Биохимия пәні бойынша зертханалық жұмыстар орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар


Ақуыздарды биурет реакциясының көмегімен анықтайды. орцин флороглюцин Пентозаны



бет13/35
Дата20.10.2023
өлшемі0.8 Mb.
#481293
түріНұсқаулар
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   35
МУ БИОХИМИЯ КАЗ

Ақуыздарды биурет реакциясының көмегімен анықтайды.



орцин флороглюцин


Пентозаны (рибозаны) орцинмен немесе флороглюцинмен реакциясы ойынша (немесе фелинг сұйығында мыстың тотықсыздану жолымен) б анықтайды. 1 мл реактивке (орцин немесе флороглюцин) гидролизаттың жарты көлемін, 1 мл конц. тұз қышқылын қосады да, қайнағанша қыздырады. Бірінші жағдайда жасыл, екіншіде қызғылт-қызыл түс пайда болады.
20%-дық тұз қышқылымен қыздырғанда рибоза дегид­рацияланып, фурфуролға айналады:



Соңғысы орцинмен немесе флюороглюцинмен түсті қосылыстар түзіп конденсацияланады. Дезоксирибоза бұл реакцияны көрсетпейді.
Пуриндік негіздерді олардың күміс оксидінің аммиактағы ерітіндісімен реакциясы арқылы анықтайды. 5 тамшы гидролизатқа тамшылатып аммиактың күшті ерітіндісін лакмус бойынша сілтілік орта түзілгенше құяды да, бірдей көлем алдын ала дайындалған күміс оксидінің аммиактағы ерітіндісін қосады. Біртіндеп пуриндік негіздердің күміс тұздарының тұнбасы түзіледі.
Фосфор қышқылын аммоний молибдатының көмегімен анықтайды.
5 тамшы аммоний молибдатының азот қышқылындағы ерітіндісіне 1 мл зерттелетін ерітіндіні қосады. Қоспаны аздап қыздырады. Аммоний фосфоромолибдатының (NH4)3PO4 ∙ 12MoO3 сары-жасыл тұнбасы түзіледі.


Зертханалық жұмысты қорғауға арналған сұрақтар:



  1. Нуклеин қышқылдары ұғымын түсіндір.

  2. Табиғи нысандардан нуклеин қышқылдарын бөлу әдістері.

  3. РНҚ түрлері, олардың құрылымы мен қызметтері (т-РНК, м-РНК, р-РНК, в-РНК и я-РНК).

  4. ДНҚ. ДНҚ құрылысы, құрылымы мен қызметі.

  5. Әртүрлі ағзалардағы ДНҚ мен РНҚ рөлі.



Өздік жұмыс үшін тапсырмалар

    • ДНҚ мен РНҚ үшін нуклеозидтер мен нуклеотидтерді құрастыру және оларға ат беру.

6 Зертханалық жұмыс




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет