Биохимия пәні бойынша зертханалық жұмыстар орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар


Зертханалық жұмысты қорғауға арналған сұрақтар



бет20/35
Дата20.10.2023
өлшемі0.8 Mb.
#481293
түріНұсқаулар
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   35
МУ БИОХИМИЯ КАЗ

Зертханалық жұмысты қорғауға арналған сұрақтар:
1.Ферментативті реакция жылдамдығына қандай факторлар әсер етеді?
2. Ферментативті реакция жылдамдығы ортаның рН-ына қалай тәуелді?
3.Сілекей амилазасы үшін қай рН мәні оңтайлы болып табылады?
4.Неліктен қышқылды немесе сілтілі ортада амилаза ферментінің белсенділігі төмендейді?
10 Зертханалық жұмыс
Тақырыбы: АКТИВАТОРЛАР МЕН ИНГИБИТОРЛАРДЫҢ
ФЕРМЕНТТЕРДІҢ БЕЛСЕНДІЛІГІНЕ ӘСЕРІ
Жұмыстың мақсаты: Сілекей амилазасы үшін қандай зат активатор, қайсысы ингибитор болып табылатынын эксперимент жүзінде анықтау.
Жалпы мағлұматтар
Температура мен рН -тан басқа ферменттердің белсенділігіне ерітіндіде жүретін бірқатар химиялық қосылыстар үлкен әсер етеді. Олардың біреулері ферменттердің белсенділігін арттырады (активаторлар), басқалары, керісінше, басыңқы әсер көрсетеді (ингибиторлар немесе парализаторлар). Ферменттерге активаторлар болатын химиялық қосылыстарға тұздардың көпшілігі Na+, Mg+2, Mn+2, Co+2 және т.б. жатады. Ингибиторлар есебінде кейбір «геминдік» ферменттерді басып тастайтын көгерткіш қышқылдың тұздары (цианидтер), спирттік және сүт қышқылдық ашуды тоқтататын монойодсірке қышқылы, бірқатар экстераздарды қайтымсыз бейактивтендіретін фосфорорганикалық қосылыстар саналады.


Зертханалық жұмысты орындау тәртібі


Активаторлар мен парализаторлардың сілекей амилазасына әсері
Құрал-жабдықтар, реактивтер. 40°С-қа термостат; сынауықтарымен зертханалық штатив; 50 мл-лік бюреткалар (2 дана); 1 мл-лік тамшуырлар (4 дана); сүзілген сұйытылмаған сілекей; 0,5%-дық крахмал; 3%-дық калий йодидіндегі 0,3%-дық йод; 1%-дық натрий хлориді; 3%-дық калий йодидіндегі 0,3%-дық йод; 1%-дық мыс сульфаты.
Штативке үш қатар етіп 36 сынауықты орналастырып, әрбір қатардың сынауықтарын нөмірлеп шығады. Бюреткадан барлық сынауықтарға 1 мл-ден су құйып шығады, содан соң әрбір қатардың бірінші сынауықтарына — 1 мл -ден сүзілген сұйытылмаған сілекей құяды. Сынауықтар ішіндегілерді жақсылап араластырады. Әрі қарай әрбір қатардағы 1-сынауықтан 1 мл қоспаны әрбір қатардың 2-сынауықтарына құяды, араластырады, қайтадан олардан 1 мл қоспаны 3-сынауықтарға құяды және т.с.с. 12-сынауықтарға дейін құйып шығады, одан араластырғаннан кейін 1 мл сұйықтықты төгіп тастайды.
Бірінші қатардың барлық сынауықтарына 1 мл-ден су қосады (бақылаулық қатар); екінші қатардың сынауықтарына — 1 мл-ден натрий хлоридінің ерітіндісін және үшінші қатардың сынауықтарына — 1 мл-ден мыс сульфатының ерітіндісін қосады. Әрі қарай барлық сынауықтарға бюреткадан 2 мл-ден крахмал ерітіндісін квлесі ретпен құяды: алдымен әрбір қатардың 1-сынауықтарына, содан кейін әрбір қатардың екінші сынауықтарына және т.с.с. Сынауықтардың ішіндегілерді араластырады да сынауықтарымен штативті 40°С термостатқа 15 мин-қа қояды. Салқындатқаннан кейін олардың әрқайсысына калий йоидіндегі йод ерітіндісінің бір тамшысын қосады. Әрбір қатардағы крахмалға реакция теріс болған сынауықтардың нөмірін белгілеп алады. Йодпен реакциясы теріс бақылау сынамаларының сұйылту дәрежесін зерттеліп отырған эффекторлар бар сәйкес сынамалардың сұйылту дәрежелеріне бөле отырып, активатордың (NaCl) немесе ингибитордың (CuSO4) сілекей амилазасының әсерін неше есеге арттыратынын немесе тежейтінін есептейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет