Пайдаланылған әдебиеттер:
1.
Қоңыратбаев Ә. Әдебиеттік оқу методикасы. – А., Мектеп, 1969.
2. Қоңыратбаев Ә. Әдебиеттік оқу методикасы, очерктері. –Алматы: ҚМОПБ, 1962. -212 б.
3. Ақшолақов Т. Көркем шығармаға талдау жасау. А., Мектеп, 1993.
4. Қирабаев С., Мырзағалиев Қ. “Қазақ әдебиеті” оқулығына методикалық нұсқау. –Алматы: Мектеп, 1979. –
90 б
5. Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі.–А., Рауан,1997.
6. Бітібаева Қ. Әдебиет пәнін оқытудың тиімді жолдары. (Мұғалімдерге арналған көмекші құрал) Алматы:
Рауан, 1990. –200 б.
7. Шаймерденова К. Педагогические взгляды Абая Кунанбаева. Диссертация на уч. степ. канд. пед. наук.
1987. –
160 с.
8. Халитова Г. Абай Құнанбаев мұрасын оқу-тәрбие процесіне енгізу тарихы /1960-1995/ пед. ғыл. докт.
ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация. – Алматы: 1967. -251 б.
9. Абай Құнанбаев шығармаларын қазақ мектептерінің 5-8 сыныптарында оқыту әдістемесі.
28
МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ БӘСЕКЕГЕ
ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ
А.О. Тымболова
филол.ғ.д., профессор м.а.,
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қазақ тіл білімі кафедрасының меңгерушісі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылдың 2 қыркүйектегі Қазақстан
халқына Жолдауында елімізді жасампаздық пен ілгерілеуге жетелеуде білім беру сапасын
жақсарту күн тәртібінен ешқашан түспейтіні қадап айтылды. Жолдауда «Қала мен ауыл
мектептері арасындағы орта білім сапасы алшақтап барады. Жыл сайын 21 мыңға
жуық мектеп түлегі кәсіби және жоғары оқу орындарына түсе алмай қалады. Жастардың бұл
тобы жұмыссыздар мен маргиналдардың негізін құрайды. Олар амалының жоқтығынан
қылмыстық және экстремистік ағымдардың ықпалына түсуде. Біз оқушылардың қабілетін
айқындап, кәсіби бағыт-бағдар беру саясатына көшуіміз қажет. Бұл саясат орта білім берудің
ұлттық стандартының негізі болуы тиіс» (1) делінді. Ал осы кемшіліктің көзі – қазіргі
жаһандану заманында жастардың бәсеке көшіне ілесе алмауында дер едік. Көптеген дамыған
елдерде бәсекеге қабілеттілік (БҚ) ұлттық идеяға айналған.
Тарихқа көз жіберсек, бәсекеге қабілеттілік мәселесі ең алғаш ағылшын экономисі Адам
Смиттің XVIII ғасырда айтқан «неге кей елдер бай, ал кей мемлекеттер кедей тұрады, неге
кейбіреулері табысты, ал қайсібірі баяу дамиды? дейтін қағидаларынан туындаған. Соңғы
жылдары американдық зерттеуші М.Портер бәсекеге қабілеттіліктің алғашқы теориясын
жасады. Ал қабілеттіліктің өзі жеке адам туралы ілімнің құрамдас бір бөлігі болып табылады.
Ғылымға алғаш рет қабілеттілік туралы ұғымды Платон енгізген. Қабілеттілік жайлы ілімді
дамыту үшін ептілік пен дағдының қажеттігін дәлелдеудің (В.Г.Белинский) маңызы зор.
Бұл ілімнің келесі кезеңі психотехникамен (еңбек психологиясы) байланысты болады. Осы
негізге сүйене отырып, еңбек ету, ептілікті машықтандыру, еңбек дағдысын қалыптастыру,
байқампаздықты жетілдіру, қиыншылықты жеңу, белсенділік көрсету сияқты қабілеттілікті
тәрбиелеудің жолдарын игеруге болады.
Жер бетіндегі адамдарды асырайтын жер байлығы шексіз емес, ол бірте-бірте азайып
барады. Таусылмайтын қазына – ол адам ресурсы, адам потенциалы, жалпы алғанда адам
капиталы (АК) екендігі әлдеқашан дәлелденген. Экономист ғалымдардың есептеулерінше,
дүниежүзі бойынша алынатын барлық табыстың 80 пайызын адам капиталы құрайды екен, ал
табиғи ресурстар бойынша 15-20 пайыздай ғана байлыққа қол жеткізеді екенбіз. «Адам
капиталы» болып есептелетін тұлға бойында кездесетін іскерлік күш-қуаты мен ізденімпаздық
қайрат-жігерін, ойындағы ерекше креативті алғырлығы мен шығармашылық тапқырлығын
көрсететін қарым-қабілеті екендігі белгілі. Қазіргідей зымыран заманда тұлғаның оны іске
асыра білуі осы бәсекеге қабілеттілігінде болып отыр.
Қоғамдағы бәсекеге қабілеттілікке бейімдеуді ең алдымен мектеп оқушыларынан бастаған
жөн. Себебі басқа ортаға, бөтен ұжымға түскен жас адамға бұл өте керек. Осыған орай, қазіргі
заманда оқушылар негізгі пәндер бойынша академиялық біліммен қатар табысқа жетуге
үйрететін пәндерді таңдау құқына да ие болулары керек. Сондықтан сын тұрғысынан ойлау,
проблема шешу, өзара қарым-қатынас жасау және бірлесіп әрекет ету сияқты негізгі
дағдыларды қалыптастыратын өмірлік қажетті пәндер, оқу үдерісінде факультатив немесе
тренингтік сабақтар ретінде қамтылғаны жөн.
Мұндай сабақтарда мектеп оқушыларын әлемдегі «бизнес – жүйе» моделімен таныстыру
керек. Американдық бизнесмен-инвестор Р.Кийосаки адамды толық еркіндікке жеткізетін
ақша емес, ақша ағыны деп санайды. Сондықтан үнемшілдік тұрғысынан болашақ «бизнес-
мендерге» ақша айналымының квадрантын үйреткен дұрыс. Мысалы, жалдамалы жұмыскер
(ЖЖ) – бизнес жүйеге жұмыс істейді. Өз бетінше кәсіп ашып, күн көруші (ӨЖ) – бизнес
жүйенің өзі болып табылады. Кәсіпкер бизнесмен (КБ) – сол бизнес жүйені құрады. Кәсіпкер
инвестор бизнес жүйеге инвестиция салады. Бизнесмен миллионер (БМ) – инвестиция салатын
мүмкіндікті іздейді. Осылайша оқушылар бизнес әлемінің алғашқы әліппесімен танысады.
29
Мысалы, БҚ-тің мектеп түлектері үшін мынадай басты үш тармақтан тұратынын
анықтадық: 1) БҚ-тің қажеттілігін оқушыға «адам капиталы» тұрғысынан дәлелді түсіндіру;
2) өз мамандығын дұрыс таңдай білуге көмектесу; 3) қабілетіне қарай қарекет жасауға
жетелеу. Осы орайда оқушы мынадай міндеттерге ден қою керек. Танымдық белсенділік,
ізденімпаздық, өзін-өзі асыраушылық, БҚ мәнін пайымдаушылық, БҚ-ті көтеруге ынталылық,
сыни, шығармашылық ойлауға бейімділік, өнерпаздық, табыс табуға құштарлық, биснесмен
болуға ұмтылушылық, т.б.
Жас жеткіншектерді бәсекеге қабілеттілікке бейімдеуде педагог маманның өзінің БҚ-тің
негізгі көрсеткіштерін білгені жөн. Олар: арнайы мамандық білімінің жоғары деңгейде болуы;
оқыту мен тәрбиелеу технологиясын білу; оқушылармен дұрыс қарым-қатынас жасай білу
ептілігі; өнердің 2-3 түрін меңгеру қабілеті; қоғамның ішкі-сыртқы саясатын балалар мен ата-
аналарға түсіндіре білу дағдысы.
Бәсекеге қабілеттіліктің ең басты мақсаты – адамның қабілеттілігіне байланысты қоғам
алдындағы теңдік, өзіне өзі сын көзбен қарау, шығармашылық ойлау, инновациялық қарекет,
тапқырлық, шеберлік. Мұның нәтижесінде адамның кәсіпке деген ынта-ықыласы артады,
мүдделігі күшейеді, жұмыс ұқыпты ұйымдастырылады, өнім үнемделеді, тиімді сауда
жүргізіледі, өз меншігін молайтуға ұмтылады, кәсіпкерлікке белсенділігі көтеріледі. Демек,
бәсекеге қабілеттілік күшті әрі тиімді кәсіпкерлік орта қалыптастыруға ықпал етеді.
Қазіргі кезде бәсекеге қабілеттілік мәселесі «халықаралық бәсекелестік артықшылықтар
моделі» негізінде кең ауқымда зерттелуде. Әсіресе, бәсекеге қабілеттілік Оңтүстік Кореяда
«білім экономикасы» индексіне байланысты кеңінен зерттеліп, олардың нәтижелері
тәжірибеге ендірілуде. Білім экономикасы моделі бойынша, экономиканың негізгі даму
факторлары үшін: біріншіден, «жаңа білім», екіншіден, «адами капитал» алынған.
Экономиканың мұндай даму ерекшелігі: 1) адами капиталдың сапасын көтеруге; 2) жоғары
технологиялық жаңа білімді өндіруге; 3) инновацияларға; 4) жоғары сапалы қызмет көрсетуге;
5) өмірдің сапасын жақсартуға сүйенеді.
Жастардың БҚ қасиеттері олардың болашақ кәсіби мамандықтарын, өздерінің қабілет-
қарымын, қызығушылығын қанағаттандыруға, мамандыққа деген ынта-ықыласын дамытуға
әсер етеді. Елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайының жақсаруы да жастардың мамандықты
дұрыс таңдай білулеріне тікелей байланысты деуге болады. Оқушылар болашақ мамандығы
бойынша істейтін жұмысының технологиялық жабдығын да ерте пайымдай білгені жөн.
Мектеп оқушыларының БҚ арттырудағы қарекеттерді түрткі (мотив)> мақсат >міндет
>
мазмұн кезеңдері бойынша іске асыруға болады.
Ал жалпы қабілеттілікті дамыту мынадай 7 көрсеткіштен, яғни қажеттіліктен > мотивтен
> қызығушылықтан > темпераменттен > мінез-құлықтан > мақсаттан > қарекеттен туындайды.
Бәсекеге қабілеттілікті дамытудың осы жоғарыда берілген көрсеткіштеріне оқушыларға өз
өмірлерінен нақты мысалдар келтіртуге болады:
БҚ дамыту көрсеткіштері
Өз өміріңізден айғақтар келтіріңіз
1.
Қажеттілік
2.
Мотив
3.
Қызығушылық
4.
Темперамент
5.
Мінез-құлық ерекшелігі
6.
Мақсат қоя білу
7.
Қарекет
8.
9.
1.
2.
3.
4.
5.
6.
7.
8.
9.
Жалпы алғанда жеке адамның әлеуметтік жағдайы оның еркіне тәуелді бола бермейді.
Қоғамдық қатынастарда ғана ол жан-жақты үйлесімді дамуға мүмкіндік алады. Өйткені жеке
тұлғаның қоғамнан тыс өмір сүруі мүмкін емес. Демек, оқушының да жетілуі қоғамның
дамуымен байланысты. Ендеше, адамның психологиялық ерекшеліктерін, өзіне тән
қасиеттерін оның әлеуметтік жағдайына, нақтылы кәсібіне, іс-әрекетіне, білім-қабілетіне
байланысты ғана анықтауға болады. Осыдан оқушының қоғамдық тәрбиесі мен білім алуы,
30
еңбек етуге үйренуі қалыптасады. Бала тек іс-әрекет жасау үстінде ғана өсіп жетіледі. Әрекет
ету барысында оның қабілеті артады, ептілігі мен дағдысы дамиды, іскерлігі молаяды, өмірлік
белсенді позициясы қалыптасады.
Бала қарекетінің негізгі формалары: ойын, оқу, еңбек. Олардың қайсысы болса да белгілі
бір мақсат-мұратқа, ниетке бағытталады. Ондай болса, іс-әрекет деп адамның түрлі қажеттерін
өтеу үшін белгілі бір мақсатқа жетуге бағытталатын белсенді үдерісті айтамыз.
Адам қарекетінің негізгі қызметі әрқашан да қажеттіліктен, мақсатқа ұмтылудан, оны
орындауға қажетті білімнен және ептілік пен дағдыдан құралады. Қарекет пен білім алу,
ептілік және дағды өзара байланыста дамиды. Мысалы, адамның білімі, дағдысы, ебі белгілі
бір қызмет үстінде қалыптасады, кейіннен олар іс-әрекетті жүзеге асырудың негізгі шартына
айналады.
Дағды мен білім – екі түрлі процесс, олардың қалыптасу жолдары да түрліше. Дағды –
динамикалық стереотип негізінде қалыптасса, білім – екінші сигнал жүйесі арқылы
меңгеріледі.
Осы білім мен дағдыны ұштастыра білуге үйрету аясында «Өзіңнің бәсекеге қабілет-
тілігіңді (БҚ) артыру» тақырыбы бойынша тренинг-семинарлар өткізу жоспарлануы тиіс:
1.
Бәсекеге қабілеттіліктің мән-маңызын ұғындыру (мұғалімнің баяндауы, сауалнама
жүргізу арқылы оқушының БҚ-нің бастапқы деңгейін анықтау);
2.
БҚ-тің әлеуметтік-экономикалық негіздерін ашып түсіндіру, бизнес әлеміне қатысты
түрлі кітаптар, мақалалар оқыттыру;
3.
БҚ-ті мамандықтың классификациясымен байланыстыру, оны таңдаудың мотивтері
(түсіндіру, сұрақтарға жауап беру);
4.
Кәсіпорынның (фирманың) өндірістік-технологиялық жарақтануына байланысты БҚ-ті
дамытудың жолдарымен таныстыру (түсіндіру, ата-аналарының не туыстарының жұмыс
орындарымен танысу, оны әңгімелеу, мамандықты меңгерудің қыр-сырына қанығу).
Бұлардың нәтижесінде бастаған іс-әрекетінің мақсатын түсіну, осыған дейінгі меңгерген
білімдері мен дағдылардың негізінде оны орындаудың тәсілдерін іздеу, эксперимент жасау
және қателесу әдісі бойынша оқушыларды тәуекелге бел будыруға дайындау.
1.
Әр адамның бәсекеге қабілеттілік дәрежесін анықтаудың мәні неде?
2.
«Бәсекеге қабілеттіліктің» экономикалық-әлеуметтік маңызын қалай түсінесіз?
3.
Жер жүзіндегі мемлекеттердің «бәсекеге қабілеттілік» деңгейі қандай негізгі
факторлармен бағаланады? Ең озық, алдағы 1-5 орынға ие болған елдер қайсы?
4.
Қандай қасиеттерді ескеріп, өзіңіздің сүйікті мамандықтарыңызды таңдайтын боласыз?
5.
Қабілетіңізге қарай, қандай күнкөрістік қарекетпен айналысатын боласыз?
6.
Жас түлек, оқуға түсе алмасаңыз, не істеп күн көрмекшісіз?
7.
«Бәсекеге қабілеттілігіңіз» бойынша, өз қатар құрбыларыңыз арасында қандай
деңгейдемін деп ойлайсыз? Жолдастарыңыз сізді нешінші орынға қояды?
8.
Өз ойыңызша, бәсекеге қабілеттілігіңізді білдіретін ең алғашқы 5 қасиет-қабілеттің
көрсеткіші? дейтін, т.б. сұрақтарды мүмкіндігінше қойған дұрыс (2).
Келешекте мектеп бағдарламаларында кәсіпкерлік тұлға тәрбиелеп шығару мақсатында
«Нарықтық психология», «Нарықтық педагогика» сияқты элективті курстар ашылса, нұр
үстіне нұр болар еді. Ол үшін еліміздегі білім ошақтары әлемдік білім беру кеңістігенде,
табысты бәсекелестік, ғылыми-технологиялық әлеуетін арттыруда сапаға ұмтылуы қажет.
Қорыта келгенде, мұндай сабақтардың нәтижесінде жастар ХХІ ғасырға тән бәсекеге
қабілеттілік – білімнен, оның ішінде компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін үйрену және
сананың ашықтығынан тұратынын бағамдап, өзбетінше өмір сүруге бейімделіп, «өмір –
күрес» деген мәңгілік қағиданың қыр-сырын ерте жастан білуге бейімделер еді.
Достарыңызбен бөлісу: |