131
АБАЙДЫҢ АҚЫНДЫҚ ӘЛЕМІ
1.Өлеңге Абайдың қойған талабы
Өлең сөздің патшасы – сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.
Бөтен
сөзбен былғанса сөз арасы,
Ол ақынның
білімсіз, бишарасы.
Іші алтын, сырты күміс сөз
жақсысын
Қазақтың келістірер қай баласы?!
2.Өлеңнің адам өміріндегі орны
Туғанда дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен жер қойнына кірер денең.
Өмірдегі қызығың
бәрі өлеңмен,
Ойласаңшы бос қақпай елең-селең.
Достарыңызбен бөлісу: