«білім берудегі 4к моделі: теория мен әдістеме» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік


Оның ерекшелігі – автордың пікірлеріне саналы



Pdf көрінісі
бет5/138
Дата08.10.2023
өлшемі2.86 Mb.
#480116
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   138
Bilim-berudegi-4K-zhina-y

Оның ерекшелігі – автордың пікірлеріне саналы 
түрде баға беру, айтылар ойға тереңірек үңілу, сол арқылы ғылыми-практикалық 
тұжырымға жол ашу”. [2.34.] 
Мәтін арқылы орындалатын жұмыстар сөйлесім әрекетінің барлық түрін қолдануға 
мүмкіндік берді. Қазақша сөйлеу тілін жан-жақты дамыту үшін жүргізілетін коммуникативтік 
тапсырмалар 
мәтіналды жұмыс, мәтінмен жұмыс, мәтінсоңы жұмыс деп берілгені тиімді. 
Осы жұмыстардың аясында барлық әдістер: қатысымдық, интерактивті, креативті, танымдық, 
сұрақ-жауап, т.б. толық іске асады.
Мәтіналды жұмыс аясында ұйымдастыру кезеңнің міндетіне сай, білімалушының моти-
вациясын туғызуға бағытталған, ұсынылып отырған лексикалық тақырыпты коммуникативтік 
тұрғыдан меңгертуге тиімді, тілүйренушінің деңгейіне қарай сөйлеуге жетелейтін тапсыр-
малар (мәтін мазмұны бойынша иллюстрациялаған фондық суреттер немесе фотосуреттермен 
жұмыс, тірек сөздерді пайдаланып, сөйлем құрау, сызба толтыру, диалогті толықтыру, мәтін-
нің тақырыбын талқылау және т.б. тапсырмалар мен грамматикалық материалдар) беріледі. 
Мәтінмен жұмыс аясында лексика – грамматикалық минимумды меңгеруге бағытталған 
мәтіндік тапсырмалар жүйесі ұсынылады. Мұнда мәтін мазмұны бойынша сұрақ-жауап 
тапсырмалары (бірнеше жауаптың ішінен дұрысын таңдау, «иә»/«жоқ», «дұрыс»/«дұрыс 
емес», еркін жауапты қажет ететін сұрақтар); мазмұнды түсінген-түсінбегенін тексеретін 
тапсырмалар (кім, не, қайда, қашан, не үшін және т.б. сұрақтар арқылы мәтінді түсін-
ген/түсінбегенін тексеру, кілт сөздерді анықтау/таңдау, мәтін типін анықтау); сәйкестікті 
анықтауға арналған тапсырмалар (суреттер мен сөйлемдерді, ауызша және жазбаша 
мәтіндерді, қысқа мәтін мен диалогті, сөз тіркестері мен сөйлем сыңарларын сәйкестендіру, 
суреттерді мәтін мазмұнымен үйлестіріп, орналастыру); нұсқауларды орындау (сурет салу, 
сызу, сызбадан бағытты анықтау, сызбаны не суретті толықтыру, суреттің не сызбаның бөлігін 
қосу, суреттегі (сызбадағы) бөлектерді белгілеу, естіген/оқыған ақпаратты сызбаға жазу, бланк 
толтыру, тірек сөздердің көмегімен жазбаны толықтыру) жұмыстары; мәтінді оқу 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   138




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет