117
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-МАТЕМАТИКАЛЫҚ БАҒЫТТАҒЫ ПӘНДЕРДІ
ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕШЕЛІКТЕРІ
Елибаева Н.С., Пердебекова Ш.Б., Нүсіпәлиева М.
Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған
қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-
интернатының
химия, география,физика пәндерінің мұғалімдері
Негізгі орта білім деңгейінде оқушылардың білімге құштарлығын арттыру, әлем жайлы ой-
өрісін кеңейту, ғылымды ұғыну және қоршаған әлем туралы біртұтас көзқарас қалыптастыру,
қоршаған әлемді бағалай және қорғай білу біліктерін дамыту жаратылыстану бағытында білім
берудің басты шарты болып табылады. Осы деңгейде «Жаратылыстану» пәнін оқу
оқушыларға қоршаған әлемнің көп қырлылығын, табиғи құбылыстар мен үдерістердің өзара
байланысын, өлі және тірі табиғатта болып жатқан кейбір табиғи құбылыстар мен үдерістердің
себептерін, көптүрлі табиғат құбылыстары мен нысандарын жүйелеу
қағидаттарын,
жаратылыстану бағытындағы білімнің адамның көптеген іс-әрекеттері үшін маңызын түсінуге
мүмкіндік береді.
Жалпы орта білім деңгейінде бұл оқу бағдарламасы жаратылыстану-математикалық
бағыттағы «Химия», «Физика», «Биология», «География» пәндерін қисынды түрде сабақтас-
тырады. Жалпы орта білім деңгейіндегі қоғамдық-гуманитарлық бағытта жаратылыстану
«Физика», «Химия», және «Биология» пәндерін кіріктіреді (2-кесте).
Негізгі орта білім беру деңгейінде жаратылыстануды оқудың мақсаты оқушыларды
жаратылыстану ғылымы тұрғысынан табиғат
пен қоғамның өзара байланысы, табиғаттағы
заңдылықтардың біртұтастығы туралы білім, ұғым, түсінік қалыптастыру және білімдерін
күнделікті өмірде кездесетін табиғат құбылыстары мен үдерістерін түсіндіру,
сипаттау,
болжау үшін қолдану дағдысын дамытуға бағытталған. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін
төмендегі міндеттерді шешу көзделеді:
-
әлемнің қазіргі заманғы жаратылыстану ғылымы тұрғысынан қалыптасқан бейнесі мен
жаратылыстану ғылымдарының әдістері туралы білім негіздерін қалыптастыру;
жаратылыстанудың техника мен технология дамуына елеулі ықпал еткен маңызды
идеяларымен, жетістіктерімен таныстыру;
–
білімдерін қоршаған әлем құбылыстарын түсіндіру үшін қолдану және БАҚ, интернет
ресурстары, арнайы және ғылыми-көпшілік әдебиеттен алынған жаратылыстану ғылымына
қатысты және өмірлік маңызы бар ақпаратты қабылдау дағдыларын меңгеру;
118
-
қарапайым зерттеу жүргізу, құбылыстарды талдау, жаратылыстану ғылымына қатысты
ақпаратты қабылдау және түсіндіру үшін зияткерлік,
шығармашылық қабілеттерін, сын
тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту;
-
өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету, заманауи технологияларды сауатты пайдалану,
денсаулық пен қоршаған ортаны қорғау үшін күнделікті
өмірде жаратылыстану ғылымы
бойынша білімдерін қолдану дағдыларын дамыту (Оқу бағдарламасы, 5-6-сыныптар).
Қоршаған ортада әртүрлі құбылыстар мен үдерістер болып жатады, олардың көпшілігі
химия ғылымы түсіндіретін заңдар мен заңдылықтарға бағынады. Химия пәні оқушыларға
Жерде адамның тiршiлiк әрекетiне өте маңызды көптеген табиғи заттар бар екендігін және
табиғат байлықтарына ұқыпты қарау қажеттiлiгiн түсiнуге мүмкiндiк бередi.
Бұл пән
оқушыларға заттардың әртүрлілігі мен олардың өзгерістерінің маңыздылығын түсінуге
көмектеседі; жаңа заттарды алу мүмкіндіктерін аша отырып, оқушыларды қоршаған ортаның
экологиялық жағдайын берілген мәліметтер негізінде нақты бағалауға үйретеді. Химия
оқушылардың дүниетанымын дамытуда, әлемнiң тұтас ғылыми бейнесін қалыптастыруда
маңызды орын алады. Мектепте химияны оқу оқушыларды қоршаған ортада болып жатқан
химиялық құбылыстардың мәнiн түсiнуге жетелейді.
Химия оқушылардың сыни және
сындарлы ойлауын, сонымен қатар көптеген эксперименттік және тәжірибелік дағдыларын
дамыта отырып, проблеманы шешуде шығармашылдық тәсілдерді қолдануды қолдайды. Бұл
пәнді оқу барысында оқушылардың зертханалық құрал-жабдықтарды қолдану және
Достарыңызбен бөлісу: