56
ТАҒЫ ДА ТӘРБИЕ ЖАЙЛЫ...
Д.Қ. Ибрагимов
НЗМ ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы
Алматы қаласы филиалының аға менеджері, педагогика ғылымдарының магистрі
Отбасы – әрбір қоғамның бастауы. Отбасы -Отанымыздың ошағы,
сыйластық пен
жарастық орнаған кішкентай Отан десек те болады. Отан отбасынан басталады.
Отбасының ең маңызды функцияларының бірі -тәрбие. Қазіргі таңда,
отбасының осы
тәрбиелік қызметімен байланыста қарастыруға болатын бір мәселе ретінде қазақтың
қонақжайлылық қасиетін
біз қалай қарастыруымызға, түсінуімізге болады? Отбасындағы
бала, болашақ ұрпақ тәрбиесінде қазақтың қонақжайлылық немесе «қонақ культінің» маңызы
қандай? Қазақтың қонақжайлылық культі қаншалықты маңызды бола алады?
Қазақтың қонақжайлылығы әрбір қазақ отбасына тән ұлттық абзал қасиеттерінің бірі.
Әрине, «қонақ культінің» «бала культінен» жоғары тұруы
жиырма бірінші ғасырда
қабылдауға қиын қарама-қайшылық десек те ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрден бір сәтте
бас тарту мүмкін де емес... Дегенмен, бала тәрбиесі үшін біз қонақжайлылығымызды қалай
«пайдалануымызға» болады деп ойланып көрсек... Қазақтың қонақжайлылығын кедергі-
қиындық емес, керісінше, бала тәрбиелеудегі тағы бір мүмкіндік ретінде қарастырсақ қалай
болады?
Қазақтың бала тәрбиесіндегі ғасырдан-ғасырға
жалғасып келе жатқан ұлттық
педагогикасына назар салсақ, бала тәрбиесінде «қонақ культінің»
маңызды ықпалы
болғандығын жоққа шығара алмаймыз. Қазақтың қонақжайлылығы баланы
Достарыңызбен бөлісу: