Білім берудегі менеджмент Тақырып Менеджмент басқару ғылымы ретінде


Екінші басқарушылық революция (ақсүйек-әкімшілік)



бет3/32
Дата27.10.2023
өлшемі3.41 Mb.
#481652
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
Менеджмент

2. Екінші басқарушылық революция (ақсүйек-әкімшілік)

Басқару саласындағы екінші революция біріншісінен кейін шамамен мың жылдан кейін орын алып, халықтың түрлі әлеуметтік топтары арасындағы алуан түрлі қоғамдық қатынастарды реттеу үшін мемлекетті басқару заңдарының жиынын өңдеген вавилондық патша Хаммурапидің (б.з.д. 1792-1750 жж.) есімімен байланысты болды. Осы заңдар бойынша басқарудың ақсүйектік стилі енгізіліп, бақылау күшейтіліп, жұмыстардың орындалуы үшін жауапкершілік арта түсті. Бұл басқарудың микро деңгейдегі емес, макродеңгейдегі, яғни тұтастай ел шеңберіндегі сапалы жаңа деңгейі еді. Сондықтан екінші басқарушылық революцияны әдетте «ақсүйек-әкімшілік» деп атайды.

2. Екінші басқарушылық революция (ақсүйек-әкімшілік)

3. Үшінші басқарушылық революция (өндірістік-құрылыстық)

Менеджменттегі үшінші басқарушылық революция «өндірістік-құрылыстық» революция ретінде танымал, себебі ол мемлекеттік басқару әдістерін өндіріс және құрылыс саласындағы іс-әрекетті бақылаумен біріктіруге бағытталған. Ол әлемнің Вавилон мұнарасы, аспалы бақтар сияқты жеті кереметтерінің кейбіреулерінің ғана авторы болып табылмай, сонымен қатар тоқыма фабрикаларында және астық қоймасындағы өндірістік бақылау жүйесін енгізген ІІ Навуходоносордың (б.з.д. 605-562 жж.) басқару кезеңінде жүзеге асты.

4. Төртінші басқарушылық революция (кәсіптік басқарудың туындауы)

Басқару туралы ілім үнемі даму үстінде болады. Жаңа бағыттар, мектептер, ағындар қалыптасып, ғылыми аппарат өзгеріп, жетілдіріліп, зерттеушілер мен олардың көзқарастары өзгереді. Уақыттың ағынымен менеджерлер бағдарларды өз ұйымының қажеттіліктерінен олардың қоршаған ортасындағы басқару тәсілдерін зерттеуге өзгертті. Олардың бірі өздерінің басқарушылық мәселелерін өткен кезеңдерде әрекет еткен тәсілдермен шешсе, ал екіншілері басқаруға қатысты неғұрлым жүйелендірілген тәсілдемелерді қолданды. Олардың жеке-дара табыстары мен сәтсіздіктері бүгінгі менеджерлер үшін жақсы сабақ болуы мүмкін.

5. Бесінші басқарушылық революция («рационалды немесе оңтайлы бюрократия тұжырымдамасы»)

  • Сонымен, менеджменттегі алғашқы революция Көне Шумерде бизнесмен-абыздардың пайда болуына, іскерлік жазба және калькуляциялауға жауап ретінде жазба өнерінің туындауына әкелді. Мың жылдан кейін Вавилон патшасы Хаммурапидің есімімен байланысты екінші революция орын алды. Ол басқарудың таза ақсүйектіктің стилінің мысалына айналды. Басқарудағы үшінші революцияны ІІ-ші Хавуходоносордың басшылық етуімен байланыстыруға болады. Оның басты қорытындысы – реттеудің мемлекеттік жоспарлау әдістерін өндірістік іс-әрекетпен біріктіру. Төртінші революция да баршамызға таныс, ол капитализмнің туындауымен және еуропалық өркениет дамуының индустриалды үдерісінің басталуымен сәйкес келді.
  • ХІХ ғасырдың соңы – ХХ ғасырдың басында орын алған бесінші басқарушылық революция бюрократиялық революция ретінде танымал. Оның теориялық негізі – «рационалды бюрократия» тұжырымдамасы. Оған ірі иерархиялық құрылымдарды қалыптастыру, басқарушылық еңбектің бөлінуі, нормалар мен стандарттарды енгізу, менеджерлердің лауазымдық міндеттері мен жауапкершіліктерін заңдастыру тән.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет