46
ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ БАҒДАРЛАМАСЫН ЖЕТІЛДІРУ КЕРЕК
А.Д. Омарова
Мемлекеттік тілді дамыту институтының ғылыми қызметкері,
гуманитарлық ғылымдар магистрі
Ұлттық мектеп деп төрт тұғыры да түгел мектепті, яғни, біріншіден, өз ұлтының тәуелсіз
білім беру саясатын жүзеге асыратын, екіншіден, сол ұлттың мемлекеттік аймағында қызмет
ететін, үшіншіден, адамзат өркениетінің құндылықтарын туған халқының рухани және мәдени
мұраларымен жарасымды ұштастыратын, төртіншіден, ана тілінде тәлім-тәрбие мен білім
беретін мектепті айтады. Білім жүйесін осы талаптарға сай құру үшін көп жұмыс жасау
керектігі белгілі.
Мұның бастауы – басқа пәндердің бәріне қатысы бар және олардың нәтижелерін өзіне
жинастыратын басты, өзекті пән Ана тілін оқыту мәселесі. Орыс ғалымы К.Д.Ушинский: «Ана
тілін
толық меңгермеген бала тарихты, географияны, жаратылыстану ғылымдарын және
математиканы үйренген кезде теореманы немесе математикалық есепті өз сөзімен айтып бере
алмайтын күйге ұшырайды» деген болатын [1, 339]. Осыдан, қазақ тілін орта мектепте тиісті
деңгейде, баланың толық дәрежеде білім алуына себеп болатындай, ана тілінің қыры мен
сырын түгелімен танитындай оқытудың қаншалықты маңызды екенін көреміз. Сондықтан,
қазақ тілінің бағдарламасында мәтіннің типтерін, стилін, жанрын тану үшін мәтінді құрайтын
барлық тілдік құралдарды: синтаксистік құрылымдарды, лексикалық бірліктерді, сөздің
дыбыстық және морфемдік құрамын тануға үйрету, ауызша
және жазбаша мәтінтудыру
дағдыларын жетілдіру үшін орфоэпия және орфография нормаларын білу, сөйлеу мәдениетін
және шешендік өнерді меңгеру, түрлі стильдер мен жанрларда мәтінтудыру тәсілдерін
жетілдіру секілді мақсаттар жүзеге асырылу қажет. Бүгінгі заман талаптарына сәйкес қазіргі
мектеп “білімді тұлға”, яғни білім, білік пен дағдылары қалыптасқан жеке тұлғаны
дайындаумен ғана шектеліп қоймай, «өмірдің өзгерістеріне дайын болатын», белсенді және
шығармашыл ойлайтын, интеллектуалды және жан-жақты дамыған жеке тұлғаны дайындауы
тиіс. Ол үшін, әрине, ең алдымен бағдарлама сол талаптарға жауап бере алатын,
интеллектуалды, озық ойлы жас тәрбиелеп шығаруға септігін тигізетін дәрежеде болу керек.
Қазіргі уақытта білім саласында қолданылып жүрген жаңартылған бағдарламада жалпы
орта білім беретін мектептерде «Қазақ тілі» пәнін оқытудың мақсаты – ана тілін қадірлейтін,
қоғамдық мәнін түсінетін тұлға қалыптастыру, сондай-ақ қазақ әдеби тілі нормаларын сақтап,
дұрыс қолдана білуге, еркін сөйлесуге және сауатты жазуға үйрету» [2] делінген. Бұл мақсат
толық емес, өйткені, қазақ мектептеріндегі қазақ тілінің мақсаты бұдан әлдеқайда терең болуы
керек. Біздегі білім жүйесіне оқушылардың коммуникативтік дағдыларын жетілдіруге, деңгейі
мен саласы, жанры әртүрлі болып келетін мәтіндерді талдауға, тануға, шығармашылық
жұмыстармен айналысуға, өз ойынан ауызша және жазбаша мәтін тудыруға бағыттайтын және
орта мектепке сай лингвистикалық білім беруге, қазақ тілінің жазу, айту нормаларын білуге,
оларды ажырата алуға үйрететін, стильдік ерекшеліктерді танытатын,
тіл білімінің барлық
салаларының бірліктері мен тұлғаларын түстеп танытуға арналған типтік бағдарлама керек.
Бұрын қазақ тілін деңгеймен оқытатын едік:
-
бастауышта фонетика, лексика, грамматика бойынша жалпылай түсінік беру;
-
5
сыныпта лексика, фонетика;
-
6 сыныпта сөз таптары;
-
7 сыныпта сөз таптарының түрленуі;
-
8 сыныпта сөйлем;
-
9 сыныпта пунктуация;
-
10 сыныпта тіл мәдениеті;
-
11 сыныпта шешендік өнер.
47
Енді осыған келуіміз керек пе? Жоқ, біз оқушыны сауатты сөйлеуге және сауатты жазуға
үйретуіміз керек. Ол үшін мемлекеттік тілді қадірлейтін, қоғамдық мәнін түсінетін тұлға
қалыптастыруға негіз болатын, қазақ әдеби тілі нормаларын сақтап,
дұрыс қолдана білуге,
оқушының жалпы коммуникативтік дағдыларын жетілдіруге, шығармашылыққа, ең бастысы,
орта мектепке сай линвистикалық білім беруге, тіл білімі терминдерін біліп, тіл бірліктерін
түстеп тануға үйрететін, коммуникативтік құзіреттіліктің қалыптасуын қамтамасыз ететін
бағдарлама бойынша оқыту өте қажет болып отыр.
Дәстүрлі грамматикада тілдің тек формалық жағына ерекше мән беріліп, тілдің қарапайым
бөлшектерінен бастап ең күрделі құрылымдарына дейін жүйеленіп, қарастырылады. Бірақ
мұндай құрылымдық зерттеулер бүгінгі заман талаптарына жауап бере алмайды. Себебі,
олардың мақсаттары қазақ тілін ана тілі ретінде оқитын бала үшін жеткіліксіз болып
табылады. Тілдің табиғатын толық көлемде ашу үшін оны сипаттаумен және жүйелеумен
қатар оның әрекет етуін, өмір сүру формасын, қолданылу аясы мен даму жолын қарастыру
керек. Мысалы, орыс тілінде функционалды грамматиканы, алдымен орта мектептерде
оқытуды бастау қажет деген көзқарастар бар. Мысалы, Парменова Т. В. "Мектептегі
грамматиканы оқып-үйренудің функционалдық тәсілі" мақаласында мектеп бағдарла-
маларында коммуникативтік тұлғаны қалыптастыру үшін тілдік білім беру, тілдік мәдениет
және тілдік тұлға мәселелеріне ерекше назар аудару қажет екенін атап көрсетеді [3].
Елімізде жұмсалымды грамматиканы пән ретінде оқытудың шекарасы, ауқымы нақты
анықталмаған. Мәселен, орыс тілді аудиторияға, қазақ тілді мектептерге, ЖОО студенттеріне,
ғылыми ортаға қандай грамматика оқыту керек деген сұрақтар әлі де шешілмей келеді.
Дәстүрлі құрылымдық
грамматиканы барлығына бірдей, яғни, оқушыға да, студентке де,
магистрантқа да оқыта беру дұрыс емес. Орта мектептен жоғары білім орындарында тек тілдің
ішкі құрылымын ғана емес, сонымен қатар оның әр түрлі қызметтерін, жұмсалу ортасын,
қолдану заңдылықтарын адамның ақыл-ой, шығармашылық қызметтерімен тығыз байланыста
қарастыратын жұмсалым грамматикасын да бірге оқыту қажет. Бізге осы бағыттағы
зерттеулерді күшейте түсу қажет.
Ұлы орыс педагогы К.Д.Ушинский: «Сөз қабілетіне жаттығу ауызша және жазбаша
болады, алдымен жазбашадан бұрын ауызша өтуге тиіс. Біздің мектептерде балаларды ауызша
тілге жаттықтыруға тіптен аз көңіл бөлінеді. Балалар мектепте сөйлемейді және жауапқа
шыққанда сабақты жатқа айтады немесе мұғалімнің сұрақтарына бас-аяғы жоқ үзінді,
байланыссыз сөздермен жауап қайтарады» [1, 285] деп бекер айтпады. Сондықтан, ауызша
және жазбаша түрде мәтін тудыратын және мәтінді талдай білетін, сабақты жатқа емес, өз
сөзімен, тиянақты, сауатты айта білетін ұрпақ тәрбиелеуді қолға алу өте қажет болып отыр.
Бұл үшін қолданыстағы жаңартылған
бағдарламаны барынша өзгертіп, жетілдіруіміз керек.
Бүгінгі күні алдымызға мынадай міндеттер қою арқылы білім саласындағы ана тілін
оқытудың ғылыми-әдістемелік негізін мақсат етеміз:
•
Тәуелсіздік алғанға дейінгі және тәуелсіздік кезеңіндегі жалпы білім беретін
мектептерде қазақ тілін ана тілі ретінде танитын балаға пән ретінде оқытуда пайдаланылған
бағдарламаларды талдау және салыстыру, олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін
анықтау.
•
Мемлекеттік тілді ғылыми пән ретінде оқытатын ТМД елдері, әлемдегі Жапония,
Польша, Германия, Финляндия, Франция және т.б. мемлекеттердің
тәжірибелерін зерттеу;
•
Туыстас тәуелсіз түркі елдері Түркия, Өзбекстан, Әзірбайжан, Қырғызстан және өзге
мемлекеттер құрамындағы түркі халықтарының мектептеріндегі ана тілін оқыту тәжірибесін
зерделеу;
•
Ұлт зиялылары А.Байтұрсынұлы, Т.Шонанов, Қ.Кемеңгерұлы оқулықтарын зерттеп,
артықшылықтарын, бүгінгі күнге сай келетін ұтымды жерлерін жинақтау, қолданысқа енгізу;
•
Тілдің тұлғалық және жұмсалымдық жағын зерттеп, орта мектептерде қазақ тілін пән
ретінде оқытуға тиімді болатын бағытты таңдап, олардың артықшылықтарын нақты
деректермен дәлелдеу;
48
•
Тілді екінші тіл ретінде үйрету мен ана тілі ретінде оқытудың әртүрлі
принциптерге
құрылу керектігін дәлелдеу;
•
Оқулыққа берілетін лексикалық тақырыптар мен тіл даму мәтіндері тақырыптарын
таңдаудың жүйесі мен принциптерін жасап, олардың грамматикалық тақырыптармен
байланысуын қамтамасыз ететін жолдарды анықтау;
•
Әлемнің қазақ тіліндегі көрінісін, ондағы семантикалық категориялардың тілдегі
материалдануын, яғни лексикалық бірліктерге, морфологиялық құралдарға, синтаксистік
құрылымдарға айналу жолдарын көрсету;
•
Лексикалық және грамматикалық тақырыптарды анықтау мақсатында әлемдегі қырыққа
жуық семантикалық категориялар мен тілдік (грамматикалық) категориялардың байланысын
зерттеу және салыстыру.
Осы бағыттағы жұмыстар арқылы орта мектепке арналған бағдарламаларды баянды ете
аламыз. Сонда ғана біз қазақ тілінің
заңдылықтары мен нормаларын, жазу мен айтудағы
ерекшеліктерін меңгерген, сауатты, парасатты ұрпақ тәрбиелей аларымыз сөзсіз.
Достарыңызбен бөлісу: