19
тәжірибені жоққа шығаруға болмайды. Қазақ мектептерінде әдебиеттік оқу сыныптарына
арналған әдістеменің іргетасын қалаған Ы.Алтынсарин десек, мәтінді
пайымдап оқу, талдап
оқу, мақамдап оқу, сөйлету, жаздыру, мазмұндау, мінездеу, ғибратшылдық оқу (шығарманың
идеясын түю) сияқты оқу әрекеттері алғаш Ы.Алтынсарин
мектебінен бастау алып,
әдістемелік жүйеге еркін енген еді. Бүгінде көркем мәтінді оқу мен оны қабылдаудағы
(восприятие) баланың жай күйін есепке алмастан шығарманың
құрылымы мен пішінінен
бастап оқыту жаңартылған мазмұндағы бағдарламаларда орын алып отыр, бұл –
әдебиетті
оқытудың әдіснамалық негіздерін ескермеуден туған қателік. «Әдебиеттік оқу» сыныптары
саналатын орта буында көркем шығарманы қабылдау үдерісінің маңыздылығын М.М.Бахтин,
Н.Д.Молдаская, В.Г.Маранцман, В.Е.Хализев, М.А.Рыбникова, Ә.Қоңыратбаев қатарлы талай
әдебиеттанушы, психолог, әдіскерлер зерттеп негіздеген болатын. Ал
ғылымда анықталған
оқу-таным жүйесін сырып тастап, «қайдан құлақ шығарсақ та еркімізде» деуге бола ма?!
Мәтінді тану сөз бірліктерін түсініп оқудан басталатынын жоққа шығара алмаймыз.
Ендеше алғашқы оқу-таным әрекеті бағдарламадағыдай шығарманың құрылымдық жүйесі,
мазмұны мен пішінінді талдаудан басталмай, сөз мағынасын танудан басталғаны жөн. Сөз –
бірлік, сөз– таңба, сөз – таным, сөз– пайым. Ендеше
әр сөздің мәнін пайымдап алмай,
мазмұнды түсіну де мүмкін емес.
Тәуелсіздік алғаннан бергі 1999 жылғы Қазақстан Республикасы Білім,
мәдениет және
денсаулық сақтау министрлігі мақұлдаған Қазақ әдебиеті пәні бағдарламасында оқу
материалдары қазақ әдебиетін түгел қамтимыз деп шектен тыс оқу материалдарын енгізіп,
әдебиет шолу түрінде
ғана оқытылып, әдеби мәтіннен оқушыларды алшақтатып алсақ,
жаңартылған бағдарламада керісінше 600 дей сағатқа 100 ден сәл асатын шығарма енгізіп,
оның өзін әдебиетті оқытуға жұмсамай, әдеиеттануға бой ұру, кіріктірілген басқа мәселелерге
бұруы, дүниенің екі шегіне құлаш ұру деп түсінуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: