1945 – 1961 
Зерттеуші М.Әуезов публицистикасын коммуникативті сөйлеу формаларына қарай: 
«М.Әуезов – суреттеу – баяндау, суреттеу – түсіндіру, баяндау – түсіндіру сияқты аралас 
тәсілді пайдаланды» – деп жазады [7, 28]. Ал тілдік құралдардың стильдік қолданысы бұл 
жұмыста қарастырылмайды. Өйткені зерттеу жұмысы оны мақсат етпеген. 
М.Әуезовтің публицистикалық шығармалары жанр жағынан мақала, очерк, памфлеттерден 
тұрады. Жазушының жаңа идеялары 30-жылдары жазған «Көктемнен бері», «Сөз аяған – тау 
сағыз бен көк сағыз», «Үш күн», «Құм мен асқар» (1934), «Білекке білек» (1935), «Шатқалаң», 
«Оның аты – екінші» (1940), 40-жылдары жарық көрген. «Ерлік – елдік сыны», «Отан ұран 
салғанда», «Конвейерде күй мығым», «Ер бауырларға ел сәлем» атты мақалалары мен 
очерктерінде көрініс табады. Соғыстан кейінгі жылдар – М.Әуезовтің әдеби шығармашылық 


36 
жолында ең бір табысты кезең болды. Бұл жэылдары «Түркістан солай туған», «Индия 
очерктері», «Америка әсерлері» очерктері жазылды. 
Р.Сыздықова: «...М.Әуезовтің публицистикасы мен ғылыми еңбектерінің де тілі стильдік, 
лексикографиялық, лексикологиялық зерттеулерді күтеді», – [4] деп жазады. 
М.Әуезов публицистикасында очерк жанрының салмағы басым. Көтерген тақырыбы мен 
композициялық құрылымы жағынан олар бір-біріне ұқсамайды. Әуезов қаламына тән 
шеберліктер осы жанрда айқын көрінетін болғандықтан, зерттеу материалдары ретінде біз 
жазушы-публицистің очерктер тілін негізгі нысана еттік. 
Мақала очерктерден көлемінің шағындығымен ғана ерекшеленбейді, тілдік жағынан ал-
ғанда, мақала дәлдік, нақтылық, ой-тұжырымының, хабардың жинақтылығымен сипатталады. 
Очерктерде көбінесе ақпарат-хабардың, оқушыға айтылар мәліметтің бейнелілігі басым 
болады. Мақалада белгілі бір аймақ адамдарының тұрмыс-тіршілігі, өмірі т.б. мәселелер сөз 
етіледі. Осыған орай сол жергілікті жердің ерекшелігі кейіпкерлер тілінде көрініс табады. 
Ақпарат-мәліметтер автордың ой-елегінен өткізіліп, өз көзқарасы мен алған әсері тұрғысынан 
жазылады. Бір ғана фактінің негізінде публицист қоғамдық маңызы бар мәселені көтереді. 
Мәселен, М.Әуезовтің «Асыл елдің алып ұлы» мақаласын алып қаралық.
Мақалада ерлік ұғымы, оның халық тарихындағы көрінісі мен оған берілетін мазмұнның 
уақыттың өтуімен өзгеретіні, жаңа сапа мазмұнға ие болатыны қазақтың халық батырлары мен 
Ұлы Отан соғысындағы қазақ жауынгерлерінің әрекеттері, ерліктері арқылы салыстырылады. 
Фактілерге негізделген публицистің ой-толғанысы. М.Әуезов ойын образды, әсерлі түрде 
береді. Мақаладан үзінді: Халық бойындағы қасиет заман өгей болғанда, кейде жер астында 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   138




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет