«білім берудегі 4к моделі: теория мен әдістеме» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік



Pdf көрінісі
бет9/138
Дата08.10.2023
өлшемі2.86 Mb.
#480116
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   138
Bilim-berudegi-4K-zhina-y

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


17 
МЕКТЕПТЕГІ ӘДЕБИЕТ ПӘНІН ҚАЛАЙ ТҮСІНІП,
ҚАЛАЙ ОҚЫТЫП ЖҮРМІЗ? 
 
Б. Д. Жұмақаева 
п.ғ.к., СДУ профессоры 
Мектептегі әдебиет пәнін кім қалай түсінеді? Жалпы мектептегі әдебиет пәнінің 
функциясы қандай болу керек? Бұл қүрделі әрі көп талқыдағы сұрақ. Көп талқыда дейтін 
себебіміз бүгінде әдебиет пәнінің бағдарламасы жиі ауысатын болды әрі сол ауыстырулардың 
белгілі себептері түсіндіріліп жатқан жоқ. Білім саласындағы мемлекеттік реформалар қандай 
негіздерге, әлеуметтік-ғылыми зерттеулерге сүйеніп жүргізіліп жатыр – мұның да жауабын 
алу оңай емес. Әр бағдарлама өндіріске енгеннен кейін оның тиімді-тиімсіз болған тұсы 
сарапталып, нәтижелері есепке алынбайды. Бізде қоғамдық-әлеуметтік, педагогикалық 
сараптамалар жоқтың қасы.
Ең алдымен «ӘДЕБИЕТ ПӘНІ» дегеніміз не? дегенге үңіліп түсініп, түйсінгеніміз абзал.
Әдебиет пәні – қоғамтану пәні емес, әдебиет– тарих пәні емес, әдебиет пәні – әдебиеттану 
ғылымы емес, әдебиет пәні – ақпарат құралы ғана емес. Айтылған мәселелерді аражігін дұрыс 
түсіну оны оқытудың да өзіндік талап-таразысын көруімізге жол ашады. Таратып айтып 
көрейік. 
Әдебиет – қоғамтану пәні емес, бірақ қоғамдық пән. Олай дейтініміз авторларды топтас-
тырғанда Егемен елдің сипатын көрсетуге құлшынып, тәуелсіздікті дәріптейтін шығар-
маларды енгізуге тырысқанымыз байқалады. Әдебиеттің ең алғаш қоғамдық пәндердің 
құрамына енгізіп, идеологиялық құралға айналдырғаны тарихтан мәлім. Бұдан әдебиетті 
идеялогия қаруына айналдыру керек деген ой тумаса керек. Дегенмен ертеңгі мемлекет 
тізгінін ұстайтын буынның қандай боларына алаңдайтын қоғам дұрыс бағыт-бағдар ұстанып, 
тұлғаны рухани кемелдендіруді көздеуі маңызды. Әдебиеттің рухани құндылық екенін ешкім 
жоққа шығара алмайды. Бүгінгі оқушы қатыгездікті, кісі өлтіруге шімірікпейтін небір 
қаныпезер кейіпкерді әлеуметтік желілерден күніге көріп отыр. ХХ ғасыр әдебиеті мен 
өнерінде туындаған ағым-бағыттарда супер адамның іс-әрекеттері дәріптеліп, ол өнердің бар 
саласында көрініс табуда. Оның философиялық теорияларын Ф.Ницшеден түсінуімізге 
болады. «Икс адамдар», «Тор», «Халк», «Бэтман», «Өрмекші адам» т.т. шексіз күшке ие 
болған қаһармандар оқушы сенетін күштер. Бүгінгі оқырманның белсенділігі кеміп, 
көрерменге ұсынылатын дүние талғам-сарапсыз кетіп жатқанын мойындамасақ болмайды. 
Оқырманның азаюына да қазіргі бағдарламалардағы келеңсіздіктердің үлесі бар. Мектепте әр 
сынып бойынша қандай оқу материалдарын ұсынып отырмыз. Қай авторлардан қандай 
мазмұндағы шығармаларды оқып отыр? Оқушының 11 сынып бойында оқитын әдебиетінен 
қандай образдар, тұлғалар бой көрсетеді? Оқушы қандай кейіпкерлермен қауышады, кімдерге 
еліктейді? Ертеңгі қоғам адамының тұлғалық қасиеттеріне кімдер үлгі деген сұрақтар 
қоюымыз да заңды. Оқушы қазақ қыздарының қиын тағдырымен ғана қауышып, отарлық 
езгіден бас көтермеген өткеніміз ғана айтылып жатқан жоқ па? Немесе дидактикалық-
насихатқа құрылған, ұрандаған өлеңдерді ғана топтастырып беріп алғанымыз жоқ па? Бүгінгі 
оқырманның талап-сұранысын қанағаттандыратын шығармалар қайсы, мұның бәрін сараптай 
алдық па? Оқушылардан сауалнамалар алып, олардың қандай шығармаларды оқығысы 
керетінін сараптайтын ұйымдар бар ма? Негізі қазақ әдебиеті деген көлкөсір дүниенің барлық 
алқабынан көркем галерея құра алдық па?! Олай болса жаңартылған мазмұндағы бағдарламада 
неліктен әдеби материалдар шектен тыс қысқарып отыр?! Санаулы шығармалармен 
оқырманды қалай қалыптастырмақпыз? 
Баланың көркем әдебиетке деген сүйіспеншілігін оятатын кезең орта буын екенін түсінсек, 
ең әуелі 5-9 сыныптарға таңдаулы шығармаларды оқушы ұғымы мен қызығушылығына сай 
ұсына білуіміз керек емес пе еді. Қазақ әдебиетінің классиктері саналатын М.Жұмабаевтың 
көркем де рухты өлеңдері, С.Сейфуллиннің «Ақсақ киік», көркем эстетикалық бағасы жоғары 


18 
«Көкшетау» сияқты шығармалары, М.Мақатев лирикасы, С.Мұқановтың ұлттық саятшылық 
өнерді дәріптейтін «Өмір мектебі» романынан «Лашын», «Саятшы Ораз» әңгімелері, балалар 
жазушысы С.Бегалиннің тұлғаның қалыптасуын танытарлық «Бала Шоқан» әңгімесі, 
Ш.Мұртазаның «Қызыл жебе» романынан алынған «Тұтқын бала» сияқты қазақтың ардақты 
ұлдарының өмір жолын танырлық тағылымдық шығармалары, Қ.Жұмаділовтің «Сәйгүліктер» 
романынан алынған «Қозыкүрең» әңгімесі, М.Мағауиннің «Бір атаның балалары» атты 
тарихи-танымдық шығармалары, адамгершілік тәрбиенің терең тамырлы дүниелерінен сыр 
шертетін Д.Исабековтің «Ата үміті» әңгімелері т.т. шығармалар қандай себептермен 
жаңартылған мазмұндағы бағдарламадан алынып тасталған деген заңды сұрақ туындайды. 
Әңгіме жанрының шебері Б.Майлиннің шығармалары, ана тақырыбындағы Г.Мүсіреповтің 
бағалы әңгімелері, І.Жансүгіровтің эстетикалық бағасы биік «Күйші» поэмасы, кезінде 
тоталитарлық жүйенің ықпалымен оқытылмай келген М.Ж.Көпеев шығармалары, сал-серілер 
поэзиясы т.т. бүгінгі бағдарламадан неліктен қысқарып кеткен. Жоқтайтын дүниеміз өте көп.
Психолог-ғалымдардың айтуынша оқушылар 5-9 сыныптарда жасөспірім кезеңде кейіпкер 
характерінің жасалуына, оның шындық өмірдегі адамдарға ұқсастық жақтарына ден қояды. 
Шығармадағы кейіпкер тұлғасынан өмірдегі адамдар әлемінің болмысына, еліктеп, шынайы 
құндылықтарды түсіне бастайды. Кейіпкердің моральдік бейнесінен өмірдегі адамдардың 
сипатын тануға бейімделе түседі. Оқыған шығармаларындағы кейіпкерлерге еліктеп бой 
түзейтін кезеңі де осы шақ. Кейіпкерлердің қалыптасу жолына, іс-әрекетінің мотивін іздеуге 
қызығушылықтары артады. Жеткіншек кезеңде автор өрнектеп отырған кейіпкер 
болмысындағы реалистік мінез, құбылыстарды, оған себепкер жағдай мен мотивтерді бағалай 
бастайды. Ал жоғары сыныптарда кейіпкерлердің ішкі күрделі болмысын тануға қызығып, 
автордың шығармашылық пайымын түсінуге талаптанады. Сондай-ақ, адамның 
өміртанымдық көзқарасын түсінуге, моральдық қасиетін бағалауға деген талпынысы молаяды. 
Көп оқушылардың 10-11 сыныптарда эстетикалық талғамына сай туындының көркемдік 
маңызын тануға қабілеті артады. Жалпы алғанда жоғары сынып оқушыларының шығарманы 
тұтас құрылым ретінде қабылдап, одан алған әсерін жүйелеу талабы басым болады екен 
(Н.Д.Молдавская, Н.И.Кудряшев, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов т.б.). Осының өзінен бірнеше 
байлам жасап, қорытынды шығаруға болады. Алдымен, әдебиетті оқытудың методологиялық 
негіздеріне мән бермеу көптеген олқылықтар мен қарама-қайшылықтарға ұрындырды. 
Мәселен, жаңартылған мазмұндағы бағдарламадағы оқу мақсаттарында бағалау, эссе жазу 
тапсырмалары 5 сыныпқа да, 11 сыныпқа да бірдей ұсынылған. Бұның өзі оқушылардың жас 
және психологиялық ерекшеліктерін ескермеуден туындап отыр. Екіншіден, орта буын 
сыныптарда оқырман қалыптастыру үшін әдеби шығармалардың қажетті мөлшері болуы 
қажет еді. Бір шығарманы бір тоқсан бойы талдап, таразылайтындай оқушылар әдеби мәтін 
сарапшылары емес әрі әдебиеттің теориялық мәселелерін терең қазып, орта буында тықпалау 
орынсыз. 
Үшіншіден, орта буын сыныптардағы оқу материалдары балалар әдебиеті өкілдерінен 
құралуы керек. Себебі қазақ балалар әдебиетінің іргесі қаланып, көркем дүниелермен 
қаныққанын жоққа шығаруымыз ретсіз. Ол шығармалардың тілі, сюжеті, образдары балалар 
түсінік-танымына қабысып жатыр. Сондықтан орта буында оқу материалдарын балалар 
әдебиетінен құруымыз міндетті әрі оқырманнның қандай шығармаларға қызығатыны да 
есепке алынуы керек. 5-7 сыныптардағы әдебиеттің ең үлкен міндеті оқырман 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   138




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет