Биохимия пәні бойынша зертханалық жұмыстар орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар


Зертханалық жұмысты қорғауға арналған сұрақтар



бет21/35
Дата20.10.2023
өлшемі0.8 Mb.
#481293
түріНұсқаулар
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   35
МУ БИОХИМИЯ КАЗ

Зертханалық жұмысты қорғауға арналған сұрақтар:
1.Ферменттердің белсенділігіне активаторлар мен ингибиторлар қалай әсер етеді?
2.Сілекей амилазасы үшін қандай зат активатор, ал қандай зат ингибитор болып табылады?
3.Бәсекелі және бәсекелі емес тежеу деген не? Мысалдар келтір.

12 Зертханалық жұмыс


Тақырыбы: АМИЛАЗАНЫ САНДЫҚ АНЫҚТАУ
(ВОЛЬГЕМУТ БОЙЫНША)
Жұмыстың мақсаты: Сілекей амилазасының сұйылту шегін тәжірбие жүзінде анықтау.
Жалпы мағлұматтар
Әдіс амилаза ерітіндісінің стандартты жағдайларда крахмалдың белгілі бір мөлшерін эритродекстриндерге дейін әлі де ыдырaуы жүретін сұйылту шегін анықтауға негізделген.
Зертханалық жұмысты орындау тәртібі


Құрал-жабдықтар, реактивтер. 40°С-қа термостат; сынауықтарымен зертханалық штатив; 50 мл-лік бюреткалар (2 дана); 1 мл-лік (4 дана), 2 мл мен 5 мл тамшуырлар; саңырауқұлақ амилазаларының препараты; 1%-дық натрий хлоридіндегі 1%-дық крахмал; 3%-дық калий йодидіндегі 0,3%-дық йод; 10%-дық күкірт қышқылы; 3%-дық калий йодидіндегі 0,3%-дық йод.
0,2 г саңырауқұлақ амилазаларының препаратын 5 мл 37°С-та қыздырылған сумен араластырып, 5 мин шайқайды және термостатта 2 сағат арасында шайқап қойып 37°С температурада инкубаторлайды. Тұнбаны сүзіп, бөліп алып тастайды, ал саңырауқұлақ амилазаларының тартындысын жұмысқа пайдаланады. 12 сынауықты нөмірлеп, әрқайсысына 1 мл-ден су су қосады. Әрі қарай 1-сынауыққа 1 мл саңырауқұлақ амилазаларының тартындысын қосып, жақсылап араластырады. Содан кейін 1-сынауықтың ішіндегі қоспаның 1 мл -ін 2-сынауыққа ауыстырады. 2-сынауықтағы сұйықтықты жақсылап араластырады, оның 1 мл-ін 3-сынауыққа ауыстырады және т.с.с. Соңғы 12-сынауықтан 1 мл сұйықты төгіп тастайды. Әрбір сынауыққа 2 мл-ден 1%-дық крахма­л ерітіндісін қосады. Барлық сынауықтарды 37°С -тағы термостатқа 30 мин -қа қояды, содан соң оларға 1 мл-ден 10%-дық күкірт қышқылын (ферменттің әсерін тоқтату үшін) және 1-2 тамшы калий йодидіндегі йодтың ерітіндісін қосады. Бақылау нәтижелерін көк, қызыл және сары түстерді «к»,«қ» және «с» әріптерімен белгілеп, кестеге енгізеді.
Қандай сұйытылғанда крахмалдың толық гидролизі жүргенін белгілейді, яғни өзінен кейін қызыл-күлгін түсті сынауық келетін (толық емес гидролиз) сары түсті реакция бар сынауықты анықтайды.

Кесте 3





Сынауықтарда тартындыларды сұйылту (1-12)

1/2
(1)

1/4
(2)

1/8
(3)

1/10
(4)

1/32
(5)

1/64
(6)

1/128
(7)

1/256
(8)

1/512
(9)

1/1024
(10)

1/2048
(11)

1/4096
(12)

Ерітінді түсі





































Табылған шекара 7 мен 8 сынауықтардың арасында жатыр дейік (яғни 7 сынауықта ерітінді сары түске бояған). Сұйылту шамасын (бұл жағдайда 128) 2-ге (тәжірибедегі крахмал ерітіндісінің мл мөлшері) көбейтіп, берілген ерітінді үшін амилазалық санды аламыз: 128∙2 = 256, яғни 1 мл сұйытылмаған тартындыдағы саңырауқұлақтық амилазалармен 256 мл %-дық крахмал ерітіндісінің ыдырауы іске асты.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет