«білім берудегі 4к моделі: теория мен әдістеме» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік



Pdf көрінісі
бет76/138
Дата08.10.2023
өлшемі2.86 Mb.
#480116
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   138
Bilim-berudegi-4K-zhina-y

Жеке жұмыс және оқу 

Бағалау марапаттауға ғана емес, қалыптастырушы мақсатта болуы тиіс және нақты 
бағалау критерийлеріне бағдарлануы тиіс. 

Сараланған бағалау критерийлерін алдын ала хабарлаңыз. 

Әрекет ету стилін өзгертіп отырыңыз және оқушыларға шамадан тыс қысым жасауға жол 
бермеңіз. 

Оқушылардың өзін-өзі бағалауын ынталандырыңыз, өзін-өзі бағалауға арналған 
парақшаларды қолданыңыз. 

Пән аясында оқушылардың өз бетінше оқуы мен пәнді меңгеруін қадағалаңыз. 

Күтілетін жоғары нәтижелерге бағдарлай отырып, есептерді және жаттығуларды 
оқушылардың қабілеттерімен сәйкестендіріңіз. 

Оқушылар жауаптарының ерекше болып, өз бетінше тұжырымдалуын және бастама 
көтеруге ұмтылуын қолдаңыз. 

Зерттеуге негізделген, проблема шешуге бағытталған тәжірибелік тапсырмалар 
дайындаңыз. 

Оқушылардан дербес кері байланыс алуды жоспарлаңыз. 

Барынша кең ауқымдағы тәжірибелік және зерттеушілік тапсырмалар мен жаттығулар 
орындауға мүмкіндік жасаңыз. 

Сабақта АКТ қолдануды жоспарлаңыз. 

Ересек оқушылардың өзінен кіші оқушыларға көмектесуін ойластырыңыз, мысалы, 
тәлімгерлік жасау. 

АКТ-ның тиісті дәрежеде қолжетімді болуын қамтамасыз етіңіз. 
Ширату жаттығулары 

Тізбектелген сабақтар топтамасын өткізу барысында зерттеулерді жоспарлаңыз. 

Ширату жаттығуларын өткізу үшін оқушыларды таңдап алыңыз. 


125 

Түрлі деңгейдегі жаттығуларда және есептеулерде белгілі бір ортақ мақсаттың 
қарастырылуын қадағалаңыз. 

Жұпта және топта тиімді жұмыс істеу мүмкіндіктерін ескере отырып, жұптық жұмыстар 
мен шағын топтағы жұмысты қолданыңыз. 

Түсінуді нақтылау үшін ережелерге немесе үлгілерге сәйкес кері байланыс болжамдаңыз. 

Жоғары деңгейлі ойлау дағдыларын қажет ететін тапсырма беріңіз немесе мысал 
келтіріңіз. 

Сараланған немесе ашық сұрақ қойыңыз. 

Тұжырым жасаңыз және оның дұрыстығын дәлелдеуді сұраңыз. 

«Сіздің бұлай ойлауыңызға не себеп болды?» деген сұрақ түрлерін қолданыңыз. 

Белгілі бір физикалық заңдылыққа негізделген жаттығулар тізбегін өткізіңіз. 

Қабілетті оқушылардан нақты тапсырманы орындауға қажетті дағдыларды 
тұжырымдауын сұраңыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   138




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет