«білім берудегі 4к моделі: теория мен әдістеме» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік



Pdf көрінісі
бет72/138
Дата08.10.2023
өлшемі2.86 Mb.
#480116
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   138
Bilim-berudegi-4K-zhina-y

Дәріс-сабақ. Мектептегі дәріс-сабақ оқушылармен кіріспе сұхбаттан басталып, тексеру 
сұхбатымен аяқталады. Дәріс жаңа ақпарат көзі болуы мүмкін. Мектеп тәжіирбесінде шолу, 
алдыңғы өткен материалдарды жүйелеу және қорытындылау дәрістері қолданылады.
Әңгіме әдісі оқу жұмысының сұрақ-жауап түріне жатады. Әңгіме – оқытудың диалогтық 
әдісі, мұғалім оқушыларға мұқият ойластырылған сұрақтарды жүйелі қою арқылы олардың 
жаңа оқу материалын меңгеруіне жағдай жасап, бұрын оқылған материалдарды қалай 
меңгергенін тексереді.
Өздік жұмыс – бұл мұғалімнің бақылауымен қалыптасатын іс-әрекеттері мен 
операциялардан тұратын оқушы қызметінің түрі. Оқушылардың өздік жұмысын ұйымдастыру 
оқытуға зерттеу сипатын береді. Бұл әдістерге кітаппен жұмыс, эксперимент жасау және 
бақылау, оқушылардың графикалық жұмысы, оқытудың техникалық құралдарымен жұмыс, 
жаттығулар орындау және есептерді шешу жатады. Оқушылардың эксперименттік жұмысы 
оқытуда айрықша орын алады, пәнге қызығушылықты арттырады, оқудың мазмұнын 
кеңейтеді. Оқушылардың өздік жұмысы әсіресе 
зертханалық сабақтарда белсенді өтеді
мұнда әңгімелесу әдісі оқушы экспериментімен үйлесім табады.
Оқушы эксперименті – бұл өздік жұмыстың бір түрі. Ол оқушыларды жаңа ұғымдармен, 
білік, дағдылармен таныстыру құралы болумен қатар, олардың өз білімін тексерудің тиімді 
тәсілі болып табылады. Оқушы эксперименті зертханалық тәжірибелер мен тәжірибелік 
сабақтарға жіктеледі.
Модельдеу. Әдіс бойынша қандай да бір құбылысты зерттеу үшін оның оқушылар 
қарастыратын балама моделі жасалады. Модельдік түсініктер микроәлем объектілерін зерттеу 
кезінде пайдаланылады. Мысалы, электронды бұлтты жасап көрсету электронның моделі 
ретінде қызмет етеді. Модельдеу шынайы құбылыстардың баламалы көрінісін құру, жасалған 
модельді логикалық талдау және қарама-қайшы фактілер туындаған кезде модельді қайта 


120 
жасау үшін қажет. Объектіні зерттеудің бұл әдісі объектінің жекелеген жақтарын/тұстарын 
немесе қасиеттерін зерттеуге мүмкіндік береді. Модельді жасау кезінде адам негізгі ақпаратты 
көзбен көру арқылы алатынын ескеру керек, сондықтан бірінші кезекте «көзге көрінетін» 
модельдер ұсынылуы тиіс. Модель сезілетін, яғни материалды болғаны дұрыс; бұл зерттелетін 
үдеріс/құбылыс туралы қосымша ақпарат алу мүмкіндігін береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   138




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет