«білім берудегі 4к моделі: теория мен әдістеме» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік



Pdf көрінісі
бет7/138
Дата08.10.2023
өлшемі2.86 Mb.
#480116
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   138
Bilim-berudegi-4K-zhina-y

тілдік коммуникация 
процесі ойлау мен сөйлеудің бірлігі нәтижесінде қатысымдық бірліктердің байланысу 
заңдылықтары арқылы беріліп, адамдардың өзара түсінісуін қамтамасыз ететін, адамзатқа тән 
күрделі қоғамдық-әлеуметтік үдеріске айналады.
 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1. 
Дощинский Роман Анатольевич. Работа над текстом на уроках русского языка как средство развития 
связной речи учащихся 5 классов общеобразовательной школы : Дис. ... канд. пед. наук : 13.00.02 : М., 2005. ‒ 
207 c.
2. 
Оразалиева. Э. Танымдық казак тілі. -Алматы, “Мұрагер”, 2005, -176,
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


10 
ОРТА МЕКТЕПТЕГІ ҚАЗАҚ ГРАММАТИКАСЫН
ОҚЫТУДЫҢ НЕГІЗДЕРІ 
 
Б.С. Қапалбек 
Мемлекеттік тілді дамыту институтының атқарушы директоры, 
филология ғылымдарының кандидаты 
Тілдік құзірет пен коммуникативтік құзіретті қатар алып жүру – қазірде дамыған Батыс 
елдерінің білім жүйесіндегі басты мақсаттардың бірі. Бұл жазбаша және ауызша 
сөйленімдердің мәнін түсінуді, коммуникативті сәтсіздіктердің негізгі себептерін анықтап, 
түсіндіре білуді, өзінің және басқалардың сөйлеуін дәл, орынды бағалауды, болашақта өз ойын 
айқын да анық жеткізе білетін ауызша да, жазбаша да сауатты ұрпақ қалыптастыру 
мүмкіндігін береді. Бұл мақсатқа жету үшін,ең алдымен, тілдің бірліктері мен категориялары 
туралы ғылыми білімді қалыптастырып, кеңейтіп, қатаң орнықтырып алу қажет. Тіл 
деңгейлері мен бірліктерінің өзара байланысын, тіл білімінің негізгі ұғымдарын игеру арқылы 
тілдің грамматикалық негізі мен коммуникативтік мақсатын ұштастыру мүмкіндігі туады. 
Сөздердің лексикалық мағынасымен қоса, грамматикалық мағынасымен танысып, оларды 
ажырата білу, олардың грамматикалық (морфологиялық, синтаксистік) сипаттамаларын тану 
сөзді, тілді барлық қырынан тануға мүмкіндік береді. Қазіргі типтік бағдарламаларда 
талдауларға (лексикалық, фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік), сөздердің қызметін, 
пайда болу көздерін, дұрыс орналасу тәртібін, орналасу себебі мен мақсатын түсіну жағына 
мән берілмей жүр. Қазіргі типтік бағдарлама бойынша бала мәтін талдайды, яғни мәтіннің 
негізгі белгілерін таниды, тақырыпты, негізгі идеяны, кілт сөздерді, микротақырыптарды 
бөліп көрсетеді, мәтінді абзацтарға бөліп, мәтіннің композициялық элементтерін біледі. 
Себебі, бағдарламада мәтінді логикалық жағынан тану жан-жақты қарастырылған. Алайда, 
осы логикалық талдауды жасаған бала берілген мәтіннің үлгісі бойынша өзі мәтін тудыра алуы 
керек, мәтінге лингвистикалық талдау жасай алуы керек. Бүгінде «мұндай талдаулар мен 
анықтамаларды берудің қажеті жоқ» деген ұғым қалыптасып кеткен. Дублет, синоним сөздер 
мен көпмағыналы, омоним сөздердің қолдану реті мен жүйесін үйрету, белсенді және 
потенциалды лексиканы байыту, сөйлеу не жазу кезінде стильдік нормаларды дұрыс қолдану 
бағдарламаның негізгі мақсаты болуы керек. Сонымен қатар, жаңа бағдарлама жасау кезінде 
ұлттық этикет, ұлттық код, ұлттық сана, ұлттық мәдениет дегенді ұмытпай, қатар алып жүру 
керек. Ол үшін мәтіндердің мазмұны мен тәрбиелік мәні ұлттық ерекшелігімізді даралауға 
қызмет ету керек.
“Баланың ойы сөйлеу процесі негізінде жарыққа шығады. Ол ауызша сөйлеу не жазбаша 
сөйлеу арқылы іске асады” [1, 97]. Осы жолда 3 мақсат негізге алынады: мәтінтану, мәтін 
тудыру және әдеби тіл нормалары. Мәтінтану мақсаты оқылған не тыңдалған мәтінмен жұмыс 
кезінде жүзеге асады. Сәйкесінше, мәтінтану мәтін мазмұнын түсіну, ондағы негізгі және 
қосымша ойды таба білу, мәтін бойынша сұрақтар құрастыра білумен қоса оның стилі мен 
жанрын, мәтіннің типтерін және әр типке тиісті қолданылатын тілдік құралдарын ажырата 
білуден тұрады. 
Мәтінтану мен мәтінтудыру лексика-грамматикалық, орфография-орфоэпиялық, 
пунктуациялық нормалаға, ал, дыбыстарды, сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс айту үндестік 
заңына бағынады. Осы нормалар мен принциптерді жақсы меңгерген бала қай жағынан болса 
да сауатты болары анық. Сондықтан бағдарламада міндетті түрде әдеби тіл нормалары 
барынша толық берілуі тиіс. Әдеби тіл нормалары лексика-грамматикалық, орфографиялық, 
пунктуациялық, орфоэпиялық деп жіктеліп беріледі. Бұл нормалардың әрқайсысы мәтінтану 
мен мәтін тудырумен тығыз байланысты. Яғни, бағдарламада функционалдық білім негізге 
алынады. Себебі, норманы меңгерген бала ғана барлық жағынан сауатты (орфографиялық, 
пунктуациялық, стильдік, т.б. қателері жоқ) мәтін тудыра алады және кез келген мәтінді 
логикалық жағынан да, стильдік, жанрлық тұрғыдан да талдай алады. Қазіргі жаңартылған 


11 
бағдарламада берілген грамматиканы жүйелеп, бірізге салу және мәтінтудыру мен 
мәтінтанумен байланыстыра сабақтастыру керек. 
Бағдарламада ауызша мәтін тудыруға ерекше мән берілу керек. Төменгі сыныптарда 
қарапайым орфоэпиялық нормалар үйретілсе, әрі қарай баланың деңгейіне байланысты тіл 
мәдениеті, сөйлеу мәдениеті меңгеріле келе, балаға сауатты, таза, шешен сөйлеуді үйрету 
негізге алынады. Сөйлеу мәдениетінің жоғарғы формасы шешендік болса, баланы осы 
дәрежеге жеткізе білу – бағдарлама мен оқулықтарды, ұстаз бен мектептің алдында тұрған 
міндет. Яғни, тіл дамыту әрекетінің нәтижесінде оқушыны ана тілінің сөз байлығын толық 
игеруге, тілдің фонетикалық және сөзжасам жүйесін жақсы меңгеруге, морфологиялық, 
синтаксистік тәсілдерді жақсы біліп, оларды практикада ұтымды, дұрыс пайдалануға үйрете 
білу керек. Жаңа бағдарламаның міндеті – балаға лексика-грамматикалық білім берумен қатар, 
мектепте алған білімін өмірде пайдалана білуге дағдыландыру. Оқушы лексика-
грамматикалық тұлғаларды тек жаттап қоймай, олардың мағынасы мен жұмсалымына қанық 
болуы тиіс, сонда ғана олар тілдегі заңдылықтар мен ережелерді біліп, оларды күнделікті 
өмірде дұрыс пайдаланумен қатар, олардың стильдік, экспрессивтік, эмоциялық, көріктеу, 
көркемдеу қызметтерін де түсініп пайдалана алады. Бұл қазір функционалды білім зерттеу 
нәтижесінде әзірленетін жаңа бағдарлама сол коммуникативтік дағдыларды жетілдіруге 
көмектеседі. Мектеп бітіргеннің бәрі филолог болмасы анық. Дегенмен, мәтін тудыру – 
өмірдің салты. Одан ешкім құтыла алмайды. 
Көптеген жылдар бойы мектептерде үйретіліп келген дәстүрлі грамматикада тілді зерттеу 
оны сипаттап және жүйелеумен ғана шектелген болатын. Ал тіл білімі үшін бұл жеткіліксіз. 
Тілдің табиғатын толық ашу үшін оны сипаттап, жүйелеумен қоса, оның әрекет ету, жұмсалу 
құрылымын да қарастыру қажет. Жаттанды ережелер мен жаттанды мысалдар балаға ана 
тілінің жүйесін, нормаларын толық тануға мүмкіндік бере алмайды. Ал, бұрынғы дәстүрлі 
грамматиканы да, сонымен қатар, тілдің қарым-қатынастағы әрекетін, күшін, формасы мен 
нормасын жұмсалымды грамматика үйретеді. Себебі, жұмсалымды грамматика сөйлеуді 
зерттеу нысаны етіп алады да, оны адамның ойлау әрекетімен бір ғылыми кең астастықта 
қарастырады. Балаға мектепте алған білімін басқа кез келген ортада қолдануға жетелейді. 
Мектепте коммуникативтік дағды қалыптастыру дегеніміз осы. Бұл мақсатты жүзеге асыру 
үшін коммуникативтік синтаксистің бүгінгі жетістіктеріне сүйенбеске болмайды. Мәселен, 
адамдар сөйлеу кезінде тілдегі, жүйедегі бар сөздермен, морфемалармен, фонемалармен ғана 
шектеліп, осы деңгейдегі тіл бірліктерін жаңадан ойлап, тауып қолданбайды. Керісінше, олар 
сөйлеу әрекетінде бұрын айтылмаған, жазылмаған мыңдаған жаңа сөйлемдерді қолдануы 
мүмкін. Бұдан тілдің шығармашылығы осы синтаксистегі сөйлемдерден көрінетіндігі 
байқалады [2, 20]. 
Енді оқулық жазу барасында лексикалық тақырыптарға негіз болатын семантикалық 
категорияларға тоқталып өтсек. Категория тіл білімінде грамматикалық және семантикалық 
(ұғымдық) болып екіге бөлініп қарастырылады. Грамматикалық категорияның құрамына 
морфологиялық және синтаксистік категориялар енеді. Ал семантикалық категориялар 
логикамен, ұғыммен байланысты. Н.А.Кобринаның айтуынша, жалпы алғанда, ұғымдық 
категориялар тіл жүйесінің өмір сүруінің, оны үйреніп, білудің кілті болып табылады [3, 46]. 
Сондықтан болар семантикаға табан тірейтін концепциялар көп жағдайда оқулық жазуға негіз 
болып келеді.
Жаңартылған бағдарламада оқулыққа енгізу үшін қоршаған орта, әлеуметтік теңсіздік, 
ғылым, жастар, экология, ғарыш, биоалуантүрлілік, мамандық түрлері т.б. тақырыптар 
берілген. Бұл қате. Бұндай тақырыптардың шегі жоқ. Ал егер мәтін талдауға семантикалық 
категорияларды, ұғымдарды басты тақырып етіп алатын болсақ, мәселен, заттар: адамзат және 
ғаламзат; бар және жоқ; себеп пен салдар, оқиғаның мезгілдестігі, сын мен сан, субьект пен 
нысан және т.б. Онда мұндай тақырыптар мен мәтіндердің мазмұны да, құрылымы да, ондағы 
тілдік бірліктер де бір-бірімен және грамматикалық тақырыппен тығыз байланысты болар еді. 
Лексика мен грамматика бір толқында, қатар жүру керек. Себебі, олар бірін-бірі толықтырады, 


12 
бір-бірінің меңгерілуіне тірек болады. Логикалық категориялар жалпы адамзат баласына тән 
болғандықтан бір тәртіппен түзіледі. Олар типологиялық ерекшеліктеріне қарай әр деңгейде 
көрінетін, яғни түрлі тәртіппен түзілген тіл категорияларына сәйкес келеді. Мәселен, көптік 
және жекелік ұғымын алайық. Ол көптік жалғауы арқылы зат есімнің көпше және жекеше 
түрімен морфология деңгейінде ғана көрінбейді. Көптік мағынаны лексика деңгейінен де (көп 
– 
аз, бәрі – біреуі), синтаксис деңгейінен де (кеше келдім – кеше келдік, ол барсын – олар 
барсын және т.б.) көруге болады.
У.О.Есперсен еңбектерінен мағынадан формаға қарай бағытталған зерттеулердің алғашқы 
нышандарын кездестіреміз. Оның ұғымдық категориялар – әмбебеп мағыналар (универсаль-
ные значения) туралы айтқан идеясы кейінірек И.И.Мещаниновтың еңбектерінде жалғасын 
тапты. Бірақ И.И.Мещанинов (логикадағы және философиядағы) ұғымдық категориялардың 
бәрі бірдей ұғымдық категорияға жата бермейді, тек тіл құрылымында өзінің тілдік көрініс 
тапқандары ғана, яғни лексикалық, морфологиялық немесе синтаксистік жүйеде көрінгендерін 
ғана ұғымдық категорияға жатқызуға болады. Ұғымдық категориялар санадағы нормалардың 
тілде тілдік құралдармен берілуімен анықталатынын айтқан болатын [4, 7]. Философия мен 
логикада семантикаға тіл білімінен әлдеқайда бұрын көңіл аудара бастаса да, логикалық 
категориялардың өзі о баста тілдік категориялардың негізінде танылғандығы белгілі. Алайда 
логикалық категориялар мен логикалық ұғымдар лингвистикалық семантиканың, референция, 
прагматика теорияларының, сондай-ақ тіл біліміндегі зерттеулердің формальді аппаратын 
жасауға негіз болғандығы белгілі.
Грамматикалық категориялар өз бастауын логикадан алады. Логикалық пайымдаулар 
адамзат баласына ортақ деп қарайтын болсақ, онда бір тілде бар категориялар екінші бір тілде 
жоқ болуы мүмкін емес. Тек бір тілде бар категориялар екінші бір тілде толық 
грамматикаланбаған (мәселен, орыс тілінде вид категориясы бар, қазақ және неміс т.б. 
тілдерде вид категориясы жоқ) болуы мүмкін. Яғни тілдерді салыстыра-салғастыра 
зерттегенде, бір тілдерде грамматикаланбаған категорияларды жоғарылау тұрған деңгейден 
іздеу керек. Анықталған тұжырым бойынша, тілдердің арасында төмендегі деңгейлерден гөрі 
(
фонетика, морфология) жоғарғы деңгейде (синтаксис) ерекшелік аздау болып келеді. Тіл 
білімінде көбіне морфология таза тілдің жүйесі, ал синтаксис сөйлеудің (речь) жүйесі деп 
қаралады. Тілдің жүйесі (морфология) неғұрлым бай болған сайын мағынаның түрлі реңктері 
соғұрлым көп болады. Соған байланысты сөйлеу жүйесі (синтаксис) қарапайым, оңай 
құрылады. Керісінше, тіл жүйесінің мүмкіндігі шектеулі болса, барлық мағыналық реңктерді 
беру жүгі сөйлеу жүйесіне түседі де, оның құрылымы күрделенеді [5]. Яғни морфология 
деңгейінде толық көрінбеген, жүйеге түспеген мағыналық категориялар синтаксис деңгейінде 
сөздердің тіркесуі арқылы беріледі. Өйткені жалпы адамзат баласына тән әмбебап қырыққа 
жуық ұғымдық категорияның ұлт тілдеріндегі көрінісі біркелкі емес. Мәселен, грамматикалық 
категориялардың берілуі барлық тілде бірдей болмайды. Оның үстіне жалпы адамзат баласына 
тән ұғымдық категориялардың бір тілдерде нақты, бір тілдерде көп, бір тілдерде аз болып 
көрінуі де жеке ұлт тілдерінің әлемді өзінше танитындығына дәлел бола алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   138




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет