Биохимия пәні бойынша зертханалық жұмыстар орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар



бет9/35
Дата20.10.2023
өлшемі0.8 Mb.
#481293
түріНұсқаулар
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   35
МУ БИОХИМИЯ КАЗ

Жалпы мағлұматтар
Ақуыздардың құрамына әртүрлі амин қышқылдарының радикалдары кіреді, сондықтан ақуыздар көптеген қосылыстармен (қышқылдармен, металл иондарымен, спирттермен және т.б.) әрекеттеседі, сондай-ақ олармен еріткіштің (судың) молекулалары үшін таласқа түседі. Көп жағдайларда, осы үрдістердің нәтижесінде ақуыздар тұнбаға түседі.
Зертханалық жұмысты орындау тәртібі


Құрал-жабдықтар, реактивтер. Ақуыз ерітіндісі; химиялық шыны сынауықтар жинағы; қағаз фильтрлер; шыны құйғыш; аммо­ний сульфаты; уксусная кислота 1%-дық және 10%-дық; сірке қышқылы; натрий хлориді (қаныққан); 10%-дық натрий гидроксиді; азот, тұз, күкірт және сірке қышқылдары (конц.); 5%-дық үшхлорсірке қышқылы; 2%-дық сульфосалицил қышқылы; 5%-дық мыс сульфаты; 5%-дық қорғасын ацетаты; 10%-дық таннин; калий йодидіндегі сынап йодидінің ерітіндісі; 5%-дық тұз қышқылы; 5%-дық калий гексациано-(Ш)-ферраты; фенол (қанық..); формалин; этил спирті; 10%-дық натрий вольфраматы; күкірт қышқылы.
Ақуыздарды аммоний сульфатымен шаймалау
Сынауыққа 1,5 мл ақуыз ерітіндісін құйып, бірдей көлем аммоний сульфатының қаныққан ерітіндісін қосады, қоспаны ақырын сілкілей араластырады. Глобулиндердің тұнбаға түсуінен лай пайда болады. Лай сұйықты құрғақ қабатты сүзгімен сүзеді.
Қыздырғанда ақуыздардың ұюы
Сынауыққа 5 тамшы ақуыз ерітіндісін құйып, қыздырады. Нәтижесінде тұнба түсуін бақылайды. Ақуыздар қыздырғанда, Белки при нагревании денатурацияланып, тұнбаға түседі.
Ақуыздарды концентрленген минералды қышқылдармен тұндыру
Үш құрғақ сынауыққа 1 мл-ден концентрленген азот, күкірт және тұз қышқылдарын құяды. Содан соң әр сынауықты қисайта отырып, аса сақтықпен сынауық қабырғасының бойымен оларға тамшуыр арқылы 0,5 мл-ден зерттелетін ақуыз ерітінділерін, қышқылмен араласып кетпейтіндей етіп, құяды. Екі сұйықтың жанасу жерінде ақуыздың ақ аморфты тұнбасы түседі. Азот қышқылының әсер етуінен түскен тұнба сынауықты сілкігенде ұлғая түседі, ал тұз және күкірт қышқылдарымен әсер етуден түскен тұнбалар олардың артық мөлшерлерінде еріп кетеді.
Желатин минералды қышқылдармен тұнбаға түспейді.
Концентрленген минералды қышқылдар ақуыздарды қайтымсыз тұнбаға түсіреді. Бұл ақуыз молекулаларының дегидратациясымен де, ақуыздың денатурациясымен де байланысты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет