Зертханалық жұмысты орындау тәртібі
Құрал-жабдықтар, реактивтер. Центрифуга; 100 мл домалақ түпті, ұзын мойынды кері холодильник орнатылған колба; 200 мл-ге стакан; 50 мл-ге цилиндр; шыны құйғын; шыны таяқша: сынауықтар; сыра ашытқысы; 0,4%-дық және 10%-дық натрий гидроксиді; 10%-дық сірке қышқылы; лакмус қағазы; тұз қышқылы (конц.); 1%-дық мыс сульфаты; Миллон реактиві; орцин реактиві; флороглюцин ерітіндісі; фелинг сұйығы; аммиак (конц.); 1%-дық күміс нитраты; аммоний молибдаты; магнезиалдық қоспа; диэтил эфирі; 10%-дық күкірт қышқылы.
Рибонуклеопротеиндерді алу үшін наубайханалық сығымдалған ашытқыны, бірақ одан да сыра ашытқысын алған жақсы, алғашында ұзақ уақыт ашытқысынан ағын сумен жуады, кейін бюхнер құйғысында сүзеді.
10 г ашытқыны түйгіште 2 мл эфир мен 2 мл судың қоспасымен араластырып, 5 г құм қосып мұқият түйгілейді, езілген массаға аздаған үлестермен 40-50 мл 0,4%-дық натрий гидроксидінің ерітіндісін қосады. Түйгілеуді тағы 15-20 мин бойы жалғастырады. Содан кейін тұнбаны не сүзеді, немесе, ең жақсысы, центрифугалап бөледі. Центрифугатты стақанға құйып, оған аздаған үлестермен (0,5 мл) 10%-дық сірке қышқылын (5-6 мл) лакмус бойынша әлсіз сілтілік орта түзілгенше қосады. Алынған нуклеопротеиндердің тұнбасын центрифугалап бөледі.
Нуклеопротеиндердің гидролизі.
Рибонуклеопротеиндердің қарапайым ыдырау тәсілінің бірі оларды 1 сағат бойы 100°С -да 10%-дық күкірт қышқылының ерітіндісінде қыздыру болып табылады. Ең алдымен нуклеопротеидтердің ақуыздар мен нуклеин қышқылдарына ыдырауы жүреді. Әрі қарай ақуыздар амин қышқылдарына дейін гидролизденеді, бірақ бұл жағдайларда ақуыз гидролизі мардымсыз болады. Рибонуклеин қышқылдары бұл жағдайларда пиримидин нуклеотидтерін түзеді, пуриндік нуклеотидтер пуриндерге, рибоза мен фосфор қышқылына дейін ыдырайды.
Гидролиз үшін колбаға (кері ауа тоңазытқышымен) нуклеопротеиндердің тұнбасын салады да оған 30 мл 10%-дық күкірт қықылының ерітіндісін құяды. Колбаны оған орнатылған ауа тоңазытқышы (ұзындығы 70 см және диаметрі 0,7-08 см түтік) бар тығынмен жабады да, қоспаны торда 1 сағат бойы әлсіз қайнауды ұстана отырып, қайнатады Гидролизатты сүзіп, мөлдір ерітіндіде ақуыздардың, пентозаның, пуриндік негіздердің және фосфор қышқылының бар екенін анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |