«білім берудегі 4к моделі: теория мен әдістеме» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік


сауаттылығын қалыптастыру (мәнерлеп оқу, кідіріс жасау



Pdf көрінісі
бет6/138
Дата08.10.2023
өлшемі2.86 Mb.
#480116
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   138
Bilim-berudegi-4K-zhina-y

сауаттылығын қалыптастыру (мәнерлеп оқу, кідіріс жасау, тыныс белгілерін, екпін мен 
дауыс ырғағын сақтау); тыңдаған материалды қабылдап, түсінуге (негізгі ойды анықтау, 
кейіпкерлердің әрекетін бағалау; идеяны, көзқарасты анықтау; сипаттау, баяндау, суреттеу 
және т.б.) бағытталған жұмыстар; айтылған пікірлерді, сөздерді толықтыру (айтылған не 
жазылған сөйлесім түрлерін аяқтау, толықтыру, қайта қалпына келтіру, диалогтегі репликаны 
толықтыру, кеңейту, оқиғаны не әңгімені аяқтау) т. б. осы сияқты шығармашылық жұмыс-
тардың ұсынылғаны жақсы нәтиже береді. Мұндай тәсілдер мен тапсырмалар оқушылардың 
пәнге қызығушылығын арттырумен қатар қазақ тілінде тыңдап, оқығанын дұрыс түсінуге, 
ойын сауатты жеткізуге үйретеді.
Мәтінсоңы жұмыстар өтілген лексикалық және грамматикалық материалдар бойынша 
тілүйренушінің алған білімін ұқсас немесе бейтаныс жағдайларда қолдану дағдыларын 
шыңдауға арналады: тақырып бойынша сұрақтар ойластыру, мәтінді жалғастыру, мәтіндегі 
ойға өз көзқарасын білдіру, жаңа мәтін дайындау, талдау, алған білімін өмірлік жағдаяттарда 
қолдана білу. Мәтінсоңы жұмыстар оқушынының алған білімін оқу жағдаятынан шынайы 
өмір жағдаятына аударып, әлеуметтенуіне жол ашатын тілдесімдік тапсырма түрлерінің 



(жағдаяттық тапсырма, рөлдік ойын тапсырмалары, ойын тапсырмалары, ойталқы, пікірталас 
ұйымдастыру) ұтымдылығымен ерекшеленеді. 
 
Тілдесімдік тапсырмаларды орындау арқылы білімалушы тілдік қатынас барысында әр 
түрлі ситуациялардан шығудың жолын іздестіріп, өз пікірін айтуға, көзқарасын дәйектеуге – 
креативтік ойтанымға үйренеді. Аталған жұмыс түрлері мәселені бірлесіп талқылау, шешім 
ұсыну, проблемалар мен міндеттерді айқындау, өзара және өзін-өзі бағалау, мәтін мазмұ-
нының аясынан шығып, өз білімін өмірлік дағдыларға ұластыру сияқты коммуникативтік 
мақсаттардың жүзеге асуына жол ашады. Мәтінсоңы тапсырмаларынан кейін тілүйренуші 
білімді бекітуге арналған жарнама, хабарландыру, танымдық, ізденімдік сипаттағы 
жұмыстарға негізделген жаңа жазбаша мәтін түрлерін дайындайды. Жазбаша сөйлеуге үйрету 
мен жазба жұмыстарын орындату «мәтін – үлгі – жаттығу – шығармашылық жұмыс – кері 
байланыс (бағалау) – қатемен жұмыс» тізбегімен жұмыс істеу арқылы іске асады.
Мұғалім бір сабақтың бойында оқулықта берілген бірнеше әдістерді ұтымды пайдалану 
арқылы тақырыпты терең меңгертеді. Мәтіналды жұмыс, мәтінмен жұмыс, мәтінсоңы 
жұмыстар аясында ұсынылған тапсырмалар қазақ тілін коммуникативтік тұрғыдан жан-жақты 
игертіп, оқушыны ойын дұрыс, түсінікті, сауатты сөйлеуге үйретеді. 
Қазақ тілін оқыту барысында орталық нысана етіп алынатын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   138




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет