45
яғни адресатқа ықпал ету үшін, оның зердесіндегі автоматизмді бейтараптандырып
айтылған/жазылған сөзге зейінін тоқтату үшін
тілдік нормадан, мәтін нормасынан
этологиялық нормадан, ортологиялық нормадан ауытқудың ыңғайына қарай сөз саптау тілді
әсерлі, бедерлі етудің тәсілі болып табылады.
Өркениетті адам тілдік қарым-қатынастың әртүрлі формаларын жете меңгеруі керек. Бұл –
нарық пен демократияға бет бұрған заманның талабы. Әсіресе нарық заманының адамы
тілдік
қатынаста тек
өз саласымен шектеліп қалмай, шаршытоп алдында айтыс-тартысқа түсудің
логикалық,
әлеуметтік, психологиялық жақтарынан хабардар болуға тиіс. Ал тілдік
құралдарды талғау, саралау айтыс-тартыстың логикалық, әлеуметтік, психологиялық
жайттарына тәуелді. Осы жайттарды дұрыс аңғарғанда ғана тілдік құралдарды, стильдік амал-
тәсілдерді мүмкіндігінше тиімді пайдалануға зор жәрдемі тиеді.
Достарыңызбен бөлісу: