Топ болып талқылау
-
Оқушыларды мәселемен таныстырып қана қоймай, оған түсініктеме беруге
ынталандырыңыз.
-
Олардың рөлдері бойынша өздерін таныстырып, жұмыстары бойынша есеп беру
мүмкіндіктерін пайдаланыңыз.
-
Оқушыларға кері байланыс үшін өздерінің ескертпелерін жазып отыруды ескертіңіз.
-
Оқушылардың кері байланыс үшін әртүрлі мерзімдерді белгілеуіне рұқсат етіңіз.
-
Тиісті лексика мен терминологияны қолдана отырып, меңгерілген тақырыпты
қарастыруға назар аударыңыз.
-
Күрделі міндеттерді шешіңіз.
-
Оқушылардың өздерінің оқуы туралы ойланатынына көз жеткізіңіз.
-
Күрделі (маңызды) идеялар туралы түсінік қалыптастырыңыз.
-
Оқушылардың қабілеттері жағынан ұқсас сыныптастарымен бірлесе жұмыс істеуіне
мүмкіндік беріңіз.
-
Топтық ықшам талқылау ұйымдастыруды қарастырыңыз.
Математика сабағында топтық және жұптық жұмыс аясында, сондай-ақ бүкіл сынып
орындайтын жұмыста бағытталған оқыту мен өзара қарым-қатынастың маңызы зор. Сабақтың
басым бөлігінде оқушыларды «тұтас топ» болып жұмыс істеуге жұмылдыру олардың
мұғаліммен қарым-қатынасын барынша арттырып, әр оқушының ұзақ уақыт бойы өзара
әрекет етуден мүмкіндігінше пайда көруге септігін тигізеді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. 2016-
2017 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу
үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы. Әдістемелік нұсқау хат. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы
Ұлттық білім академиясы, 2016. – 258 б.
2.
Аймауытұлы Ж. (1929). Комплекспен оқыту жолдары (Мұғалімдерге, қайталама курстарға, тәрбие
техникумдарына көмек). Қазақ баспасы.
3.
«Математика», «Алгебра» және «Геометрия» пәндері бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру
курсының білім беру бағдарламасы.Мұғалімге арналған нұсқаулық «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ
Педагогикалық шеберлік орталығы, 2016;
4.
Мұғалімдердің біліктілігін арттыру бағдарламасы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ
Педагогикалық шеберлік орталығы, 2016;
5.
Әлімов А., Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері.– Алматы, 2013. – 448 б;
126
Достарыңызбен бөлісу: |